Ашу
Басты бет Барлық жаңалықтар «АРДАН АТТАМАҒАННЫҢ АБЫРОЙЫ БИІК БОЛАДЫ»

«АРДАН АТТАМАҒАННЫҢ АБЫРОЙЫ БИІК БОЛАДЫ»

08.06.2022
168

Мемлекеттік қызмет – мәртебелі міндет. Ал мемлекеттік қызметші – мемлекеттің айнасы. Жоғары лауазымды тұлғадан бастап қатардағы қызметкердің жүріс-тұрысы, іс-әрекеті мен мінез-құлқы тұтастай алғанда мемлекеттік қызметтің имиджіне тікелей әсер етеді. Сондықтан, еңбек жолы осы салада өрілген әрбір адамның жауапкершілік жүгін жете сезінгені абзал. Осы орайда өңірде мемлекеттік қызмет саласында жемісті еңбек етіп, бай тәжірибе жинақтаған аға буын өкілдерінің жергілікті атқарушы құрылым қызметкерлерімен кездесулері ұйымдастырылып жатыр. Сондай іс-шараның бірінде БҚО Қоғамдық кеңесінің төрағасы Ербол Салықов мемлекеттік қызметшілермен кездесіп, дәріс оқыды. Атап айтқанда облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, облыстық құрылыс басқармасы, облыстық жер қатынастары басқармасы, облыстық мемлекеттік сәулет және құрылыс қадағалау басқармасы, облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасы, облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының ұжымы алдында еңбек жолынан жан-жақты мысалдар келтіре отырып, өмір тәжірибесімен бөлісті.

Өмірінің отыз жылға жуық уақытын мемлекеттік салаға арнаған Ербол Ғұмарұлы сөз басында өзінің қанатын қатайтып, бағыт-бағдар берген тұлғалардың тәлімі мен тағылымын тілге тиек етті. «Замана дидары қалай құбылса да, мемлекеттік қызметшілерге, жалпы әрбір азаматқа қойылатын басты талап өзгермейді, ол – тәрбие. Тәрбие ұшқан ұяда, өскен ортада қалыптасып, ұжымда беки түсуі керек. Біреудің ала жібін аттамау, адалдық туын жықпай еңбек ету – әрқайсымыздың құбылмайтын қағидамызға айналуы керек. Адалдық жүрген жерде адамдық жүреді. Ал ала жіпті аттамағанның абыройы аласармайды», – деді Ербол Ғұмарұлы. Ол қоғамның дертіне айналған жемқорлықты жеңу жолындағы шешуші фактор адамның сана-сезімі, бойға жиған тәрбиесі екеніне ерекше тоқталды. «Қытайдағыдай қатаң жаза ғана «жегіқұртты» жоюдың жалғыз жолы болса аспан асты елінде ардан аттайтын адам қалмас еді… Мәселе – әр адамның тұлғалық қасиетінде, тәрбиесінде дер едім. «Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді» демекші, мемлекеттік қызметтің атына кір келтіретін бірен-саран азаматтар үшін тұтастай салаға деген қоғамның көзқарасы қалыптасып жатыр. Баршаңызға жауапкершілік жүгін жіті сезініп, абыройлы қызмет етулеріңізге тілекшімін», – деп түйіндеді Ербол Ғұмарұлы.

Кездесу барысында облыстық Қоғамдық кеңестің жұмысы жөнінде де жан-жақты ақпарат берілді. Консультативтік-кеңесші, байқаушы құрылымның бастамасымен мемлекеттік қызмет сапасына жүргізілген мониторинг қорытындысы айтылып, кей салалардағы «әттеген-айлар» да сөз болды.

30.11.23

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Кеше Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңестің отырысы оздырылды. Кеңес отырысын төраға Е.Салықов жүргізіп, жиынға 23 облыстық Қоғамдық кеңестің мүшелерімен, облыс…
30.11.23

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕ ҮШ МӘСЕЛЕ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Облыстық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өткізілді. Күн тәртібінде өзекті мәселелер, атап айтқанда 2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджет пен ҚР Әлеуметтік…
21.11.23

Болашаққа басталған қадамдар жүзеге асуда

2019 жылдың 19 наурызында Н.Назарбаев Қазақстан Республикасы Президенті өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдады. Мемлекет басшысының міндетін атқару ҚР Парламенті сенатының…
17.11.23

Құрметті Ауыл шаруашылығының азаматтары, барша әріптестер!

