Ашу
Басты бет Барлық жаңалықтар БҚО қоғамдық кеңесінің төралқа отырысында 3 мәселе қаралды.

БҚО қоғамдық кеңесінің төралқа отырысында 3 мәселе қаралды.

10.04.2023
67

Жиынға облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Ербол Салықов төрағалық етті. Алдымен облыстық мәслихат аппаратының басшысы Әділ Жоламанов мекеменің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы шешіміне өзгерістер енгізу жөнінде хабарлама жасады. Оның айтуынша осыған дейін қызметке орналасқан мемлекеттік қызметшіні бағалау 3 айдан соң жүзеге асса, жаңа өзгерістерге сәйкес 1 айдан кейін бағалау жүргізіледі.

– «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау 2 әдіс бойынша жүзеге асады. Мәселен, саралау әдісіне тоқталсақ, бұл бойынша қызметкердің функционалдық міндетін атқару сапасы мен орындау мерзімін сақтауы, бастамашылдығы, дербестігі, еңбек тәртібін сақтауы, атқарған жұмысының көлемі мен күрделілігі назарға алынады. Қызметкердің бағалау көрсеткіші жұмыс ортасында, адамдар тобынан сұрау арқылы анықталады, – деді Әділ Тауфикұлы. Ол бұдан басқа да өзгерістер туралы тарқатып түсіндірді.

Облыстық қоғамдық кеңес мүшелері қызметкерді бағалау үшін сауалнамаға қатысатын ұжым мүшелерінің аты-жөні құпия сақталмайтындықтан, аталған әдістің шынайылығына күмәнмен қарады. Дей тұра, практика барысында кем-кетіктер жойылып, бағалау үдерісінің әділдігі арта түсеріне сенім білдірді. Қызметкерлерді ынталандыру, жігерлендіру және лайықты көтермелеу үшін мұндай әдістердің қажеттігін қуаттады.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша – биыл субсидияланатын пестицидтердің, биоагенттердiң (энтомофагтардың) тізбесі және пестицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) 1 литріне (кг., гр., дана) арналған субсидиялар нормаларын, сондай-ақ пестицидтерге, биоагенттерге (энтомофагтарға) арналған субсидиялар көлемін бекіту туралы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Наурызбай Қарағойшинның хабарламасы тыңдалды. Айта кетейік, демеуқаржының бұл түрі жыл сайын төленеді.

– Шаруа қожалықтарының егін немесе өсімдік шаруашылығына алған пестицидтер құнының 50 пайызын мемлекет өтейді. Өңірде өсімдік шаруашылығымен айналысатын 400-ге жуық қожалық болғанымен, көп жағдайда ірілері ғана осындай мүмкіндіктерді пайдаланып жатады. Былтыр бұл мақсатта 143 млн теңге бөлінсе, биыл да сол мөлшерден кем емес қаржы қарастырылған, – деді Наурызбай Қадырбайұлы.

Облыстық қоғамдық кеңес мүшесі Алтынай Исқалиева шаруаларға берілетін демеуқаржының мақсатты жұмсалуы қалай қадағалатынын сұрады. Наурызбай Қарағойшин нақ осы жағдайда шаруаларды қадағалаудың қажеті жоқтығын, өйткені пестицидтер алу арқылы өнім сапасы мен көлемін арттыруға бірінші кезекте шаруаның өзі мүдделі екенін жеткізді.

– Шаруалар сатып алған пестицидтерді өзі үшін қолданады. Сондықтан, бұл жерде бөтен ой, басқа мүдде жоқ. Жалпы, ауыл шаруашылығы саласында субсидияны тоқтату керек дегенді шаруалардың өздері айтып жүр. Олар демеуқаржыдан гөрі жеңілдетілген несие берілгенін қалап отыр, – деп жауап қатты сала басшысы.

Төралқа мүшелері субсидияларға жоспарланған қаржының игерілуі, өсімдіктерді зиянкестерден, арамшөптер мен аурулардан қорғау үшін қолданылатын химиялық қосылыстарды өндіруші кәсіпорындар туралы сұрап, білді. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша қолдау танытты.

13.07.23

«БАЙҚАУЛАРҒА ӨЗГЕ ӨҢІРЛЕР ҚАТЫСПАСЫН!»

