Ашу
Басты бет Барлық жаңалықтар ЭКОЛОГИЯЛЫҚ КОДЕКСКЕ САЙ ӨЗГЕРІСТЕР

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ КОДЕКСКЕ САЙ ӨЗГЕРІСТЕР

21.09.2021
188

Облыстық қоғамдық кеңестің төралқа отырысында күн тәртібіндегі қос мəселеге байланысты БҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының міндетін атқарушы Бисенғали Хайруллинның хабарламалары тыңдалды.
Төралқа мүшелері облыстық мəслихаттың «Батыс Қазақстан облысы бойынша 2019-2025 жылдарға арналған қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін бекіту туралы» 2019 жылғы 6 мамырдағы №23-2 шешімінің күшін жою мəселесін қарастырды. Салалық басқарма бесжылдыққа белгіленген жаңа индикаторларды Экологиялық кодекске сəйкестендіре отырып, қайта айқындайды. Айта кетейік, жыл басында қабылданған жаңа Экологиялық кодекстің күшіне енгеніне үш айға жуықтады. Жаңа құжатта қоршаған ортаға эмиссия мəселесі қарастырылған. Бұрын эмиссия үшін алынған төлемдерді табиғатты қорғау шараларына міндеттеу болмаған еді. Енді жергілікті атқарушы органдар табиғатты қорғау іс-шараларын 100 пайыз көлемінде қаржыландыруға міндетті болды. Өзгерістің бірі – заңсыз ағаш кескені үшін жауапкершіліктің күшеюі. Облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Ербол Салықов табиғат сақшыларын аймақ тұрғындары арасында жаңа Экологиялық кодексті ақпараттық-түсіндіру жұмыстарында белсендірек болуға шақырды. Облыстық мəслихат хатшысы Бибігүл Қонысбаева қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштеріне қатысты шешімнің жобасын алдын ала қоғамдық кеңестердің, барлық деңгейдегі мəслихат депутаттарының, үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен жан-жақты талқылап алуды ұсынды.
Бұдан бөлек, Батыс Қазақстан облысының жасыл екпелерді күтіп ұстау жəне қорғау қағидаларын бекіту туралы шешіміне де өзгеріс енгізіледі. Бұл мəселеге байланысты ой қосқан төралқа мүшесі Жұмажан Қожжанов қаланы көгалдандыру ісіндегі іркілістерді сөз етті. Ол отырғызылған тал-теректердің күтімі тиісті деңгейде болмай, салдарынан көп ұзамай қурап қалатынын күйіне жеткізді. «Ағаштарды отап, орнына құрылыс жүргізіп жатқан компаниялар жасыл желектің өтемін қалай қайтарып жатыр? Жауапкершілік қарастырылған ба? Ал тамыр жаймаған көшеттерге кім жауап береді? Əлде олар тек есептегі белгі үшін егіле ме?», деп жанайқайын жеткізді Жұмажан Қожжанұлы.
Отырысты қорытындылаған Ербол Ғұмарұлы облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшылығын айтылған ұсыныс-тілектерге байланысты өзге де жауапты басқарма-ұйымдармен бірлесе отырып, жүйелі жұмыстануға шақырды.

рисунок

рисунок

30.11.23

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Кеше Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңестің отырысы оздырылды. Кеңес отырысын төраға Е.Салықов жүргізіп, жиынға 23 облыстық Қоғамдық кеңестің мүшелерімен, облыс…
30.11.23

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕ ҮШ МӘСЕЛЕ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Облыстық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өткізілді. Күн тәртібінде өзекті мәселелер, атап айтқанда 2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджет пен ҚР Әлеуметтік…
21.11.23

Болашаққа басталған қадамдар жүзеге асуда

2019 жылдың 19 наурызында Н.Назарбаев Қазақстан Республикасы Президенті өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдады. Мемлекет басшысының міндетін атқару ҚР Парламенті сенатының…
17.11.23

Құрметті Ауыл шаруашылығының азаматтары, барша әріптестер!

