Ашу
Басты бет Барлық жаңалықтар Автогрейдер, бульдозер жүргізушілері тапшы

Автогрейдер, бульдозер жүргізушілері тапшы

04.05.2023
25

Жуырда облыстық қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Онда былтырғы білім мен  жол салаларындағы атқарылған жұмыс, бюджет қаржысының игерілу барысы қаралды. Отырысты аталмыш кеңестің  төрағасы  Ербол Салықов жүргізді.

Облыстық білім басқармасының басшысы Айгүл Мыңбаеваның баяндауынша, өткен жылы өңір бюджетінен жоспарланған 142,1 млрд теңгенің 768,4 млн теңгесі игерілмеген. Соның ішінде республикалық бюджеттен және ҚР Ұлттық қорынан бөлінген нысаналы трансферттер – 633,2 млн теңге. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2025 жылға дейін Қазақстанда кем дегенде 1 мың мектеп салынуы тиіс. Басқарма басшысының айтуынша, олардың қатарында облыстағы 77 мектептің тізімі бар. Олардың  51-і – ауылдық жерлердегі шағын құрамды мектеп. ҚПО б. в. компаниясының әлеуметтік міндеттемелері шеңберінде 15 және төтенше жағдайдың салдарынан бұзылған мектептің (Қаратөбе ауданы, Шалғын ауылы) орнына 1 шағын құрамды мектеп салынуда. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында облыста 18 000 орындық 18 мектеп салынады. Тоғыз мектептің құрылысы  биыл  басталады.

– Мен білім саласындағы өзекті мәселелерге де тоқталғым келеді. Бізді өңірдегі саманнан, ағаштан және қамыстан салынған мектептердің жағдайы алаңдатып отыр. Облыста саманнан салынған 48, ағаштан салынған 11 (бастауыш) мектеп бар. Мәселен, былтыр көктемгі су тасқыны кезінде Қаратөбе ауданының Шалғын ауылындағы саманнан салынған мектептің қабырғалары мүжіліп, құлап қалды. ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен облыстық құрылыс басқармасына қосымша ғимараттар немесе жаңа мектептер салу жөнінде хат жолданып, негіздеме берілді. Соңғы жылдары бойынша ауылдық мектептерге қаражат бөлінді де, қалалық білім ұяларын күрделі жөндеу мәселесі назардан тыс қалып қойды, – деді  Айгүл  Әділгерейқызы.

Қоғамдық кеңес мүшелерінің баяндамашыға қойған сауалдары аз болмады. Мәселен, жазушы-журналист Бауыржан Ғұбайдуллин облыстағы мектептердің қанша пайызы сапалы ғаламтормен қамтылғанын, ағаштан салынған неше мектеп барын және олардың қай елді мекендерде орналасқанын сұрады. Орал қаласындағы талай тұлғаны түлеткен дарынды балаларға арналған мамандандырылған №11 С. Сейфуллин атындағы облыстық мектеп-интернат кешенінің әлі күнге дейін толыққанды асханасы жоқ екенін атап өтті.

– Интернет мәселесі облыстық мәслихаттың, қоғамдық кеңестің отырыстарында жиі көтеріліп жүр. Біз облыстық цифрлық технологиялар басқармасына және басқа да құзырлы мекемелерге осы түйткілге қатысты тиісті хат жолдадық. Қазір өңірде білім мекемелерінің 60 пайыздан астамы ғана  сапалы интернетпен қамтылған. Алдағы жылы  №11 мектептің ашылғанына 100 жыл толады. Мектепті күрделі  жөндеу үшін жобалық-сметалық құжат жасақталды. Бірақ қалалық жердегі мектептерге қаражат бөлуді қарастыратын бағдарлама жоқ. Сондықтан бұл мәселе шешімін таппай отыр. Бүгінге дейін ешкім басқармаға келіп, «Мектеп асханасында орын жеткіліксіз» деген мәселені көтермеді. Сондықтан бұл жайтты нақтылап, жауабын кейін беремін, – деді басқарма  басшысы.

Қоғамдық кеңесте жосықсыз мердігерлер, яғни мектеп құрылысын бастап, мерзімінде аяқтамайтын компаниялардың мәселесі айтылды. Себебі өзге өңірлерден келетін кейбір компаниялардың тиянақсыздығынан осы саладағы құрылыс тұрып қалуда. Кеңесте колледждерді күрделі жөндеу мәселесі де көтерілді. Мәселен, Жалпақтал аграрлық және салалық технологиялар колледжінің ғимараты 1904 жылы салынған. Мағауия Исмағұловтың айтуынша, мұндағы жатақхананы 2018 жылы апатты деп таныған акт шығарылған. Ол, ең болмаса, жобалық-сметалық құжат жасауға  қаражат бөлінуін  сұрады.

