Қазақстанның Азаматтық Альянсы қауымдастығының президенті Бану Нұрғазиевамен кездесуде Орал қалалық қоғамдық кеңесінің мүшесі Светлана Тенишева әлеуметтік тапсырыстарға қатысты ұсыныс білдірді.
– Біріншіден, үкіметтік емес ұйым мен коммерциялық емес ұйымның ара жігін ажырату керек. Екіншіден, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарға өзге өңірлердің өкілдерін қатыстыруды шектеу керек. Бұлай жалғастыруға болмайды. Айдаладағы адамдар лот ұтады да, жобаларды жүзеге асыра алмай, ақыр аяғында нысаналы топтар зардап шегеді», – деді Светлана Владимировна.