Ашу
Басты бет Барлық жаңалықтар "БІЗБЕН БАЙЛАНЫСҚА МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАН БАСШЫЛАРЫ МҮДДЕЛІ БОЛУЫ КЕРЕК"

«БІЗБЕН БАЙЛАНЫСҚА МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАН БАСШЫЛАРЫ МҮДДЕЛІ БОЛУЫ КЕРЕК»

24.06.2021
248

Өңір бюджетін нақтылау мақсатында өткізілген облыстық қоғамдық кеңестің отырысында Айгүл Есекенова осылай деді. Мемлекеттік қызмет саласын жетік білетін Айгүл Оразқызы облыстық қоғамдық кеңесте де өзінің бай тəжірибесін танытып келеді. Бұл жолы ол жергілікті атқарушы орган өкілдерінің азаматтық қоғамның үнін естіртетін кеңеспен байланысын сөз етті. «Біздің қоғамдық кеңестің мүшесі ретінде жауапкершілігіміз зор. Əріптестерімнің қай-қайсысы да ауыл-елге сыйлы азаматтар. Олардың əрқайсысының артында сөзіне құлақ асатын, пікірімен санасатын түрлі санаттағы қоғам өкілдері бар. Осы орайда күн тəртібінде күйіп тұрған мəселелерге қатысты ресми ақпаратты, жергілікті биліктің қам-қарекетін қоғамдық кеңес мүшелері де уақытылы біліп отыру керек. Жасыратыны жоқ, кейде қарапайым халық түгілі өзіміз де өзекті мəселелерге қатысты сала басшыларының жауабын дер шағында ести алмайтын жағдайлар кездеседі. Естіген күннің өзінде де талдау, таразылау жағы кемшін түсіп жатады. Қазір заман басқа, уақыт талабы да мүлдем бөлек. Көкейтесті сұрақтар көшеде емес, кеңседе шешілуі үшін мемлекеттік орган басшылары бізбен барынша белсенді байланыс орната алуы керек», – деді Айгүл Оразқызы.

Облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Ербол Ғұмарұлы да əріптесінің сөзін қостады. Ол алдағы уақытта азаматтық қоғамның үні бұдан да жарқын шығатынын, халықтың саяси белсенділігі артпаса, кемімейтінін жеткізді. «Алдағы уақытта ауыл-елдің мұң-мұқтажы мен талап-тілегін құзырлы органдарға жолдап, оңтайлы шешілуіне ықпалдасатын облыстық қоғамдық кеңес те құзіретін кеңейте отырып, жаңа мүмкіндіктерге ие болады. Осы ретте əрбір басқарма басшысы аталған құрылымның отырыстарынан қалыс қалмай, бірлесе жұмыстануға дайын болу қажет. Президенттің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жергілікті жерде жүзеге асырудың өзі де атқарушы биліктің қоғамдық кеңеспен тығыз қарым-қатынасына тікелей байланысты», – деді Ербол Ғұмарұлы.

Image
13.07.23

«БАЙҚАУЛАРҒА ӨЗГЕ ӨҢІРЛЕР ҚАТЫСПАСЫН!»

Қазақстанның Азаматтық Альянсы қауымдастығының президенті Бану Нұрғазиевамен кездесуде Орал қалалық қоғамдық кеңесінің мүшесі Светлана Тенишева әлеуметтік тапсырыстарға қатысты ұсыныс білдірді….
13.07.23

«ҰРЫС ҚИМЫЛДАРЫНА ҚАТЫСҚАНДАРҒА ҚОЛДАУ КЕРЕК»

Қазақстанның Азаматтық Альянсы қауымдастығының президенті Бану Нұрғазиевамен кездесуде облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі Мәрлен Иманғалиев Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілген ұрыс…
13.07.23

«ҰСЫНЫСТАР ҰМЫТЫЛМАСА ДЕЙМІЗ»

