Құрметті батысқазақстандықтар!
2022 жылғы 8 тамызда сағат 15.00-де облыстық мəслихаттың кіші залында БҚО Қоғамдық кеңесінің жанындағы диалог алаңының отырысы өткізіледі. Оған облыстық Қоғамдық кеңестің мүшелері, прокуратура, полиция департаментінің басшылығы, депутаттар, қоғам белсенділері қатысып, өңірдегі есірткінің, дəрілік заттардың заңсыз таралуы, осы бағыттағы қылмыстарды анықтау, жолын кесу мəселесін талқылайды.
Аталған мəселе бойынша айтары бар азаматтарды, ниет білдірген тұрғындарды іс-шараға қатысуға шақырамыз!
Мекенжай: Н.Назарбаев даңғылы, 201
Байланыс тел: 87112 51 35 75