Астана қаласында «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін – азаматтық қоғам дамуының басты бағыты» атты Қазақстанның Азаматтық форумы басталды. Биыл XI мәрте ұйымдастырылған жиын екі күнге жоспарланған. Алдымен қатысушылардың назарына үкіметтік емес ұйымдар жүзеге асырған әлеуметтік маңызды жобалардың көрмесі ұсынылды. Форум аясында халықаралық конференция, қоғамдық кеңестер институтын дамытудың түрлі тетіктері талқыланатын диалог алаңы өткізіледі. Батысқазақстандық делегаттар қатарында облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Ербол Салықов, облыстық қоғамдық кеңес мүшелері Алтынай Искалиева мен Біржан Кухаев бар.
