Орал қаласындағы этномəдени бірлестіктердің көшбасшылары мен «Nur Otan» партиясының праймеризіне қатысушылар кездесіп, 2020-2025 жылдарға арналған өңірді дамыту бағдарламасын талқылады.
Жиынға облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі, «Вайнах» шешен-ингуш этномəдени бірлестігінің төрағасы Данильбек Саратов та қатысты. Өңірдің қоғамдық-саяси өміріне белсене араласып жүрген еңбек ардагері экологиялық сана, жастар тәрбиесі туралы ой өрбітті. Облыстық қоғамдық кеңестің қызметіне тоқталып, жиналғандарды бірлесе жұмыстануға шақырды.