Ашу
Басты бет Барлық жаңалықтар АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМНЫҢ ӘЛЕУЕТІ АРТАДЫ

АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМНЫҢ ӘЛЕУЕТІ АРТАДЫ

27.11.2020
214

Елдегі көшбасшы қоғамдық бірлестіктің құрылтайында қабылданған сайлауалды бағдарламаны өте өзекті мәселелерге ерекше екпін түсірген маңызды құжат деп қабылдадым. Олай болуы заңды да. Өйткені, съез кезінде ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы, Партия Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы айтқандай, əр аймақ, əр аудан, əр ауыл-елдімекеннің мұң-мұқтажы жеке дара ескерілген жергілікті бағдарламалар бұрын-соңды болған жоқ. Айталық, құрылтай қарсаңындағы конференцияларда еліміздің барлық аймағындағы жергілікті мəселелерді жіпке тізіп, арнайы жоспар түзген 216 өңірлік жаңа сайлауалды бағдарлама қабылданды. Ірілі-ұсақты бағдарламаларды негізге ала отырып, республикалық құжат дайындалды. Демек, бас партияның бесжылдық бағдарламасында тек нұротандықтардың емес, тұтас елдің пікірі ескерілді деуге негіз бар.

Өзіміздің өңірге қатысты өзекті мəселе – Жайық өзенінің қазіргі жай-күйі. Мұны қоғамдық кеңестің отырыстарында да бірнеше рет көтергенімізбен, қолымыз қысқа болып отыр… Мемлекет басшысы «Өзгерістер жолы: Əр азаматқа лайықты өмір» атты бағдарламаның басымдықтарына тоқталғанда, бұл мəселені де ерекше атап өтті. Жайық өзені алабының экологиялық жүйесін сауықтыру жөнінде шаралар қабылданатынын айтып, партияның сайлауалды уəдесін берді.

Партияның нақты іс-қимыл жоспарына сəйкес, алдағы бес жылда əр ауылға дейінгі барлық жол, яғни 27 мың шақырым жол жөнделеді. 3,5 мыңнан астам ауыл жаңғыртылады. Ауылдардың 99 пайызы жылдамдығы жоғары 5G интернетімен қамтамасыз етіледі. Межелі мерзімге дейін грант саны 50 пайызға артып, 75 мың жас жоғары білімді тегін алады. Бұл – нақты жоспардың бір парасы ғана.

Президент өз сөзінде мазмұны жағынан мүлде жаңа құжат – Əлеуметтік кодекс əзірленетінін айтты. Кодексте қоғам мен билік арасындағы өзара келісім орнатудың тың тәсілдері көрсетілетінін жеткізді. Жалпы, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атқарушы органның оң имиджін нығайту, халықтың азаматтық белсенділігін арттыру, жергілікті өзін-өзі басқару ісін ілгерілетуге арналған бастамалары көпшіліктің көңілінен шығып жүр. Келер жылдан бастап ауыл әкімдерін сайлаудың жаңа үлгісі, қазына қаржысын халықтық бақылауды үйлестіретін жобалар – сөзіміздің айқын дәлелі.

Келешекте қоғамдық кеңестердің де құзыреті кеңейеді. Азаматтық қоғамның рөлі артқан сайын маңызды мəселелер атүсті емес, ашық алаңдарда жан-жақты зерттеліп, қоғамның қызу талқысынан өтеді. Уақыт талабына сай келетін бұл өзгерістер бəрімізге зор жауапкершілік жүктейді.

Тəуелсіздігіміздің торқалы тойы аталып өтетін алдағы жылды ел өміріндегі ерекше оқиғамен бастағалы отырмыз. Бұл науқанда да саяси мəдениетімізді, ауызбіршілігімізді танытып, азаматтық ұстанымымызды білдірейік! Ең бастысы, тəуелсіздігіміз тұғырлы, береке-бірлігіміз баянды болғай!

Ербол Салықов,

«Nur Otan» партиясы БҚОФ Саяси кеңесі Бюросының мүшесі,

Облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы.

