Бүгін үшінші шақырылымдағы БҚО Қоғамдық кеңесінің бірінші отырысы өткізілді. Отырысты ҚР «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңына сəйкес облыстық Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі Айдар Тапашұлы Батырханов ашып, жүргізді. Күн тəртібіндегі бірінші мəселе бойынша консультативтік-кеңесші, байқаушы органның мүшелері өз арасынан ашық дауыс беру арқылы төрағаны сайлады. Алдымен ұсыныс-пікірлер айтылып, мұқият тыңдалды. Қоғамдық кеңес мүшелері бұл лауазымға екі үміткер ұсынды. Басым дауысқа ие болған Ербол Ғұмарұлы Салықов Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңесінің төрағасы болып сайланды.
