Біз халықаралық деңгейде диалог алаңын ұйымдастыру арқылы жан-жақты пікір алысамыз». Дәстүрлі форумда сөз алған Қазақстанның Азаматтық Альянсының президенті Бану Нұрғазиева осылай деді. Ол Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттердің өкілдері де іс-шараға арнайы шақырылғанын, сол арқылы азаматтық қоғамды дамытудағы озық тәжірибе мен жарқын жобалар таныстырылатынын жеткізді.
