БҚО қоғамдық кеңесінің отырысында өңірдегі мемлекеттік əлеуметтік тапсырыстар туралы жəне тұрғындарға атаулы əлеуметтік көмек беруге байланысты 2 мəселе қаралды. Облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Ербол Салықовтың төрағалығымен өткен жиында күн тəртібіндегі мəселелер бойынша облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Ерлан Ғалиев пен облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру жəне əлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Алпамыс Көшкінбаев баяндама жасады. Қоғамдық кеңес мүшелері сала басшыларына нақты сұрақтарын қойып, тақырып жан-жақты талқыланды. Отырыста көтерілген мəселелер мен айтылған ұсынымдар туралы алдағы уақытта тарқатып жазамыз.




