Ашу
Басты бет Барлық жаңалықтар «БАСТЫ МІНДЕТ – ЕЛ-ЖҰРТТЫҢ АРМАН-ТІЛЕГІН, ӨКПЕ-РЕНІШІН БИЛІККЕ ЖЕТКІЗУ»

«БАСТЫ МІНДЕТ – ЕЛ-ЖҰРТТЫҢ АРМАН-ТІЛЕГІН, ӨКПЕ-РЕНІШІН БИЛІККЕ ЖЕТКІЗУ»

16.07.2022
165

Осыдан тура бір ай бұрын тарихы тереңде жатқан Ұлытау облысында ел-жұрттың назарын аударған алқалы жиын өтті. Жуырда облыстық Қоғамдық кеңестің кеңейтілген отырысында ҚР Президентінің Жарлығымен Ұлттық Құрылтайдың құрамына енген жерлесіміз, ақын-жазушы, облыстық «Орал өңірі» қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы, БҚО Қоғамдық кеңесінің мүшесі Бауыржан Ғұбайдуллин ауқымды жиынның мән-маңызына тоқталды. Ол Ұлттық құрылтай мүшелерінің басты міндеті ел-жұрттың мұрат-мақсатын, арман-тілегін, өкпе-ренішін билікке жеткізу екенін айтты.

– Ұлттық құрылтайдың басты миссиясы – билік пен халық арасында ашық диалог орнату. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы кең көлемді баяндамасында бұл міндетті бірлесе атқарсақ қана жемісті болатынына жан-жақты тоқталды. Еліміздің әрбір аймағынан жиылған Ұлттық Құрылтайдың мүшелеріне жұртшылықпен жиі жүздесіп, берік байланыс орнатуды тапсырды. Жазушы, журналист ретінде біз осыған дейін де қоғам өкілдерімен тұрақты байланыстамыз. Дегенмен, Ұлттық құрылтай мүшесі болу жауапкершілік жүгін еселей түседі, – деді Бауыржан Файзоллаұлы.

Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысында ұйымдастыру сипаты басым болатыны түсінікті. Дегенмен, жер-жерден жиылған белсенді азаматтар ой-пікір білдіріп, ұсыныс-тілегін айтуға асығатыны анық. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың алдында өзекті мәселелерді қаузап, азаматтық көзқарасын жеткізген санаулылардың сапында Ұлттық құрылтай мүшесі Бауыржан Ғұбайдуллин де бар.

– Ең біріншіден, шекараға таяу елдімекендерде халық санының азайып бара жатқанына алаңдаушылық білдірдім. Соған сәйкес, облыстың, ауданның ішкі аумағында орналасқан елдімекендерге қарағанда шекара шебіндегі елдімекендердің барлық мәселесін, атап айтқанда су, жол, көгілдір отын, қажет мамандарды тарту тағы басқа түйткілдерді бірінші кезекте шешудің маңыздылығына тоқталдым. Қаржылық мүмкіндік болса, шекарада тұрып, халық шаруашылығының әр саласында қызмет етіп жатқан отандастарымызға шекаралық коэффициент қосу керектігін құлаққағыс еттім, – деді ол.

Тәуелсіздік алғаннан бері мемлекет құраушы ұлттың діни әркелкілікке ұрынғанына, бұл қасіретті қаңтар оқиғасының да бір факторы екеніне қынжылыс білдірген Ұлттық құрылтай мүшесі Президентке біртұтас ұлт, біртұтас мемлекет болып қалу үшін халықты қайтадан дәстүрлі исламның аясына жинаудың маңызын, яғни діни біртектілікті мемлекеттік биліктің қамтамасыз ету қажеттігін жеткізген. Бауыржан Файзоллаұлы бұл өте ұзаққа созылатын үрдістің күрделі сипатта болу қаупін де жоққа шығармайды. Дегенмен, оның ойынша, мемлекет құраушы ұлт ретінде қазақ халқының діни әркелкілікке ұрынуы кейінге қалдырған сайын ушыға түседі.

