Аймақтағы барлық деңгейдегі қоғамдық кеңестер өз қызметін дербес жүзеге асырғанымен, өңірдегі өзекті мəселелерді шешу жолында өзара тəжірибе алмасып, байланыс орнатып отырамыз. Кейінгі уақытта мемлекеттік сатып алу аясындағы құрылыс-жөндеу жұмыстарының сапасын мониторингілеу іс-шараларына аудандардағы əріптестер де үлес қосып келеді. Мысалы, Шыңғырлау мен Қазталов ауданындағы қоғамдық кеңестегі əріптестеріміз құрылыс түйткілдерін талқыға салған отырысы туралы сюжетті назарларыңызға ұсынамыз!
