Ашу
Басты бет Барлық жаңалықтар Болашаққа басталған қадамдар жүзеге асуда

Болашаққа басталған қадамдар жүзеге асуда

21.11.2023
5

2019 жылдың 19 наурызында Н.Назарбаев Қазақстан Республикасы Президенті өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдады. Мемлекет басшысының міндетін атқару ҚР Парламенті сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевқа жүктелсе, осыдан бір жыл бұрын Президент сайлауында Қ.Тоқаев   басым дауыспен жеңіске жетіп, сайланған еді.

Өтпелі аз уақытта Мемлекет басшысының терең біліміне, адамгершілік, азаматтық тұлғасына, «жеті рет өлшеп, бір рет кесетін» сабырлы мінезіне және АҚШ, Еуропа, әлемнің ірі елдерімен ағылшын тілінде, ҚХР қытай тілінде, Ресеймен орыс тілінде еркін, тең сөйлесіп, жүргізген салихалы саясатына берген бағасы, халқымыздың қалтқысыз сенімі деп білеміз.

Мемлекет басшысының  түбегейлі саяси реформаны қолға алуы «Әділетті Қазақстан» құру идеясы сәтті жүзеге асып, басқару жүйесі ықпалды Парламенті бар Президенттік республика үлгісіне көшті. Елімізде «күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» тұжырымдамасы орныға түсуде.

Президентіміздің ең жоғары заңдық күші бар Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгеріс енгізуі, оның үштен бірін жаңартуы өзекті бастама болды. Қазақстан байлығы халықтың меншігі деп танылуы, «Бір адам бір реттен артық Республика Президенті болып сайлана алмайды, саяси партияда болмауы тиіс», «ҚР Президентінің жақын туыстары мемлекеттік саяси қызметшілердің, квазимемлекеттік сектор субьектілері басшыларының қызметтерін атқаруға қақысы жоқ» және бір мандаттық аралас сайлау  жүйесі енуіде халықтың өзі қоғам өмірін ұйымдастыруды білдіретін демократиялық тұрғыда жасалған сәтті қадам деп есептейміз.

Адам құқын сақтау, қорғау, сонымен бірге Конститутциялық Сот туралы бөлімнің қабылдануы, қоғамда әділдіктің орнауына әкеледі.

Елімізде қоғамды одан әрі жаңғыртуға бағытталған Мемлекет басшысының қоғамды өзгертуде тың бастамасының бірі әуелі ауыл әкімдері, 2023 жылдың 5 қарашасында 14 мың кандидат, оның 12 мыңы бір мандаттық округтар бойынша ұсынылып,  45 аудан және облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін халық өзі тікелей сайлауы болды.

«Әділетті Қазақстан» құру аясында Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында қабылдаған «Заңсыз алынған активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заңының қабылдануы халық сеніміне ие болды.

Өңірлердің экономикасын дамыту, тұрғындардың әлеуметтік, рухани жағдайын жақсарту мақсатында ашылған Жетісу, Ұлытау, Абай облыстарының ашылуы тұрғылықты адамдар ғана емес, барша қазақстандықтарға рух беріп, қуанышына айналды.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен игерілмей жатқан немесе заңсыз берілген 8 миллион гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды.

2020 жылдан бері мұғалімдердің жалақысы екі есе өсті. Дәрігерлердің айлығы да айтарлықтай көбейді. Қазір олардың табысы еліміздегі орташа жалақыдан әлдеқайда жоғары. Елімізде ең төменгі жалақы осы жылы 70мың, келер жылы 85 мың көлемінде өсетін болды.

Жұртқа зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалану мүмкіндігі берілді. Миллионға жуық адам осы жобаның игілігін көрді – тұрғын үй мәселесін шешіп, баспаналы болды.

Президент бастамалары азаматтық қоғамның мүдделерін білдіру және республикалық және жергілікті деңгейлерде шешімдерді талқылау мен қабылдау кезінде жұртшылықтың пікірін ескеру, қоғамдық бақылауды ұйымдастыру және квазимемлекеттік сектор субъектілері қызметінің ашықтығын қамтамасыз етуде Қоғамдық кеңес жұмысынада тың серпін берді.

Сондықтан да халықтың Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа ерекше құрметпен, болашаққа нық сеніммен қарауы өте орынды деп есептеймін.

