Баршаңызды өздеріңіздей асыл жандардың құрметіне арналған шуақты мерекемен шын жүректен құттықтаймыз!
Қарға тамырлы қазақ халқы əлімсақтан əйел затына айрықша құрметпен қараған. Жұмақты ананың табанының астынан іздеп, оттан да ыстық Отанды, тал бесігінде тербеткен туған жерді Анаға теңеуіміз тегін емес. Ал қыз баланы қашанда ұлттың ұяты, халықтың шырайы деп бағалаймыз.
Бүгінгі таңда əйелдер қауымы тұрмыста түтінін түзу түтетіп, түрлі салада жемісті еңбек етіп келеді. «Əйел жүрегі – əлем тірегі» десек, нəзік жандылардың ерік-жігері, парасат-пайымы отбасы берекесін арттыруда ғана емес, ұлттың ұйытқысы болуда, қай істе де қоғамды алға жетелеуде жаңа күш, тың серпін отыр. Солай бола да бермек.
Аяулы да ардақты жандар!
Өмірдің мəні мен сəні – өздеріңіз. Əлем Сіздермен əдемі. Көктемдей құлпырып, жаздай жайнап, айналаға шуақ шашып, бақытқа бөлей беріңіздер! Осынау мерекеде дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке, толайым табыс тілейміз! Шуақты мереке шаттық сыйласын!
