Ашу
Басты бет Барлық жаңалықтар "ƏДІЛ МЕМЛЕКЕТ - БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ"

«ƏДІЛ МЕМЛЕКЕТ – БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ»

03.10.2022
69

Осындай атаумен облыстық Қоғамдық кеңес жанындағы диалог алаңының отырысы өткізілді. БҚО Қоғамдық кеңесінің төрағасы Ербол Салықов ашып, жүргізген іс-шараға аталған консультатативтік-кеңесші, байқаушы құрылымға жуырда «Жария» тəуелсіз бақылаушылардың батысқазақстандық қозғалысы» қоғамдық бірлестігінің атынан жазылған өтініш хат негіз болды. Онда ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауын ұйымдастыру мен өткізуге жауапты азаматтармен жүздестіру жəне кейбір мəселелерді алдын ала талқылау ұсынылды. БҚО Қоғамдық кеңесі саяси науқанның ашықтығы мен əділ өтуіне ел тағдырына бейжай қарамайтын əрбір азаматтың араласуы қажеттігін ескеріп, мүдделілік танытты. Диалог алаңының отырысына облыстық мəслихат хатшысы Бибігүл Қонысбаева, облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Ғайса Қапақов, облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Ерлан Ғалиев, облыстық жəне қалалық Қоғамдық кеңес мүшелері мен мəслихат депутаттары, өңірде тіркелген саяси партиялар мен «Жария» қоғамдық бірлестігінің жəне басқа да қоғамдық ұйымдардың көшбасшылары қатысты.

Облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Ғайса Қапақов баспасөз беттерінде өңірдегі 505 сайлау учаскесінің тізімі мен шекарасы туралы толық мәліметтің жарияланғанын жеткізді.

– Сайлауды əділ əрі ашық өткізуге бəріміз мүдделіміз. Қазір учаскелердегі дайындық пысықталып жатыр. Жасыратыны жоқ, кейде жекелеген комиссия мүшелерінің заң нормаларын жете білмеуінің салдарынан түрлі бұзушылық тіркеліп жатады. Сондықтан оларды оқытуға ерекше көңіл бөліп отырмыз. Бұл жұмыстар 5 қазанда басталып, айдың аяғына дейін жалғасады. Кейін комиссия мүшелерін тестілеуден өткізуді көздеп отырмыз. Мұның бəрі дауыс беру, дауыс санау, жалпы сайлауға қатысты барлық үдерістің заң талаптарына сай өткізілуі үшін ұйымдастырылып отыр, – деді Ғайса Хамедулаұлы.

«Жария» тəуелсіз бақылаушылардың батысқазақстандық қозғалысы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бекнұр Сражанов ой-пікірді ортаға салуға мүмкіндік беретін ашық алаң ұсынғаны үшін облыстық Қоғамдық кеңеске ризашылығын жеткізді. Жиналғандар сайлаудың ашықтығын қамтамасыз етуге қатысты бірқатар сұрақ қойып, ұсыныс білдірді. Мəселен, барлық сайлау учаскесін бейнебақылау камераларымен қамту, байқаушылардың заңды мүдделері мен құқықтарын қорғауды күшейту, оларға кедергі келтіргендерді заң аясында жауапкершілікке тарту жұмыстарын жетілдіру сияқты өтініш-тілектер айтылды.

Жариялықтар аудандық аумақтық жəне учаскелік сайлау комиссиясы мүшелерінің сауатын арттыруды, олармен заңнамалық түсіндіру жұмыстарын жандандыруды сұрады.

Диалог алаңы отырысын облыстық Қоғамдық кеңестің төрағасы Ербол Салықов қорытындылады.

– Облыстық Қоғамдық кеңес елдік мəселеге қатысты əрбір азаматпен диалог орнатуға əзір. Қоғамдық бірлестіктің өтінішін құп алып, кездесіп отырғандағы мақсатымыз да – келелі кеңес арқылы барлық тараптың айтар ойын тыңдау, ортақ талқыға салу. Бүгін бірқатар маңызды ұсыныстар көтерілді. Біз заң аясында тиісті құрылымдарға ұсынымдарымызды жолдаймыз. Бастысы, бір-біріміздің азаматтық ұстанымымыз бен ой-пікірімізге құрметпен қарайық. Баршаңызға белсенділік танытқандарыңыз үшін рақмет!, – деді Ербол Ғұмарұлы.

09.05.23

Қадірлі батысқазақстандықтар!

Баршаңызды өзімнің және облыстық қоғамдық кеңес мүшелерінің атынан Жеңістің 78 жылдығымен құттықтаймын! Отан үшін от кешкен қаһарман ұрпақтың қайсарлығы мен…
07.05.23

Құрметті батысқазақстандықтар!

Сіздерді Отан қорғаушы күні мерекесімен құттықтаймыз! Қарулы Күштердің қуаты, әскеріміздің әлеуеті арта берсін! Ақылды да білімді, білекті де жүректі Отан…
01.05.23

Қадірлі батысқазақстандықтар!

Баршаңызды Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен құттықтаймыз! Бұл мейрам – достықты дәріптеп, ауызбіршілікті арттыратын, бірлігімізді бекемдеп, ерік-жігерімізді еселейтін ерекше күн….
21.04.23

Қадірлі жерлестер!

