ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалында «Ашықтық – əділдіктің басты көрсеткіші» тақырыбында пікірталас ұйымдастырылды. Филиал директоры Шынар Ғабдрахманова ашып, жүргізген іс-шараға облыстық Қоғамдық кеңестің мүшесі Біржан Кухаев қатысты. Ол консультативтік-кеңесші, байқаушы органның жұмысы жөнінде ақпарат беріп, елдегі қоғамдық-саяси үдеріске қатысты ой-пікірін ортаға салды.
