Ашу
Басты бет Барлық жаңалықтар Өзекті мәселелер – өңір  басшысының назарында

Өзекті мәселелер – өңір  басшысының назарында

24.01.2023
27

Биыл облыстық қоғамдық кеңес алғашқы отырысын өткізді. Басқосуда былтырғы жұмыс қорытындысы, кеңестің әлеуметтік  мәселелерді шешудегі рөлі, алдағы жоспар жөнінде айтылды. Кеңес отырысына облыс әкімі Нариман Төреғалиев қатысты.

2022 жылы облыстық қоғамдық кеңестің 15 отырысы мен 11 төралқа жиыны өткен. Жалпы 70 нормативтік-құқықтық акт қаралған. Кеңесте көтерілген сұрақтар егжей-тегжейлі талқыланып, тиісті шешімдер қабылданып қана қоймай, жауапты құрылымдарға жолданған. Мемлекеттік құрылымдар жұмысының есептері де осы жерде тыңдалған. Цифрлық қызмет, жұмыспен қамту, денсаулық, білім, көші-қон салаларының өзекті мәселелері және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыру жайы да қоғамдық кеңес мүшелерінің бақылауында болған. Десе де, қоғамдық кеңестің қызметіне немқұрайлы қарайтын мекемелер бар екен. Ол жөнінде облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Ербол Салықов айтты.

– Қоғамдық кеңестер мемлекеттік құрылымдардың кейбір нормативтік-құқықтық актілерін отырыстың күн тәртібінен шығармауға құқығы бар. Ал әділет құрылымдары қоғамдық кеңесте қаралған құжатты тіркемейді. Ұсыныс жолдаған күннің өзінде де талқыға түскен жобаның бір әрпі де өзгертілместен қабылданатынын тәжірибе көрсетіп отыр. Былтыр Астана қаласында өткен қоғамдық кеңестердің республикалық мәжілісіне қатысқанымызда, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлінің алдында осы және өзге де мәселелерді айтып, ұсыныс-пікірімізді ортаға салдық, – деді Ербол Ғұмарұлы.

Кей ауыл-аудандарда қоғамдық кеңес мүшелерінің тиісті іссапар шығындары қарастырылмапты. Соған қарамастан қоғамдық кеңес қызмет жасауын бәсеңдетпеді. Жиналыста қоғамдық кеңестердің арнайы кеңселері, қызмет көліктері жоқ екені, жалақыларының мардымсыз екені де айтылды. Одан бөлек басқосуда өңір тұрғындары үшін маңызды мәселелер қозғалды. Облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі Нұрлан Сәдір Орал мен Атырау арасына теміржол салу, сонымен қатар қала маңындағы «Құс фабрикасы» саяжайына инфрақұрылым тарту  мәселелерін көтерді.

– «Құс фабрикасына» ауылдан қалаға қоныс аударған ағайын көп көшіп келді. Қала орталығынан баспана, жер алатын мүмкіндігі болмағандықтан, сол саяжайдан арзан жер алып үй салды. Тұрғындар электр жарығын, көгілдір отынды жоғары тарифпен тұтынып отыр. Ол жерге аурухана немесе емхана салу қажет. Жол салуға да қаражат дұрыс бөлінбейді. Мектеп те жоқ. Себебі ол жер әлі күнгесаяжай ретінде тіркеуде тұр, – деді облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі Нұрлан Сәдір.

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев Орал мен Атырау арасына теміржол салу ойда болғанымен, оны іске асыру оңай емес екенін айтты. Ақжайық ауданындағы Сәтимолла кен орнын игеруге инвесторлар тартылса, аталған мәселені сол арқылы шешуге күш салатынын жеткізді. Егер бұл мәселе шешімін табар болса, Оралдан шыққан теміржол Индерге дейін жетіп, әрі қарай Индер – Мақат  теміржолына қосылмақ. Бірақ бұл – күрмеуі  шешіле  қоймаған мәселе.

– «Құс фабрикасының» жайы – өткір мәселе. Тұрғындар жылдар бойы биліктен жауап күтіп жүр. Бірақ «Жеті рет өлшеп, бір рет кесу» қағидасын ұстануға тиіспіз. Осы саяжай қауымдастығының қордаланған түйткілді мәселелері әзірге шешілмейді. Бүгін-ертең деп бос уәде бермейік. Облысымыздағы басқа да мәселелерге қаржы жеткізе алмай, Үкіметтен қолдау-көмек сұрап отырмыз. Саяжайға жол салу, одан да басқа инфрақұрылым желілерін жеткізу керек. Жалған уәде беріп, халықтың алдында ұятқа қалмайық. «Барды бар, жоқты жоқ» деп айтатын уақыт келді. Сондықтан әзірше ол жақта тұрып жатқан ағайынға жағдай жасай алмаймыз. Ашығы сол. Оған облыстық қана емес, республикалық бюджеттің қауқары жетпеуі мүмкін, – деді облыс әкімі.