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Айдар Менеев осы салада атқарылған жұмыстарды баяндады. Былтыр битумның және дизель отынының тапшылығы мен қымбаттауы, инертті материалдарды жеткізетін теміржол вагондарының жетіспеушілігі себепті 7 жоба мерзімінде аяқталмаған. 2022 жылдың соңында 21,0 млрд теңге игеріліп, облыстық және аудандық маңызы бар 246 шақырым жол жөнделген. 3,2 млрд теңге бюджетке кері қайтарылған. Биыл облыста «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы, сондай-ақ «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде 71,4 млрд теңгеге барлық маңыздағы 570 шақырымнан астам жолды жөндеу жоспарланған. Оның ішінде 26,6 млрд теңге облыстық және аудандық маңызы бар аутожолдардың 332 шақырымын жөндеуге бөлінген. Облыстық маңызы бар Барбастау – Ақжайық – Индер (43-93 шақырым учаскесі), Бөрлі-Ақсай-Жымпиты (68-139), Чапай-Жаңақала-Сайқын (130-191) аутожолдарын қайта жаңарту жалғасады. Сол үшін бюджеттен 4 871 млн теңге қарастырылған. Федоровка – Ақсай (58-73) және Тасқала – Аққурай– Болашақ (111-149) автожолдары учаскелерін орташа  жөндеу  аяқталады.

– Биыл облысқа 1931 мың тоннадан астам қиыршықтас қажет. Бұл инертті материалды тасымалдауға 28,0 мың вагон керек. Бүгінгі таңда материалдың қажетті көлемінің 32%-ы жеткізілді. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы Үкіметтерінің арасындағы біздің елге мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер енгізілді. Көрші елден әкетуге тыйым салынған мұнай өнімдерінің тізбесінен мұнай битумы алынып тасталды. Осылайша Ресей битумын сатып алуға қайтадан жол ашылды, – деді басқарма басшысы.

Сырым аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы Асхат Дүйсенғалиев Шымкент – Самара халықаралық жолына қатысты мәселе көтерді. Ол әулие Жұмағазы қазірет – Дәдем ата кесенесінен Сырым ауданының орталығы Жымпитыға дейінгі аралықтағы 60 шақырым және ауылдан ары қарай 20 шақырым жолдың сапасы сын көтермейтінін айтты. Құзырлы мекеме мамандары бұл учаскеде күтіп ұстау шеңберінде ғана жұмыс жүргізілетінін, яғни жолдың жарықтары мен шұңқырлары тегістелетінін мәлімдеді. Қоғамдық кеңес мүшесі Азамат Мусилов облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасында жергілікті жолдардағы құрылысты бақылап, тексеретін мамандардың жетіспейтінін атап өтті. Сондай-ақ ҚПО б. в. компаниясының қаражаты есебінен салынып жатқан нысандарға жергілікті атқарушы билік өкілдерінің тексеріс жүргізе алмайтынын айтты. Ербол Салықұлы бұл мәселелердің маңызды екенін, назарға алынатынын  мәлімдеді.

– Біздің басқармада мамандардың жетіспейтіні рас. Қазір мен, орынбасарым және бір маман ғана қызмет етеміз. Былтыр үш қызметкер қысқартылды. Төрт айдан бері басқарманың бөлім басшысы лауазымына қызметкер таба алмай отырмыз. Аудандардағы бөлімдерде де бірде бір жол маманы жоқ. Сондай-ақ аутогрейдер, бульдозер жүргізушілері де тапшы. Бүгінде арнайы техникаларды тізгіндегендердің көбінің жасы 50-ге жеткен. Осылай жалғаса берсе, болашақта өз ісінің нағыз мамандарын табу қиындайды, – деді Айдар Менеев.

Қоғамдық кеңес отырысының соңында айтылған мәселелер бойынша қарар қабылданды.

13.07.23

«БАЙҚАУЛАРҒА ӨЗГЕ ӨҢІРЛЕР ҚАТЫСПАСЫН!»