30.11.23

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Кеше Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңестің отырысы оздырылды. Кеңес отырысын төраға Е.Салықов жүргізіп, жиынға 23 облыстық Қоғамдық кеңестің мүшелерімен, облыс…
30.11.23

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕ ҮШ МӘСЕЛЕ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Облыстық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өткізілді. Күн тәртібінде өзекті мәселелер, атап айтқанда 2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджет пен ҚР Әлеуметтік…
21.11.23

Болашаққа басталған қадамдар жүзеге асуда

2019 жылдың 19 наурызында Н.Назарбаев Қазақстан Республикасы Президенті өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдады. Мемлекет басшысының міндетін атқару ҚР Парламенті сенатының…
17.11.23

Құрметті Ауыл шаруашылығының азаматтары, барша әріптестер!

Сіздерді Қазақстан Республикасында қарашаның үшінші жексенбісінде атап өтілетін еліміздің Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күнімен өзімнің және облыстық Қоғамдық кеңес мүшелерінің атынан…
19.10.23

«МӘЖІЛІСТІҢ ЕСІГІ ӘРДАЙЫМ АШЫҚ»

«Біз өз тарапымыздан азаматтық қоғам өкілдерімен, үкіметтік емес ұйымдармен тығыз жұмыс істеп келеміз. Мәжілістің есігі сіздерге әрдайым ашық. Қоғамның барлық…
18.10.23

«Бүгінгі алқалы жиынның аясы кең.

Біз халықаралық деңгейде диалог алаңын ұйымдастыру арқылы жан-жақты пікір алысамыз». Дәстүрлі форумда сөз алған Қазақстанның Азаматтық Альянсының президенті Бану Нұрғазиева…
18.10.23

ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің орынбасары Данияр Қадыров форумның ашылуымен құттықтап, сәттілік тіледі.

– Елімізде азаматтық қоғамның әлеуетін арттыру мақсатында кешенді іс-шаралар қолға алынды. Бұл форумның алдында барлық аймақта жиындар өткізіліп, нақты ұсыныстар…
18.10.23

«Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін – азаматтық қоғам дамуының басты бағыты

Астана қаласында «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін – азаматтық қоғам дамуының басты бағыты» атты Қазақстанның Азаматтық форумы басталды. Биыл…
13.07.23

«БАЙҚАУЛАРҒА ӨЗГЕ ӨҢІРЛЕР ҚАТЫСПАСЫН!»

Қазақстанның Азаматтық Альянсы қауымдастығының президенті Бану Нұрғазиевамен кездесуде Орал қалалық қоғамдық кеңесінің мүшесі Светлана Тенишева әлеуметтік тапсырыстарға қатысты ұсыныс білдірді….
13.07.23

«ҰРЫС ҚИМЫЛДАРЫНА ҚАТЫСҚАНДАРҒА ҚОЛДАУ КЕРЕК»

Қазақстанның Азаматтық Альянсы қауымдастығының президенті Бану Нұрғазиевамен кездесуде облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі Мәрлен Иманғалиев Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілген ұрыс…
13.07.23

«ҰСЫНЫСТАР ҰМЫТЫЛМАСА ДЕЙМІЗ»

Қазақстанның Азаматтық Альянсы қауымдастығының президенті Бану Нұрғазиевамен кездесуде облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі Азамат Мусилов жергілікті атқарушы құрылымдардың жұмысын сынға алды….
13.07.23

ӘЛЕУМЕТТІК ТАПСЫРЫСТЫҢ ӘЛЕГІ КӨП

Қазақстанның Азаматтық Альянсы қауымдастығының президенті Бану Нұрғазиевамен кездесуде облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі, «Тұғырым» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Айнұр Арыстанова қоғамдық ұйымдарға…
13.07.23

Жаңалық

«Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар байқауына үкіметтік емес ұйымдармен қатар өзге де ірілі-ұсақты бірлестіктер, тіпті пәтер иелері кооперативтері де қатыса алады. Біздің…
08.06.23

Баптистер заңға неге бағынбайды?..

Жуырда облыстық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Бұл жиында қоғам белсенділері өңірдегі діни ахуалды және облыс әкімдігі-нің мемлекеттік қызмет, білім,…
01.06.23

Ескі жылдың есебі түйінделді

Қоғамдық кеңестің кезекті отырысында 2022 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы туралы есеп тыңдалды. Облыс әкімінің орынбасары Тілепберген Қаюповтың баяндауынша, бюджеттік түсімдер…
Директорға сұрақ қойыңыз
* - Талап етілетін өрістер
[contact-form-7 id="2093" title="Contact form 1 - Kz"]