– Ата-бабамыз «бос жатқан жер жау шақырады» деген мәтелді әбден аузы күйгеннен кейін, басына тигеннен кейін айтқан деп ойлаймын. Бос жатқан жерді тек малға емес, ең бастысы, алдымен елге, халыққа толтыру керек. Ол үшін әрине демографиялық дүмпу керек. Оны жүзеге асыру үшін мемлекеттік билік өте маңызды стратегиялық мұрат-мақсатқа материалдық тұрғыдан ынталандыру тетіктерін ойластырса деген ұсынысымызды да айтып үлгердік, – дейді әріптесіміз.

Бауыржан Файзоллаұлы көтерген төртінші мәселе жеңіл өнеркәсіпке қатысты. Оның айтуынша, бұқаралық ақпарат құралының өкілі ретінде ауыл-аймақты аралағанда жұртшылықтың жиі көтеретін мәселесі – халықаралық нарықта алтынмен пара-пар жүн-жұрқаның, тері-терсектің ит рәсуа болуы.

– Кеңес Одағы кезінде Оралдың өзінде бірнеше жеңіл өнеркәсіп нысаны болды. Өндіріс ошақтарының бәрінен айырылып қалдық. Бұл туралы белді басылымдарға да бірнеше рет мақала жаздым, журналистік зерттеу жүргіздім, байыбына бара алсақ, бұл Қазақстан экономикасының күретамырына айналатын сала ғой. Барлық өңірде жеңіл өнеркәсіп кластерін қалыптастыруға толық негіз де, мүмкіндік те бар. Әсіресе, экспорттық әлеуеті зор біздің облыста жеңіл өнеркәсіпті қайта жандандыру керек. Осы мәселелерді мемлекет басшысының алдында көтерудің сәті түсті. Алдағы уақытта да ел-жұрттың өтініш-тілегін жеткізуге күш саламын, – деді Бауыржан Файзоллаұлы. Ол Ұлттық құрылтайда қаузалған өзге де мәселелер қақында әріптестері жолдаған сұрақтарға жауап берді.

БҚО Қоғамдық кеңесінің төрағасы Ербол Салықов Президент жанындағы Ұлттық құрылтайдың құрамына енген жерлесімізді тағы бір мәрте құттықтай отырып, жауапты қызметіне табыс тіледі.

– Бауыржан Файзоллаұлы – танымал қаламгер. Тұтас еліміздің тағдырына әсер ететін маңызды мәселелер талқыланатын ауқымды жиында жұртшылықтың аманатын арқалап, билікке жеткізу жолында білім-білігі, тәжірибесі жететін әріптесімізді сенім биігінен көретініміз анық. Біз де ортақ іске араласып, қолдауға дайынбыз, – деді Ербол Ғұмарұлы.

13.07.23

«БАЙҚАУЛАРҒА ӨЗГЕ ӨҢІРЛЕР ҚАТЫСПАСЫН!»

Қазақстанның Азаматтық Альянсы қауымдастығының президенті Бану Нұрғазиевамен кездесуде Орал қалалық қоғамдық кеңесінің мүшесі Светлана Тенишева әлеуметтік тапсырыстарға қатысты ұсыныс білдірді….
13.07.23

«ҰРЫС ҚИМЫЛДАРЫНА ҚАТЫСҚАНДАРҒА ҚОЛДАУ КЕРЕК»

Қазақстанның Азаматтық Альянсы қауымдастығының президенті Бану Нұрғазиевамен кездесуде облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі Мәрлен Иманғалиев Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілген ұрыс…
13.07.23

«ҰСЫНЫСТАР ҰМЫТЫЛМАСА ДЕЙМІЗ»