Қазақстанның Азаматтық Альянсы қауымдастығының президенті Бану Нұрғазиевамен кездесуде Орал қалалық қоғамдық кеңесінің мүшесі Светлана Тенишева әлеуметтік тапсырыстарға қатысты ұсыныс білдірді….
13.07.23

«ҰРЫС ҚИМЫЛДАРЫНА ҚАТЫСҚАНДАРҒА ҚОЛДАУ КЕРЕК»

Қазақстанның Азаматтық Альянсы қауымдастығының президенті Бану Нұрғазиевамен кездесуде облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі Мәрлен Иманғалиев Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілген ұрыс…
13.07.23

«ҰСЫНЫСТАР ҰМЫТЫЛМАСА ДЕЙМІЗ»

Қазақстанның Азаматтық Альянсы қауымдастығының президенті Бану Нұрғазиевамен кездесуде облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі Азамат Мусилов жергілікті атқарушы құрылымдардың жұмысын сынға алды….
13.07.23

ӘЛЕУМЕТТІК ТАПСЫРЫСТЫҢ ӘЛЕГІ КӨП

Қазақстанның Азаматтық Альянсы қауымдастығының президенті Бану Нұрғазиевамен кездесуде облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі, «Тұғырым» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Айнұр Арыстанова қоғамдық ұйымдарға…
13.07.23

Жаңалық

«Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар байқауына үкіметтік емес ұйымдармен қатар өзге де ірілі-ұсақты бірлестіктер, тіпті пәтер иелері кооперативтері де қатыса алады. Біздің…
08.06.23

Баптистер заңға неге бағынбайды?..

Жуырда облыстық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Бұл жиында қоғам белсенділері өңірдегі діни ахуалды және облыс әкімдігі-нің мемлекеттік қызмет, білім,…
01.06.23

Ескі жылдың есебі түйінделді

Қоғамдық кеңестің кезекті отырысында 2022 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы туралы есеп тыңдалды. Облыс әкімінің орынбасары Тілепберген Қаюповтың баяндауынша, бюджеттік түсімдер…
09.05.23

Қадірлі батысқазақстандықтар!

Баршаңызды өзімнің және облыстық қоғамдық кеңес мүшелерінің атынан Жеңістің 78 жылдығымен құттықтаймын! Отан үшін от кешкен қаһарман ұрпақтың қайсарлығы мен…
07.05.23

Құрметті батысқазақстандықтар!

Сіздерді Отан қорғаушы күні мерекесімен құттықтаймыз! Қарулы Күштердің қуаты, әскеріміздің әлеуеті арта берсін! Ақылды да білімді, білекті де жүректі Отан…
01.05.23

Қадірлі батысқазақстандықтар!

Баршаңызды Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен құттықтаймыз! Бұл мейрам – достықты дәріптеп, ауызбіршілікті арттыратын, бірлігімізді бекемдеп, ерік-жігерімізді еселейтін ерекше күн….
21.04.23

Қадірлі жерлестер!

Күллі мұсылман қауымы үшін ұлық мерекенің бірі – Ораза айт құтты болсын! Қасиетті Рамазан айындағы барлық дұға-тілек қабыл болғай! Еліміз…
11.04.23

«Бюджет қаржысын бөлгенде мұқият болу керек»

Таяуда  облыстық  қоғамдық кеңестің кезекті  отырысы  өтті. Онда   облыстық  мәслихаттың  2022  жылғы 14 желтоқсандағы №16-1 «2023-2025 жылдарға  арналған облыстық бюджет …
10.04.23

БҚО қоғамдық кеңесінің төралқа отырысында 3 мәселе қаралды.

Жиынға облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Ербол Салықов төрағалық етті. Алдымен облыстық мәслихат аппаратының басшысы Әділ Жоламанов мекеменің «Б» корпусы мемлекеттік…
10.04.23

БҚО қоғамдық кеңесінің мүшесі Біржан Кухаевтың облыстық «Орал өңірі» қоғамдық-саяси газетінде жарияланған пікірі.

БҚО қоғамдық кеңесінің мүшесі Біржан Кухаевтың облыстық «Орал өңірі» қоғамдық-саяси газетінде жарияланған пікірі. #БҚОқоғамдықкеңесі #президентсөзі
06.04.23

Бір құжат кері қайтарылып, төрт мәселе мақұлданды

Сейсенбіде облыстық мәслихаттың үлкен залында облыстық қоғамдық кеңестің кеңейтілген отырысы өтті Қоғамдық кеңестің төрағасы Ербол Салықовтың төрағалығымен өткен жиында алдымен …
Директорға сұрақ қойыңыз
* - Талап етілетін өрістер
[contact-form-7 id="2093" title="Contact form 1 - Kz"]