Ашу
Басты бет Барлық жаңалықтар Ербол Салықов, облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы: «Ашық диалогқа әр кез әзірміз»

Ербол Салықов, облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы: «Ашық диалогқа әр кез әзірміз»

27.02.2022
141

– Ербол Ғұмарұлы, алдымен екінші шақырылымдағы облыстық қоғамдық кеңестің сандық əрі сапалық құрамына тоқталып өтсеңіз? Кеңес мүшелерінің белсенділігі дегендей…

– Ойыңызды түсіндім. Облыстық қоғамдық кеңес құрамы 31 адамнан тұрады. Олардың 4-еуі (12,9%) мемлекеттік құрылымдардың, ал 27-сі (87,1%) үкіметтік емес ұйымдардың өкілі. Əрі Орал қаласы мен 12 аудандағы қоғамдық кеңес төрағалары облыстық қоғамдық кеңестің құрамына енді. Жалпы, ерлер 83,3%-ды құраса, əйел адамдардың үлесі – 16,7%. Жасыратыны жоқ, облыстық қоғамдық кеңес мүшелерінің дені өз саласында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізіп жүрген һəм ел арасында зор беделге ие азаматтар. Олар білім-білігімен, өмірлік тəжірибесімен өңірдің əлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлес қосып келеді. Қысқасы, қай-қайсысы да қоғамдық кеңес мүшесі ретінде жауапкершілікті терең сезіне білетін жандар.

– Қоғамдық кеңес мүшелері азаматтармен жеке-дара кездесулер өткізе ме?

– Əрине. Облыстық қоғамдық кеңес мүшелері тұрғындардың көкейінде жүрген түйткілді мəселелерді тыңдап, оның заң аясында шешілуіне көмек қолын созудан тартынған емес. Бұрын кестеге сай офлайн қабылдаулар ұйымдастырылса, кейін пандемия кезеңіндегі шектеулерге байланысты ол онлайн форматқа көшті. Айта кетелік, азаматтар үйден шықпай-ақ kazkenes.kz бірыңғай ақпараттық порталына кіріп, бізге электронды түрде өтініш беруіне де болады. Сонымен бірге біздің қоғамдық кеңес мүшелері қоғамдық-саяси бағыттағы жергілікті телехабарларға жиі қатысып, баспасөз беттерінде арнайы мақалалар да жариялап келеді. Ал енді көпшіліктің кең ауқымдағы қолжетімді құралы – əлеуметтік желілердегібелсенділік те ешкімнен кем емес, қоғаммен тығыз байланыс орнаған.

– 2015 жылы қабылданған «Қоғамдық кеңестер туралы» ҚР Заңына былтыр бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізілгені көпке мəлім. Мұндағы негізгі қағидаттар – консультативтік-кеңесші құрылымның өкілеттігін арттыру арқылы қызмет шеңберін де ұлғайтқан. Бұл жаңашылдықты қоғамдық орта қалай қабылдауда?

– Рас, жаңа заңнамада азаматтық қоғамның əлеуетін арттыруға ерекше мəн берілген. Нақтырақ айтсақ, қоғамдық кеңестердің құрамын жасақтау мен өкілеттігін арттыру, уəкілетті құрылымды анықтау, қоғамдық бақылауды жүргізу үдерісін реттеу, аталмыш кеңестердің қызметін ұйымдастыру, квазимемлекеттік секторда қоғамдық кеңестер құру бағытында айтарлықтай оң өзгерістер бар. Сондай-ақ өткен жылы ҚР Ақпарат жəне қоғамдық даму министрлігінің арнайы бұйрығымен «Қоғамдық кеңестер туралы үлгілік ереже» мен «Қоғамдық бақылауды ұйымдастыру жəне жүргізу қағидалары» бекітілді. Бұл заңнамалық өзгерістердің бəрі біздің қызметімізге тың серпін беріп отыр.

– Əлгінде қоғамдық бақылау туралы айтып қалдыңыз. Осы төңіректегі ойыңызды тарқатып кетсеңіз, нақты мысалдар бар ма?