Кеңесте одан бөлек өңірдегі білім, мәдениет нысандарының құрылысы мен күрделі жөндеудегі іркілістер, мердігерлердің жауапсыздығы, абаттандыру мен жарық мәселелері көтерілді. «Былтыр құрылыс жобасы, жөндеу жұмысы, су құбырын тарту, бөгет салу сияқты жұмыстарды орындауға миллиард теңгеден астам ірі мемлекеттік сатып алулар жасалған. Біз барлығын талдап, сізге көрсеткіміз келеді. Бұл мәселелерге біржақты қарауға болмайды. Өйткені кей нысан жобасы қате болса, қайсыбіріне бөлінген қаражат уақтылы бөлінбейді. Мердігерлердің жауапсыздығынан бөлек, жобалық-сметалық құжаттама жасайтын мамандардың құрылыс орнына бармай, мекемеде отырып жүргізетін сметалық есебі көп іске кедергі келтіруде», – деді  облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі Бауыржан  Ахметжан.

Жиын соңында кеңесте көтерілген барлық мәселе маңызды екенін айтқан өңір басшысы бірлесіп қана  ортақ шешім табуға болатынын  айтты.

27.09.24

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңестің отырысы оздырылды. Кеңес отырысын төраға Е.Салықов жүргізіп, жиынға  облыстық Қоғамдық кеңестің 21 мүшесі, БАҚ өкілдері,…
09.09.24

Қоғамдық кеңестің төралқа отырысы өтті

Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңес төралқа отырысын, кеңес төрағасы Ербол Салықов ашып, жүргізді. Жиынға төралқа мүшелері және атқарушы органдар басшылары…
03.09.24

Жолдауды қолдау – ел өркендеуінің негізі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын жасады. Мемлекет басшысы…
29.08.24

Құрметті отандастар, барша халайық!

Сіздерді мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Ата Заң — халқымыздың ғасырлар бойы тәуелсіз ел болуын…
09.08.24

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңесінің отырысы оздырылды. Кеңес отырысын төраға Ербол Салықов жүргізді. Кеңеске облыс әкімінің орынбасары Тілепберген Каюпов, облыстық…
19.07.24

Елімізде АЭС салу мәселесі бойынша жария талқылау өтті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылғы бірінші қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Болашақта әлі талай қоғамдық…
05.07.24

Қадірлі жерлестер!

Сіздерді Ұлттық домбыра күні мерекесімен құттықтаймыз! Домбыра – қазақ халқының өте ертеден және кең тараған, нағыз табиғи ұлттық музыкалық, қасиетті…
05.07.24

Құрметті жерлестер!

Сіздерді Астана күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Астана – тәуелсіз еліміздің жемісі, Қазақстанның зор қуаты мен бұла күші. Бұл – отандастарымыздың…
01.07.24

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Жуырда Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңесінің отырысы оздырылды. Кеңес отырысын төраға Е.Салықов жүргізді. Жиынға облыстық Қоғамдық кеңестің 22 мүшесі, облыстық…
28.06.24

Құрметті Бұқаралық ақпарат құралдары саласының қызметкерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Бүгінгі күні еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары азаматтық қоғамның құрамдас бөлшегі ретінде билік пен бұқараның…
20.06.24

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ОЗДЫРЫЛДЫ

Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңесінің отырысы оздырылды. Кеңес отырысын төраға Е.Салықов жүргізді. Жиынға облыстық Қоғамдық кеңестің 24 мүшесі, облыстық басқарма…
30.05.24

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңестің отырысы оздырылды. Кеңес отырысын төраға Е.Салықов жүргізіп, жиынға облыстық Қоғамдық кеңестің 22 мүшесі, БАҚ өкілдері,…
09.05.24

Құрметті батыс қазақстандықтар!

Сіздерді адамзат тарихында ұмытылмас із қалдырған Ұлы Отан соғысының аяқталған күні – Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл күн…
07.05.24

Құрметті батысқазақстандықтар!

Отан қорғаушы күні құтты болсын! Қазақ елінің шекарасы берік, іргесі нық, келешегі кемел болғай! Халқымыздың бақ-дәулеті арта бергей! Еліміз амандық,…
01.05.24

Ардақты ағайын, қадірлі жерлестер!

Баршаңызды Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймыз! Бұл — ұйымшылдыққа ұйысқан ұлттың, бір шаңырақ астында татулықты ту еткен этнос өкілдерінің береке-бірлігін…
29.04.24

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Жуырда Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті. Төраға Е.Салықов жүргізген жиынға 24 облыстық Қоғамдық кеңестің мүшесі мен облыс әкімінің…
07.04.24

ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!

Еліміздің бірқатар өңірінде күрделі жағдай қалыптасып отырған қазіргі кезеңде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың су тасқыны салдарынан қалыптасқан ауыр жағдайға байланысты…
Директорға сұрақ қойыңыз
* - Талап етілетін өрістер
[contact-form-7 id="2093" title="Contact form 1 - Kz"]