Қазақстанның Азаматтық Альянсы қауымдастығының президенті Бану Нұрғазиевамен кездесуде Орал қалалық қоғамдық кеңесінің мүшесі Светлана Тенишева әлеуметтік тапсырыстарға қатысты ұсыныс білдірді….
13.07.23

«ҰРЫС ҚИМЫЛДАРЫНА ҚАТЫСҚАНДАРҒА ҚОЛДАУ КЕРЕК»

Қазақстанның Азаматтық Альянсы қауымдастығының президенті Бану Нұрғазиевамен кездесуде облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі Мәрлен Иманғалиев Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілген ұрыс…
13.07.23

«ҰСЫНЫСТАР ҰМЫТЫЛМАСА ДЕЙМІЗ»

Қазақстанның Азаматтық Альянсы қауымдастығының президенті Бану Нұрғазиевамен кездесуде облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі Азамат Мусилов жергілікті атқарушы құрылымдардың жұмысын сынға алды….
13.07.23

ӘЛЕУМЕТТІК ТАПСЫРЫСТЫҢ ӘЛЕГІ КӨП

Қазақстанның Азаматтық Альянсы қауымдастығының президенті Бану Нұрғазиевамен кездесуде облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі, «Тұғырым» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Айнұр Арыстанова қоғамдық ұйымдарға…
13.07.23

Жаңалық

«Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар байқауына үкіметтік емес ұйымдармен қатар өзге де ірілі-ұсақты бірлестіктер, тіпті пәтер иелері кооперативтері де қатыса алады. Біздің…
08.06.23

Баптистер заңға неге бағынбайды?..

Жуырда облыстық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Бұл жиында қоғам белсенділері өңірдегі діни ахуалды және облыс әкімдігі-нің мемлекеттік қызмет, білім,…
01.06.23

Ескі жылдың есебі түйінделді

Қоғамдық кеңестің кезекті отырысында 2022 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы туралы есеп тыңдалды. Облыс әкімінің орынбасары Тілепберген Қаюповтың баяндауынша, бюджеттік түсімдер…
09.05.23

Қадірлі батысқазақстандықтар!

Баршаңызды өзімнің және облыстық қоғамдық кеңес мүшелерінің атынан Жеңістің 78 жылдығымен құттықтаймын! Отан үшін от кешкен қаһарман ұрпақтың қайсарлығы мен…
07.05.23

Құрметті батысқазақстандықтар!

Сіздерді Отан қорғаушы күні мерекесімен құттықтаймыз! Қарулы Күштердің қуаты, әскеріміздің әлеуеті арта берсін! Ақылды да білімді, білекті де жүректі Отан…
04.05.23

Автогрейдер, бульдозер жүргізушілері тапшы

Жуырда облыстық қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Онда былтырғы білім мен  жол салаларындағы атқарылған жұмыс, бюджет қаржысының игерілу барысы қаралды. Отырысты аталмыш кеңестің …
01.05.23

Қадірлі батысқазақстандықтар!

Баршаңызды Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен құттықтаймыз! Бұл мейрам – достықты дәріптеп, ауызбіршілікті арттыратын, бірлігімізді бекемдеп, ерік-жігерімізді еселейтін ерекше күн….
21.04.23

Қадірлі жерлестер!

Күллі мұсылман қауымы үшін ұлық мерекенің бірі – Ораза айт құтты болсын! Қасиетті Рамазан айындағы барлық дұға-тілек қабыл болғай! Еліміз…
11.04.23

«Бюджет қаржысын бөлгенде мұқият болу керек»

Таяуда  облыстық  қоғамдық кеңестің кезекті  отырысы  өтті. Онда   облыстық  мәслихаттың  2022  жылғы 14 желтоқсандағы №16-1 «2023-2025 жылдарға  арналған облыстық бюджет …
10.04.23

БҚО қоғамдық кеңесінің мүшесі Біржан Кухаевтың облыстық «Орал өңірі» қоғамдық-саяси газетінде жарияланған пікірі.

БҚО қоғамдық кеңесінің мүшесі Біржан Кухаевтың облыстық «Орал өңірі» қоғамдық-саяси газетінде жарияланған пікірі. #БҚОқоғамдықкеңесі #президентсөзі
06.04.23

Бір құжат кері қайтарылып, төрт мәселе мақұлданды

Сейсенбіде облыстық мәслихаттың үлкен залында облыстық қоғамдық кеңестің кеңейтілген отырысы өтті Қоғамдық кеңестің төрағасы Ербол Салықовтың төрағалығымен өткен жиында алдымен …
Директорға сұрақ қойыңыз
* - Талап етілетін өрістер
[contact-form-7 id="2093" title="Contact form 1 - Kz"]