Күллі мұсылман қауымы үшін ұлық мерекенің бірі – Ораза айт құтты болсын! Қасиетті Рамазан айындағы барлық дұға-тілек қабыл болғай! Еліміз…
10.04.23

БҚО қоғамдық кеңесінің төралқа отырысында 3 мәселе қаралды.

Жиынға облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Ербол Салықов төрағалық етті. Алдымен облыстық мәслихат аппаратының басшысы Әділ Жоламанов мекеменің «Б» корпусы мемлекеттік…
10.04.23

БҚО қоғамдық кеңесінің мүшесі Біржан Кухаевтың облыстық «Орал өңірі» қоғамдық-саяси газетінде жарияланған пікірі.

БҚО қоғамдық кеңесінің мүшесі Біржан Кухаевтың облыстық «Орал өңірі» қоғамдық-саяси газетінде жарияланған пікірі. #БҚОқоғамдықкеңесі #президентсөзі
05.04.23

БҚО қоғамдық кеңесінің отырысында биылғы бюджетті нақтылау мәселесі қаралды.

БҚО қоғамдық кеңесінің отырысында биылғы бюджетті нақтылау мәселесі қаралды.
24.03.23

БҚО қоғамдық кеңесінің жанындағы аумақтық даму жəне бюджет мəселелері бойынша комиссияның отырысында 2025 жылға дейінгі облыстық бюджет туралы шешімге өзгерістер енгізу мəселесі қаралды.

БҚО қоғамдық кеңесінің жанындағы аумақтық даму жəне бюджет мəселелері бойынша комиссияның отырысында 2025 жылға дейінгі облыстық бюджет туралы шешімге өзгерістер…
21.03.23

ҚАДІРЛІ БАТЫСҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР!

Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – əз Наурызбен құттықтаймыз! Наурыз – жаңа күн, жыл басы. Бұл – ескі жылды ой елегінен…
22.02.23

БҚО қоғамдық кеңесінің төралқа мүшесі Айгүл Есекенованың төрағалығымен консультативтік-кеңесші, байқаушы құрылымның төралқа отырысы өткізілді.

Онда 3 мəселе қаралды. Алдымен «Діни әдебиетті жəне діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы…
17.02.23

БҚО қоғамдық кеңесінің төрағасы Ербол Салықов түрлі салада еңбек етіп жатқан белсенді жастармен жүздесті.

Іс-шараны облыстық қоғамдық кеңестегі жастар мəселелері жəне қоғамдық мониторинг жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Біржан Кухаев ашып, жүргізді. Алдымен жиналғандарға облыстық…
01.02.23

Облыстық қоғамдық кеңес отырысының күн тəртібінде 6 мəселе қаралды.

Соның ішінде облыстық қоғамдық кеңестің мемлекеттік сатып алу аясындағы құрылыс-жөндеу жұмыстарының сапасына жүргізген мониторингінің қорытындысы туралы баяндамалар тыңдалып, мəселе жан-жақты…
01.02.23

Аймақтағы барлық деңгейдегі қоғамдық кеңестер өз қызметін дербес жүзеге асырғанымен, өңірдегі өзекті мəселелерді шешу жолында өзара тəжірибе алмасып, байланыс орнатып отырамыз.

Аймақтағы барлық деңгейдегі қоғамдық кеңестер өз қызметін дербес жүзеге асырғанымен, өңірдегі өзекті мəселелерді шешу жолында өзара тəжірибе алмасып, байланыс орнатып…
01.02.23

Облыстық қоғамдық кеңестің былтырғы жұмысы қорытындыланған отырысына аймақ басшысы Нариман Төреғалиев қатысты.

Облыстық қоғамдық кеңестің былтырғы жұмысы қорытындыланған отырысына аймақ басшысы Нариман Төреғалиев қатысты. Жиында өңірдегі өзекті мəселелер көтеріліп, облыс əкіміне бірқатар…
21.01.23

Батыс Қазақстан облысының қоғамдық кеңесінің мүшесі, саясаттанушы Хайдар Қисметұлы Қапанов облыстық «AQJAIYQ» телеарнасының «Дорога жизни» хабарында қонақта болды.

Батыс Қазақстан облысының қоғамдық кеңесінің мүшесі, саясаттанушы Хайдар Қисметұлы Қапанов облыстық «AQJAIYQ» телеарнасының «Дорога жизни» хабарында қонақта болды.
13.01.23

Өкінішке қарай, өңірде құрылысы тұралаған нысандар мен күрделі жөндеу жұмыстары жоспардан ауытқыған жобалар жоқ емес.

Мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру барысында атқарушы құрылымдар мен мердігерлер бірқатар кедергіге кезігетінін де айтып жүр. БҚО қоғамдық кеңесі бұл бағытта…
10.01.23

ЖОСПАР ЖОБАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Батыс Қазақстан облыстық қоғамдық кеңесінің төралқа отырысында консультативтік-кеңесші құрылымның биылғы бірінші жартыжылдыққа арналған жұмыс жоспарының жобасы жан-жақты талқыланды. Сондай-ақ, осы…
Директорға сұрақ қойыңыз
* - Талап етілетін өрістер
[contact-form-7 id="2093" title="Contact form 1 - Kz"]