Ашу
Басты бет Барлық жаңалықтар БАҒАНЫҢ ШЕКТІ МӨЛШЕРІ БЕЛГІЛЕНЕДІ-АУ, БІРАҚ...

БАҒАНЫҢ ШЕКТІ МӨЛШЕРІ БЕЛГІЛЕНЕДІ-АУ, БІРАҚ…

12.12.2022
53

БҚО қоғамдық кеңесінің төралқа отырысында 4 мәселе қаралды. Облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Ербол Салықовтың төрағалығымен өткен іс-шарада алдымен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының рұқсат етілген мөлшерін бекіту туралы тиісті сала өкілінің хабарламасы тыңдалды. Облыстық кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Бауыржан Сатқалиевтың сөзіне сүйенсек, баға мөлшерін бекіту барысында статистикалық деректер негізге алынады. Бұл жолы арнайы комиссия майлылығы 2,5 пайыз болатын жұқа қаптамадағы айранның құнына қатысты ұсыным дайындаған.

Нарық заманында тауар құнын күшпен ұстауға ұмтылу қисынсыз көрінуі де мүмкін. Қалай десек те, халық күнделікті тұтынатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу – жергілікті биліктің маңызды міндеті. Күн тәртібінде күйіп тұрған мәселеге орай төралқа мүшелерінің сауалы аз болған жоқ. Мысалы, облыстық мәслихат хатшысы Бибігүл Қонысбаева айраннан бұрын ұн, құмшекер және жұмыртқа үшін рұқсат етілген шекті мөлшерді белгілеудің маңыздылығына тоқталды. Өйткені, аталған тауарлар бағасының өсуі салдарынан өзге де өнім түрлерінің өзіндік құны қымбаттайды. Төралқа мүшесі тағы бір маңызды ұсынысқа назар аудартты.

– Жуырда мемлекет басшысының жарлығымен шағын және орта бизнесті тексеруге мораторий 1 жылға ұзартылғаны белгілі. Демек, жергілікті атқарушы орган тарапынан бағалардың шекті мөлшері бекітілгенімен, оны тексеру-қадағалау үдерісі біз ойлағандай болмайды деген сөз. Мүмкін, біз бағасын нақтылап отырған әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларын тексеруге мораторийдің күшін таратпау туралы ұсыным дайындағанымыз дұрыс шығар, – деді Бибігүл Тишанқызы. Облыстық мәслихат хатшысы тауарлардың өндірушіден тұтынушыға дейінгі айналым схемасын зерделеп, жүйелі сараптама жасамайынша, бағаның құбылуы тоқтамайтынын тілге тиек етті.

Облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Ербол Салықов консультативтік-кеңесші, байқаушы құрылым өкілдері тиісті топтарды, қоғам белсенділерін тарта отырып, биыл бұл іске білек сыбана кіріскенін, алайда нәтиженің көңіл көншітпегенін қынжылыспен жеткізді.

– Облыстық қоғамдық кеңес «Ел намысы» арнайы мониторинг тобы, облыстық мәслихат депутаттары, белсенді азаматтармен бірлесіп, облыс орталығындағы бірнеше сауда нысанын аралап, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына зер салды. Мониторинг тобы ірі сауда орындарында да, дүкен-дүңгіршектерде де болды. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде жергілікті атқарушы билікке сауда үстемесі талаптарының сақталмауы, тауарларда баға жапсырмаларының болмауы сияқты заң бұзушылықтар мен ақпараттық-түсіндіру іс-шараларының кем-кетігіне байланысты арыз жолданды. Онда шағым фотодеректермен дәлелденіп берілді. Өкінішке қарай, қала басшысына жолданған арыз бағынысты құрылымдарға допша домалап, ақыр соңында «тексердік, түсіндірдік, қадағалау жұмысы жалғасады» деген жауыр болған жаттанды жауап алдық. Әрине, біз жергілікті билікке мораторий қолбайлау болып отырғанын байқап отырмыз. Бірақ нақты арыз жолданған күннің өзінде ширақ қимылды көре алмағанымыз сенімімізге селкеу түсіріп отыр, – деді Ербол Ғұмарұлы. Облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы тоқсан сайын белгіленіп отырған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының рұқсат етілген шекті мөлшері іс жүзінде тиімділігін танытпаса, келешекте мұндай құжаттарды қарай берудің мәні жоқ екенін хабарламашының қаперіне салды.

