ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаевамен кездесу барысында облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі, тележүргізуші Біржан Кухаев осылай деді. «Заңдағы жаңашылдықтар ең алдымен консультативті-кеңесші органның құрамына азаматтық қоғам өкілдерін кеңінен тартуды көздейді. Бұл – өте құптарлық. Өйткені қоғамдық кеңес құрамының басым бөлігі мемлекеттік органның өкілдері болса біздің қаптаған көп кеңестерден ешқандай айырмашылығымыз болмай қалады. Осы орайда облыстық қоғамдық кеңес мүшелерінің 87 пайызы үкіметтік емес ұйым, азаматтық қоғам өкілдері екенін ерекше айтуға болады. Осы мысалдан-ақ біздің өңірде аталған консультативті кеңесші органды дербес, тәуелсіз ету мақсаты толық орындалып отырғанын аңғаруға болады», – деді Біржан Амангелдіұлы. Ол қоғамдық бақылауды жүргізу процедурасын реттеу, қоғамдық кеңестердің қызметін ұйымдастыруды қамтамасыз ету тетіктері заңнамалық өзгерістерде көрініс тапқанын айтты. «Күні кеше «KAZKENES» ақпараттық порталында бірыңғай сайттың іске қосылғаны уақыт талабына сай қоғамдық кеңестердің күнделікті қызметін елге жариялап, жұмысын реттеуге, тәжірибе алмасуға мол мүмкіндік береді деп ойлаймын», – деді БҚО қоғамдық кеңесінің мүшесі.