– Облыс айнасы – «Орал өңірі» газетіне берген бір сұхбатымда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына, соның ішінде мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысына жүргізілген тексеріс қорытындысына тоқталған едім. Осы жолы былтырғы ақпан-мамыр айлары аралығында медициналық қызметтің сапасын байқау мақсатында ұйымдастырылған қоғамдық мониторинг пен қоғамдық тыңдау нəтижесін тілге тиек ете кетейін. Алдымен төрт бағытта уақытша жұмыс тобы құрылды. Қоғамдық сараптамаға тəжірибелі сала ардагерлері тартылды. Жұмыс тобының мүшелері өңірдегі медициналық нысандарды аралап, қалыптасқан жағдайға тереңірек үңілді. «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР заңының талаптарына сай құзырлы мекеме, ұйымдардан қажетті ақпараттар сұратылып, жауап хаттар да алынды. Мұның сыртында өңір тұрғындары арасында нақты жəне анонимді сауалнамалар өткізілді. Əлеуметтік желі қолданушылары үшін ашық алаң ұйымдастырылды. Осылайша қоғамдық мониторингтің қорытындысы шығарылып, тиісті құрылымдарға ұсынбалар жіберілді.

– Осындай атқарылған жұмыстардың нəтижесі қандай, мемлекеттік құрылымдармен кері байланыс қаншалықты жолға қойылған?

– Негізінен, қоғамдық кеңестермен берік байланыс орнатуға бірінші кезекте мемлекеттік құрылымдардың өздері мүдделі болуы керек. Біздің миссиямыз – өзекті мəселелерге байланысты азаматтық қоғамның үнін естірту болғандықтан, құр сөз бен сырғытпа жауапқа қанағаттанбаймыз. Кейде заң талаптарына сəйкес қоғамдық тыңдау ұйымдастыруға да толық мүмкіндігіміз бар. Мəселен, өз кезегінде облыстық денсаулық сақтау басқармасы қоғамдық кеңестің қарарына байланысты атқарылған жұмыстар жөнінде баяндап, алдағы жоспарларын да таныстырды. Енді медицина саласының басшылары алғашқы жартыжылдықтың қорытындысы бойынша ZOOM платформасы арқылы халыққа есеп бермек. Бұдан бөлек апта сайын азаматтарды онлайн қабылдау өткіземіз. Қабылдау күні мен жазылу тəртібі əр мекеменің интернет ресурстарында, стендтерде жариялануы тиіс. Келешекте медициналық ұйым басшыларын аттестаттаудан өткізу кезінде қоғам өкілдерін қатыстыру көзделіп отыр. Ал жас мамандардың кəсіби біліктілігін арттыру мақсатында «тəлімгерлік» əдісіне ерекше мəн берілмек. Тағы бір айта кетер нəрсе, біздің ұсыным бойынша əлеуметтік желілер мен БАҚ арқылы тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі жəне МƏМС аясында ақысыз көрсетілетін медициналық қызмет түрлері, тегін берілетін дəрілермен қамтамасыз ету туралы кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстары қолға алды. Бұл бағытта республикалық деңгейде шешімін күткен түйінді мəселелерге қатысты ұсынымдарды ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне жолдадық.

– Қателеспесек, қоғамдық кеңестер жергілікті атқарушы құрылымдардың қаулы-қарарларын не шешім жобаларын да талқылайды. Сондай сəтте пікір қайшылығы бола ма? Əлде бəрі «бірауыздан» қабылдана бере ме?

– Өте орынды сауал. Біз плюрализмді жақтаймыз. Күн тəртібіне қойылған мəселелер жан-жақты талқыланады. Былтыр нормативтік-құқықтық актіге жататын 46 жоба қаралды. Отырыстар құр есеп үшін ұйымдастырылмайды. Бір мысал, облыстық қоғамдық кеңестің төралқа отырысында «Спорт түрлері бойынша ҚР құрама командаларына тартылған спортшыларға ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшерін бекіту туралы» қаулы жобасы талқыланды. Онда жауапты сала өкілі өзге өңірлердегі жағдайға сараптама жасай келіп, бюджетті үнемдеу мақсатында төрт жыл бойы төленіп келген стипендияның мөлшерін қысқарту немесе ішінара тоқтату туралы шешім қабылданғанын айтып, жобаны қолдауды сұрады. Десек те, төралқа мүшелері спортшыларды ынталандыру жұмыстары жүйелі жүргізілуі керектігін қаперге салып, ұсынысқа келісім бермеді. Медициналық мекемелерді сенімгерлік басқаруға беру, əлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын реттеу, тағы басқа маңызды мəселелерге байланысты да қоғамдық кеңес мүшелері батыл іс-қимыл таныта білді. Келетін жаңа құрам да өз белсенділіктерімен ерекшеленетініне сенім мол.