ТҰРҒЫНДАР ТАҢДАУЫ – «ҚҰМАҚСАЙ!»

Төралқа отырысында өңірдегі Теректі ауданына қарасты Новопавловка ауылдық округі мен осы аттас ауылды қайта атау туралы мәселе қаралды. Бұл туралы хабарлама жасаған облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының бөлім басшысы Света Ғаниева аймақта ономастикалық атауларды ретке келтіру және идеологиялық тұрғыдан ескірген атауларды ұлттық танымға жақын атаулармен ауыстыру бағытында бірқатар іс-шаралар атқарылғанын айтты. Бұл жолы ол Теректі ауданының Новопавловка ауылдық округін Құмақсай ауылдық округі, Новопавловка ауылын Құмақсай ауылы деп қайта атау туралы облыс әкімдігі мен облыстық мәслихаттың бірлескен қаулы және шешім жобасын таныстырды.

– Қолданыстағы заң талаптарына сәйкес ауыл тұрғындарының жиынында бұл мәселе жан-жақты талқыланды. Тұрғындардың өздері «Құмақсай» атауын таңдап, басым көпшілігі қолдады, – деді Света Қадырбайқызы.

Төралқа мүшелері жобаны бірауыздан қолдап, келешекте де бұл бағыттағы жұмыстардың жүйелі жалғасатынына сенім білдірді.

Жиында Деркөл кентінің Кордон және Ликвино ауылын таратып, Деркөл аумағына қосу туралы мәселе қаралды. Басты себеп – аталған елдімекендердегі тұрғындар өсімінің азаюы. Мысалы, Кордонда күні бүгінге барлығы 21, ал Ликвинода 6 адам тұрады. Екі ауылда да ешқандай әлеуметтік нысан жоқ. Барлық көрсеткіш бойынша қос ауылдың даму мүмкіндігі болмауына байланысты осындай шешім қабылданып отыр. Төралқа мүшелері, сондай-ақ, БҚО әкімдігінің «Өңірдегі орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» қаулысының күші жойылды деп тану туралы мәселені қарады.

09.05.23

Қадірлі батысқазақстандықтар!

Баршаңызды өзімнің және облыстық қоғамдық кеңес мүшелерінің атынан Жеңістің 78 жылдығымен құттықтаймын! Отан үшін от кешкен қаһарман ұрпақтың қайсарлығы мен…
07.05.23

Құрметті батысқазақстандықтар!

Сіздерді Отан қорғаушы күні мерекесімен құттықтаймыз! Қарулы Күштердің қуаты, әскеріміздің әлеуеті арта берсін! Ақылды да білімді, білекті де жүректі Отан…
01.05.23

Қадірлі батысқазақстандықтар!

Баршаңызды Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен құттықтаймыз! Бұл мейрам – достықты дәріптеп, ауызбіршілікті арттыратын, бірлігімізді бекемдеп, ерік-жігерімізді еселейтін ерекше күн….
21.04.23

Қадірлі жерлестер!

Күллі мұсылман қауымы үшін ұлық мерекенің бірі – Ораза айт құтты болсын! Қасиетті Рамазан айындағы барлық дұға-тілек қабыл болғай! Еліміз…
10.04.23

БҚО қоғамдық кеңесінің төралқа отырысында 3 мәселе қаралды.

Жиынға облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Ербол Салықов төрағалық етті. Алдымен облыстық мәслихат аппаратының басшысы Әділ Жоламанов мекеменің «Б» корпусы мемлекеттік…
10.04.23

БҚО қоғамдық кеңесінің мүшесі Біржан Кухаевтың облыстық «Орал өңірі» қоғамдық-саяси газетінде жарияланған пікірі.

БҚО қоғамдық кеңесінің мүшесі Біржан Кухаевтың облыстық «Орал өңірі» қоғамдық-саяси газетінде жарияланған пікірі. #БҚОқоғамдықкеңесі #президентсөзі
05.04.23

БҚО қоғамдық кеңесінің отырысында биылғы бюджетті нақтылау мәселесі қаралды.