30.11.23

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Кеше Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңестің отырысы оздырылды. Кеңес отырысын төраға Е.Салықов жүргізіп, жиынға 23 облыстық Қоғамдық кеңестің мүшелерімен, облыс…
30.11.23

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕ ҮШ МӘСЕЛЕ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Облыстық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өткізілді. Күн тәртібінде өзекті мәселелер, атап айтқанда 2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджет пен ҚР Әлеуметтік…
17.11.23

Құрметті Ауыл шаруашылығының азаматтары, барша әріптестер!

Сіздерді Қазақстан Республикасында қарашаның үшінші жексенбісінде атап өтілетін еліміздің Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күнімен өзімнің және облыстық Қоғамдық кеңес мүшелерінің атынан…
19.10.23

«МӘЖІЛІСТІҢ ЕСІГІ ӘРДАЙЫМ АШЫҚ»

«Біз өз тарапымыздан азаматтық қоғам өкілдерімен, үкіметтік емес ұйымдармен тығыз жұмыс істеп келеміз. Мәжілістің есігі сіздерге әрдайым ашық. Қоғамның барлық…
18.10.23

«Бүгінгі алқалы жиынның аясы кең.

Біз халықаралық деңгейде диалог алаңын ұйымдастыру арқылы жан-жақты пікір алысамыз». Дәстүрлі форумда сөз алған Қазақстанның Азаматтық Альянсының президенті Бану Нұрғазиева…
18.10.23

ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің орынбасары Данияр Қадыров форумның ашылуымен құттықтап, сәттілік тіледі.

– Елімізде азаматтық қоғамның әлеуетін арттыру мақсатында кешенді іс-шаралар қолға алынды. Бұл форумның алдында барлық аймақта жиындар өткізіліп, нақты ұсыныстар…
18.10.23

«Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін – азаматтық қоғам дамуының басты бағыты

Астана қаласында «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін – азаматтық қоғам дамуының басты бағыты» атты Қазақстанның Азаматтық форумы басталды. Биыл…
13.07.23

«БАЙҚАУЛАРҒА ӨЗГЕ ӨҢІРЛЕР ҚАТЫСПАСЫН!»

Қазақстанның Азаматтық Альянсы қауымдастығының президенті Бану Нұрғазиевамен кездесуде Орал қалалық қоғамдық кеңесінің мүшесі Светлана Тенишева әлеуметтік тапсырыстарға қатысты ұсыныс білдірді….
13.07.23

«ҰРЫС ҚИМЫЛДАРЫНА ҚАТЫСҚАНДАРҒА ҚОЛДАУ КЕРЕК»

Қазақстанның Азаматтық Альянсы қауымдастығының президенті Бану Нұрғазиевамен кездесуде облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі Мәрлен Иманғалиев Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілген ұрыс…
13.07.23

«ҰСЫНЫСТАР ҰМЫТЫЛМАСА ДЕЙМІЗ»

Қазақстанның Азаматтық Альянсы қауымдастығының президенті Бану Нұрғазиевамен кездесуде облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі Азамат Мусилов жергілікті атқарушы құрылымдардың жұмысын сынға алды….
13.07.23

ӘЛЕУМЕТТІК ТАПСЫРЫСТЫҢ ӘЛЕГІ КӨП

Қазақстанның Азаматтық Альянсы қауымдастығының президенті Бану Нұрғазиевамен кездесуде облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі, «Тұғырым» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Айнұр Арыстанова қоғамдық ұйымдарға…
13.07.23

Жаңалық

«Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар байқауына үкіметтік емес ұйымдармен қатар өзге де ірілі-ұсақты бірлестіктер, тіпті пәтер иелері кооперативтері де қатыса алады. Біздің…
08.06.23

Баптистер заңға неге бағынбайды?..

Жуырда облыстық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Бұл жиында қоғам белсенділері өңірдегі діни ахуалды және облыс әкімдігі-нің мемлекеттік қызмет, білім,…
01.06.23

Ескі жылдың есебі түйінделді

Қоғамдық кеңестің кезекті отырысында 2022 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы туралы есеп тыңдалды. Облыс әкімінің орынбасары Тілепберген Қаюповтың баяндауынша, бюджеттік түсімдер…
09.05.23

Қадірлі батысқазақстандықтар!

Баршаңызды өзімнің және облыстық қоғамдық кеңес мүшелерінің атынан Жеңістің 78 жылдығымен құттықтаймын! Отан үшін от кешкен қаһарман ұрпақтың қайсарлығы мен…
Директорға сұрақ қойыңыз
* - Талап етілетін өрістер
[contact-form-7 id="2093" title="Contact form 1 - Kz"]