Сіздерді Қазақстан Республикасында қарашаның үшінші жексенбісінде атап өтілетін еліміздің Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күнімен өзімнің және облыстық Қоғамдық кеңес мүшелерінің атынан…
19.10.23

«МӘЖІЛІСТІҢ ЕСІГІ ӘРДАЙЫМ АШЫҚ»

«Біз өз тарапымыздан азаматтық қоғам өкілдерімен, үкіметтік емес ұйымдармен тығыз жұмыс істеп келеміз. Мәжілістің есігі сіздерге әрдайым ашық. Қоғамның барлық…
18.10.23

«Бүгінгі алқалы жиынның аясы кең.

Біз халықаралық деңгейде диалог алаңын ұйымдастыру арқылы жан-жақты пікір алысамыз». Дәстүрлі форумда сөз алған Қазақстанның Азаматтық Альянсының президенті Бану Нұрғазиева…
18.10.23

ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің орынбасары Данияр Қадыров форумның ашылуымен құттықтап, сәттілік тіледі.

– Елімізде азаматтық қоғамның әлеуетін арттыру мақсатында кешенді іс-шаралар қолға алынды. Бұл форумның алдында барлық аймақта жиындар өткізіліп, нақты ұсыныстар…
18.10.23

«Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін – азаматтық қоғам дамуының басты бағыты

Астана қаласында «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін – азаматтық қоғам дамуының басты бағыты» атты Қазақстанның Азаматтық форумы басталды. Биыл…
13.07.23

«БАЙҚАУЛАРҒА ӨЗГЕ ӨҢІРЛЕР ҚАТЫСПАСЫН!»

Қазақстанның Азаматтық Альянсы қауымдастығының президенті Бану Нұрғазиевамен кездесуде Орал қалалық қоғамдық кеңесінің мүшесі Светлана Тенишева әлеуметтік тапсырыстарға қатысты ұсыныс білдірді….
13.07.23

«ҰРЫС ҚИМЫЛДАРЫНА ҚАТЫСҚАНДАРҒА ҚОЛДАУ КЕРЕК»

Қазақстанның Азаматтық Альянсы қауымдастығының президенті Бану Нұрғазиевамен кездесуде облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі Мәрлен Иманғалиев Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілген ұрыс…
13.07.23

«ҰСЫНЫСТАР ҰМЫТЫЛМАСА ДЕЙМІЗ»

Қазақстанның Азаматтық Альянсы қауымдастығының президенті Бану Нұрғазиевамен кездесуде облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі Азамат Мусилов жергілікті атқарушы құрылымдардың жұмысын сынға алды….
13.07.23

ӘЛЕУМЕТТІК ТАПСЫРЫСТЫҢ ӘЛЕГІ КӨП

Қазақстанның Азаматтық Альянсы қауымдастығының президенті Бану Нұрғазиевамен кездесуде облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі, «Тұғырым» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Айнұр Арыстанова қоғамдық ұйымдарға…
13.07.23

Жаңалық

«Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар байқауына үкіметтік емес ұйымдармен қатар өзге де ірілі-ұсақты бірлестіктер, тіпті пәтер иелері кооперативтері де қатыса алады. Біздің…
08.06.23

Баптистер заңға неге бағынбайды?..

Жуырда облыстық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Бұл жиында қоғам белсенділері өңірдегі діни ахуалды және облыс әкімдігі-нің мемлекеттік қызмет, білім,…
01.06.23

Ескі жылдың есебі түйінделді

Қоғамдық кеңестің кезекті отырысында 2022 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы туралы есеп тыңдалды. Облыс әкімінің орынбасары Тілепберген Қаюповтың баяндауынша, бюджеттік түсімдер…
Директорға сұрақ қойыңыз
* - Талап етілетін өрістер
[contact-form-7 id="2093" title="Contact form 1 - Kz"]