Сіздерді Қазақстан Республикасында қарашаның үшінші жексенбісінде атап өтілетін еліміздің Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күнімен өзімнің және облыстық Қоғамдық кеңес мүшелерінің атынан…
19.10.23

«МӘЖІЛІСТІҢ ЕСІГІ ӘРДАЙЫМ АШЫҚ»

«Біз өз тарапымыздан азаматтық қоғам өкілдерімен, үкіметтік емес ұйымдармен тығыз жұмыс істеп келеміз. Мәжілістің есігі сіздерге әрдайым ашық. Қоғамның барлық…
18.10.23

«Бүгінгі алқалы жиынның аясы кең.

Біз халықаралық деңгейде диалог алаңын ұйымдастыру арқылы жан-жақты пікір алысамыз». Дәстүрлі форумда сөз алған Қазақстанның Азаматтық Альянсының президенті Бану Нұрғазиева…
18.10.23

ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің орынбасары Данияр Қадыров форумның ашылуымен құттықтап, сәттілік тіледі.

– Елімізде азаматтық қоғамның әлеуетін арттыру мақсатында кешенді іс-шаралар қолға алынды. Бұл форумның алдында барлық аймақта жиындар өткізіліп, нақты ұсыныстар…
18.10.23

«Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін – азаматтық қоғам дамуының басты бағыты

Астана қаласында «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін – азаматтық қоғам дамуының басты бағыты» атты Қазақстанның Азаматтық форумы басталды. Биыл…
13.07.23

«БАЙҚАУЛАРҒА ӨЗГЕ ӨҢІРЛЕР ҚАТЫСПАСЫН!»

Қазақстанның Азаматтық Альянсы қауымдастығының президенті Бану Нұрғазиевамен кездесуде Орал қалалық қоғамдық кеңесінің мүшесі Светлана Тенишева әлеуметтік тапсырыстарға қатысты ұсыныс білдірді….
13.07.23

«ҰРЫС ҚИМЫЛДАРЫНА ҚАТЫСҚАНДАРҒА ҚОЛДАУ КЕРЕК»

Қазақстанның Азаматтық Альянсы қауымдастығының президенті Бану Нұрғазиевамен кездесуде облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі Мәрлен Иманғалиев Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілген ұрыс…
13.07.23

«ҰСЫНЫСТАР ҰМЫТЫЛМАСА ДЕЙМІЗ»

Қазақстанның Азаматтық Альянсы қауымдастығының президенті Бану Нұрғазиевамен кездесуде облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі Азамат Мусилов жергілікті атқарушы құрылымдардың жұмысын сынға алды….
13.07.23

ӘЛЕУМЕТТІК ТАПСЫРЫСТЫҢ ӘЛЕГІ КӨП

Қазақстанның Азаматтық Альянсы қауымдастығының президенті Бану Нұрғазиевамен кездесуде облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі, «Тұғырым» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Айнұр Арыстанова қоғамдық ұйымдарға…
13.07.23

Жаңалық

«Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар байқауына үкіметтік емес ұйымдармен қатар өзге де ірілі-ұсақты бірлестіктер, тіпті пәтер иелері кооперативтері де қатыса алады. Біздің…
08.06.23

Баптистер заңға неге бағынбайды?..

Жуырда облыстық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Бұл жиында қоғам белсенділері өңірдегі діни ахуалды және облыс әкімдігі-нің мемлекеттік қызмет, білім,…
01.06.23

Ескі жылдың есебі түйінделді

Қоғамдық кеңестің кезекті отырысында 2022 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы туралы есеп тыңдалды. Облыс әкімінің орынбасары Тілепберген Қаюповтың баяндауынша, бюджеттік түсімдер…
Директорға сұрақ қойыңыз
* - Талап етілетін өрістер
[contact-form-7 id="2093" title="Contact form 1 - Kz"]