Қазақстанның Азаматтық Альянсы қауымдастығының президенті Бану Нұрғазиевамен кездесуде облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі Азамат Мусилов жергілікті атқарушы құрылымдардың жұмысын сынға алды….
13.07.23

ӘЛЕУМЕТТІК ТАПСЫРЫСТЫҢ ӘЛЕГІ КӨП

Қазақстанның Азаматтық Альянсы қауымдастығының президенті Бану Нұрғазиевамен кездесуде облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі, «Тұғырым» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Айнұр Арыстанова қоғамдық ұйымдарға…
13.07.23

Жаңалық

«Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар байқауына үкіметтік емес ұйымдармен қатар өзге де ірілі-ұсақты бірлестіктер, тіпті пәтер иелері кооперативтері де қатыса алады. Біздің…
08.06.23

Баптистер заңға неге бағынбайды?..

Жуырда облыстық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Бұл жиында қоғам белсенділері өңірдегі діни ахуалды және облыс әкімдігі-нің мемлекеттік қызмет, білім,…
01.06.23

Ескі жылдың есебі түйінделді

Қоғамдық кеңестің кезекті отырысында 2022 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы туралы есеп тыңдалды. Облыс әкімінің орынбасары Тілепберген Қаюповтың баяндауынша, бюджеттік түсімдер…
09.05.23

Қадірлі батысқазақстандықтар!

Баршаңызды өзімнің және облыстық қоғамдық кеңес мүшелерінің атынан Жеңістің 78 жылдығымен құттықтаймын! Отан үшін от кешкен қаһарман ұрпақтың қайсарлығы мен…
07.05.23

Құрметті батысқазақстандықтар!

Сіздерді Отан қорғаушы күні мерекесімен құттықтаймыз! Қарулы Күштердің қуаты, әскеріміздің әлеуеті арта берсін! Ақылды да білімді, білекті де жүректі Отан…
04.05.23

Автогрейдер, бульдозер жүргізушілері тапшы

Жуырда облыстық қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Онда былтырғы білім мен  жол салаларындағы атқарылған жұмыс, бюджет қаржысының игерілу барысы қаралды. Отырысты аталмыш кеңестің …
01.05.23

Қадірлі батысқазақстандықтар!

Баршаңызды Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен құттықтаймыз! Бұл мейрам – достықты дәріптеп, ауызбіршілікті арттыратын, бірлігімізді бекемдеп, ерік-жігерімізді еселейтін ерекше күн….
21.04.23

Қадірлі жерлестер!

Күллі мұсылман қауымы үшін ұлық мерекенің бірі – Ораза айт құтты болсын! Қасиетті Рамазан айындағы барлық дұға-тілек қабыл болғай! Еліміз…
11.04.23

«Бюджет қаржысын бөлгенде мұқият болу керек»

Таяуда  облыстық  қоғамдық кеңестің кезекті  отырысы  өтті. Онда   облыстық  мәслихаттың  2022  жылғы 14 желтоқсандағы №16-1 «2023-2025 жылдарға  арналған облыстық бюджет …
10.04.23

БҚО қоғамдық кеңесінің төралқа отырысында 3 мәселе қаралды.

Жиынға облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Ербол Салықов төрағалық етті. Алдымен облыстық мәслихат аппаратының басшысы Әділ Жоламанов мекеменің «Б» корпусы мемлекеттік…
10.04.23

БҚО қоғамдық кеңесінің мүшесі Біржан Кухаевтың облыстық «Орал өңірі» қоғамдық-саяси газетінде жарияланған пікірі.

БҚО қоғамдық кеңесінің мүшесі Біржан Кухаевтың облыстық «Орал өңірі» қоғамдық-саяси газетінде жарияланған пікірі. #БҚОқоғамдықкеңесі #президентсөзі
Директорға сұрақ қойыңыз
* - Талап етілетін өрістер
[contact-form-7 id="2093" title="Contact form 1 - Kz"]