– Айтқандай, қазір қоғамдық кеңестердің жаңа құрамын қалыптастыру – көпшілік арасында қызу талқыланып жатқанынан хабардармыз. Əлеуметтің белсенділігі артқаны жақсы, əрине. Бірақ олардың қатарында қоғамдық кеңестердің жұмысына көңілі толмайтынын айтып, жазып жатқандар да жоқ емес. Бұған не дейсіз?

– Менің ойымша, бұл – қалыпты əрі қажет құбылыс. Ел азаматтарының өңір келешегіне, өзінің жəне айналасының тағдырына бей-жай қарамауы қуантады. Жалпы, «Бес саусақ бірдей емес» демекші, неше адам болса, сонша ой-пікір қалыптасуы заңдылық. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың: «Біз жаңа саяси мəдениет қалыптастырып жатырмыз. Түрлі көзқарас, бірақ біртұтас ұлт. Өзгенің пікірін құрметтеп, диалог жүргізу арқылы ғана еліміз ілгері жылжиды», – деуінің астарында да үлкен сыр жатса керек. Сондықтан біз де адамдардың түрлі көзқарасына қарамастан, қоғамның кез келген өкілімен ашық диалог орнатуға əр кез əзірміз. Түйін сөзіміз, облыстық қоғамдық кеңес алдағы уақытта да өз қызметін тəуелсіздік, дербестік жəне жариялылық қағидаттары негізінде жүзеге асыра бермек. Кеңес жұмысы туралы толық ақпаратты bkokogamdikkenes.kz ресми сайты немесе фейсбуктегі парақшасы арқылы да оқып білуге болады.

Бауыржан Махутұлы,

zhaikpress.kz

https://zhaikpress.kz/kk/news/erbol-salykov-oblystyk-kogamdyk-kenestin-toragasy-ashyk-dialogka-ar-kez-azirmiz/

09.05.23

Қадірлі батысқазақстандықтар!

Баршаңызды өзімнің және облыстық қоғамдық кеңес мүшелерінің атынан Жеңістің 78 жылдығымен құттықтаймын! Отан үшін от кешкен қаһарман ұрпақтың қайсарлығы мен…
07.05.23

Құрметті батысқазақстандықтар!

Сіздерді Отан қорғаушы күні мерекесімен құттықтаймыз! Қарулы Күштердің қуаты, әскеріміздің әлеуеті арта берсін! Ақылды да білімді, білекті де жүректі Отан…
01.05.23

Қадірлі батысқазақстандықтар!

Баршаңызды Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен құттықтаймыз! Бұл мейрам – достықты дәріптеп, ауызбіршілікті арттыратын, бірлігімізді бекемдеп, ерік-жігерімізді еселейтін ерекше күн….
21.04.23

Қадірлі жерлестер!

Күллі мұсылман қауымы үшін ұлық мерекенің бірі – Ораза айт құтты болсын! Қасиетті Рамазан айындағы барлық дұға-тілек қабыл болғай! Еліміз…
10.04.23

БҚО қоғамдық кеңесінің төралқа отырысында 3 мәселе қаралды.

Жиынға облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Ербол Салықов төрағалық етті. Алдымен облыстық мәслихат аппаратының басшысы Әділ Жоламанов мекеменің «Б» корпусы мемлекеттік…
10.04.23

БҚО қоғамдық кеңесінің мүшесі Біржан Кухаевтың облыстық «Орал өңірі» қоғамдық-саяси газетінде жарияланған пікірі.

БҚО қоғамдық кеңесінің мүшесі Біржан Кухаевтың облыстық «Орал өңірі» қоғамдық-саяси газетінде жарияланған пікірі. #БҚОқоғамдықкеңесі #президентсөзі
05.04.23

БҚО қоғамдық кеңесінің отырысында биылғы бюджетті нақтылау мәселесі қаралды.