Қазақстанның Азаматтық Альянсы қауымдастығының президенті Бану Нұрғазиевамен кездесуде облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі Азамат Мусилов жергілікті атқарушы құрылымдардың жұмысын сынға алды….
13.07.23

ӘЛЕУМЕТТІК ТАПСЫРЫСТЫҢ ӘЛЕГІ КӨП

Қазақстанның Азаматтық Альянсы қауымдастығының президенті Бану Нұрғазиевамен кездесуде облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі, «Тұғырым» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Айнұр Арыстанова қоғамдық ұйымдарға…
13.07.23

Жаңалық

«Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар байқауына үкіметтік емес ұйымдармен қатар өзге де ірілі-ұсақты бірлестіктер, тіпті пәтер иелері кооперативтері де қатыса алады. Біздің…
08.06.23

Баптистер заңға неге бағынбайды?..

Жуырда облыстық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Бұл жиында қоғам белсенділері өңірдегі діни ахуалды және облыс әкімдігі-нің мемлекеттік қызмет, білім,…
01.06.23

Ескі жылдың есебі түйінделді

Қоғамдық кеңестің кезекті отырысында 2022 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы туралы есеп тыңдалды. Облыс әкімінің орынбасары Тілепберген Қаюповтың баяндауынша, бюджеттік түсімдер…
09.05.23

Қадірлі батысқазақстандықтар!

Баршаңызды өзімнің және облыстық қоғамдық кеңес мүшелерінің атынан Жеңістің 78 жылдығымен құттықтаймын! Отан үшін от кешкен қаһарман ұрпақтың қайсарлығы мен…
07.05.23

Құрметті батысқазақстандықтар!

Сіздерді Отан қорғаушы күні мерекесімен құттықтаймыз! Қарулы Күштердің қуаты, әскеріміздің әлеуеті арта берсін! Ақылды да білімді, білекті де жүректі Отан…
04.05.23

Автогрейдер, бульдозер жүргізушілері тапшы

Жуырда облыстық қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Онда былтырғы білім мен  жол салаларындағы атқарылған жұмыс, бюджет қаржысының игерілу барысы қаралды. Отырысты аталмыш кеңестің …
01.05.23

Қадірлі батысқазақстандықтар!

Баршаңызды Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен құттықтаймыз! Бұл мейрам – достықты дәріптеп, ауызбіршілікті арттыратын, бірлігімізді бекемдеп, ерік-жігерімізді еселейтін ерекше күн….
21.04.23

Қадірлі жерлестер!

Күллі мұсылман қауымы үшін ұлық мерекенің бірі – Ораза айт құтты болсын! Қасиетті Рамазан айындағы барлық дұға-тілек қабыл болғай! Еліміз…
11.04.23

«Бюджет қаржысын бөлгенде мұқият болу керек»

Таяуда  облыстық  қоғамдық кеңестің кезекті  отырысы  өтті. Онда   облыстық  мәслихаттың  2022  жылғы 14 желтоқсандағы №16-1 «2023-2025 жылдарға  арналған облыстық бюджет …
10.04.23

БҚО қоғамдық кеңесінің төралқа отырысында 3 мәселе қаралды.

Жиынға облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Ербол Салықов төрағалық етті. Алдымен облыстық мәслихат аппаратының басшысы Әділ Жоламанов мекеменің «Б» корпусы мемлекеттік…
10.04.23

БҚО қоғамдық кеңесінің мүшесі Біржан Кухаевтың облыстық «Орал өңірі» қоғамдық-саяси газетінде жарияланған пікірі.

БҚО қоғамдық кеңесінің мүшесі Біржан Кухаевтың облыстық «Орал өңірі» қоғамдық-саяси газетінде жарияланған пікірі. #БҚОқоғамдықкеңесі #президентсөзі
Директорға сұрақ қойыңыз
* - Талап етілетін өрістер
[contact-form-7 id="2093" title="Contact form 1 - Kz"]