БҚО қоғамдық кеңесінің отырысында биылғы бюджетті нақтылау мәселесі қаралды.
24.03.23

БҚО қоғамдық кеңесінің жанындағы аумақтық даму жəне бюджет мəселелері бойынша комиссияның отырысында 2025 жылға дейінгі облыстық бюджет туралы шешімге өзгерістер енгізу мəселесі қаралды.

БҚО қоғамдық кеңесінің жанындағы аумақтық даму жəне бюджет мəселелері бойынша комиссияның отырысында 2025 жылға дейінгі облыстық бюджет туралы шешімге өзгерістер…
21.03.23

ҚАДІРЛІ БАТЫСҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР!

Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – əз Наурызбен құттықтаймыз! Наурыз – жаңа күн, жыл басы. Бұл – ескі жылды ой елегінен…
22.02.23

БҚО қоғамдық кеңесінің төралқа мүшесі Айгүл Есекенованың төрағалығымен консультативтік-кеңесші, байқаушы құрылымның төралқа отырысы өткізілді.

Онда 3 мəселе қаралды. Алдымен «Діни әдебиетті жəне діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы…
17.02.23

БҚО қоғамдық кеңесінің төрағасы Ербол Салықов түрлі салада еңбек етіп жатқан белсенді жастармен жүздесті.

Іс-шараны облыстық қоғамдық кеңестегі жастар мəселелері жəне қоғамдық мониторинг жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Біржан Кухаев ашып, жүргізді. Алдымен жиналғандарға облыстық…
01.02.23

Облыстық қоғамдық кеңес отырысының күн тəртібінде 6 мəселе қаралды.

Соның ішінде облыстық қоғамдық кеңестің мемлекеттік сатып алу аясындағы құрылыс-жөндеу жұмыстарының сапасына жүргізген мониторингінің қорытындысы туралы баяндамалар тыңдалып, мəселе жан-жақты…
01.02.23

Аймақтағы барлық деңгейдегі қоғамдық кеңестер өз қызметін дербес жүзеге асырғанымен, өңірдегі өзекті мəселелерді шешу жолында өзара тəжірибе алмасып, байланыс орнатып отырамыз.

Аймақтағы барлық деңгейдегі қоғамдық кеңестер өз қызметін дербес жүзеге асырғанымен, өңірдегі өзекті мəселелерді шешу жолында өзара тəжірибе алмасып, байланыс орнатып…
01.02.23

Облыстық қоғамдық кеңестің былтырғы жұмысы қорытындыланған отырысына аймақ басшысы Нариман Төреғалиев қатысты.

Облыстық қоғамдық кеңестің былтырғы жұмысы қорытындыланған отырысына аймақ басшысы Нариман Төреғалиев қатысты. Жиында өңірдегі өзекті мəселелер көтеріліп, облыс əкіміне бірқатар…
21.01.23

Батыс Қазақстан облысының қоғамдық кеңесінің мүшесі, саясаттанушы Хайдар Қисметұлы Қапанов облыстық «AQJAIYQ» телеарнасының «Дорога жизни» хабарында қонақта болды.

Батыс Қазақстан облысының қоғамдық кеңесінің мүшесі, саясаттанушы Хайдар Қисметұлы Қапанов облыстық «AQJAIYQ» телеарнасының «Дорога жизни» хабарында қонақта болды.
13.01.23

Өкінішке қарай, өңірде құрылысы тұралаған нысандар мен күрделі жөндеу жұмыстары жоспардан ауытқыған жобалар жоқ емес.

Мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру барысында атқарушы құрылымдар мен мердігерлер бірқатар кедергіге кезігетінін де айтып жүр. БҚО қоғамдық кеңесі бұл бағытта…
10.01.23

ЖОСПАР ЖОБАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Батыс Қазақстан облыстық қоғамдық кеңесінің төралқа отырысында консультативтік-кеңесші құрылымның биылғы бірінші жартыжылдыққа арналған жұмыс жоспарының жобасы жан-жақты талқыланды. Сондай-ақ, осы…
Директорға сұрақ қойыңыз
* - Талап етілетін өрістер
[contact-form-7 id="2093" title="Contact form 1 - Kz"]