БҚО қоғамдық кеңесінің отырысында биылғы бюджетті нақтылау мәселесі қаралды.
24.03.23

БҚО қоғамдық кеңесінің жанындағы аумақтық даму жəне бюджет мəселелері бойынша комиссияның отырысында 2025 жылға дейінгі облыстық бюджет туралы шешімге өзгерістер енгізу мəселесі қаралды.

БҚО қоғамдық кеңесінің жанындағы аумақтық даму жəне бюджет мəселелері бойынша комиссияның отырысында 2025 жылға дейінгі облыстық бюджет туралы шешімге өзгерістер…
21.03.23

ҚАДІРЛІ БАТЫСҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР!

Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – əз Наурызбен құттықтаймыз! Наурыз – жаңа күн, жыл басы. Бұл – ескі жылды ой елегінен…
22.02.23

БҚО қоғамдық кеңесінің төралқа мүшесі Айгүл Есекенованың төрағалығымен консультативтік-кеңесші, байқаушы құрылымның төралқа отырысы өткізілді.

Онда 3 мəселе қаралды. Алдымен «Діни әдебиетті жəне діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы…
17.02.23

БҚО қоғамдық кеңесінің төрағасы Ербол Салықов түрлі салада еңбек етіп жатқан белсенді жастармен жүздесті.

Іс-шараны облыстық қоғамдық кеңестегі жастар мəселелері жəне қоғамдық мониторинг жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Біржан Кухаев ашып, жүргізді. Алдымен жиналғандарға облыстық…
01.02.23

Облыстық қоғамдық кеңес отырысының күн тəртібінде 6 мəселе қаралды.

Соның ішінде облыстық қоғамдық кеңестің мемлекеттік сатып алу аясындағы құрылыс-жөндеу жұмыстарының сапасына жүргізген мониторингінің қорытындысы туралы баяндамалар тыңдалып, мəселе жан-жақты…
01.02.23

Аймақтағы барлық деңгейдегі қоғамдық кеңестер өз қызметін дербес жүзеге асырғанымен, өңірдегі өзекті мəселелерді шешу жолында өзара тəжірибе алмасып, байланыс орнатып отырамыз.

Аймақтағы барлық деңгейдегі қоғамдық кеңестер өз қызметін дербес жүзеге асырғанымен, өңірдегі өзекті мəселелерді шешу жолында өзара тəжірибе алмасып, байланыс орнатып…
01.02.23

Облыстық қоғамдық кеңестің былтырғы жұмысы қорытындыланған отырысына аймақ басшысы Нариман Төреғалиев қатысты.

Облыстық қоғамдық кеңестің былтырғы жұмысы қорытындыланған отырысына аймақ басшысы Нариман Төреғалиев қатысты. Жиында өңірдегі өзекті мəселелер көтеріліп, облыс əкіміне бірқатар…
21.01.23

Батыс Қазақстан облысының қоғамдық кеңесінің мүшесі, саясаттанушы Хайдар Қисметұлы Қапанов облыстық «AQJAIYQ» телеарнасының «Дорога жизни» хабарында қонақта болды.

Батыс Қазақстан облысының қоғамдық кеңесінің мүшесі, саясаттанушы Хайдар Қисметұлы Қапанов облыстық «AQJAIYQ» телеарнасының «Дорога жизни» хабарында қонақта болды.
13.01.23

Өкінішке қарай, өңірде құрылысы тұралаған нысандар мен күрделі жөндеу жұмыстары жоспардан ауытқыған жобалар жоқ емес.

Мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру барысында атқарушы құрылымдар мен мердігерлер бірқатар кедергіге кезігетінін де айтып жүр. БҚО қоғамдық кеңесі бұл бағытта…
10.01.23

ЖОСПАР ЖОБАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Батыс Қазақстан облыстық қоғамдық кеңесінің төралқа отырысында консультативтік-кеңесші құрылымның биылғы бірінші жартыжылдыққа арналған жұмыс жоспарының жобасы жан-жақты талқыланды. Сондай-ақ, осы…
Директорға сұрақ қойыңыз
* - Талап етілетін өрістер
[contact-form-7 id="2093" title="Contact form 1 - Kz"]