Ашу
Басты бет Барлық жаңалықтар ҚАУЛЫ ЖОБАСЫ ҚАБЫЛДАНҒАН ЖОҚ

ҚАУЛЫ ЖОБАСЫ ҚАБЫЛДАНҒАН ЖОҚ

05.11.2021
181

БҚО қоғамдық кеңесінің төралқа отырысында «Спорт түрлері бойынша ҚР құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларға, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша ҚР құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамында қатысатын спортшыларға ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшерін бекіту туралы» қаулы жобасы талқыланды. Жобаны әзірлеуші орган – Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы. Аталған сала басшысының орынбасары Жеңіс Нығметуллиннің нақтылағанындай, қаулы жобасында спортшылар мен олардың жаттықтырушыларына тағайындалған стипендия мөлшерін қысқарту қарастырылып отыр. «Біз республиканың өзге өңірлерінде спортшыларға төлем жүргізілетін жарыстардың деңгейі мен жүлделі орындарға сараптама жасадық. Біздің облыс пен Қарағандыны қоспағанда, басқа аймақтар ішкі чемпионат жүлдегерлерін ішінара қаржыландыратыны белгілі болды. Мысалы, жасөспірімдер арасында ел чемпионатының жүлдегерлеріне жоғарыда аталған екі өңірден басқасында мүлдем төлем қарастырылмаған. Ал жастар арасындағы ел чемпионаты жүлдегерлерінің барлығына бірдей айлық төлем тағайындалмаған. Мәселен, Павлодар мен Ақтөбе облысында жастар арасындағы ішкі чемпионатта тек 1 орын алғандарға ғана стипендия беріледі. Біз осы тәжірибені енгізгіміз келеді. Сондай-ақ, жаттықтырушыларға әр спортшы жетістігінің 10% көлемінде ақы төлеу (қазір 20%) жоспарланды. Бұл өзгеріс бір жағынан бюджет қаражатын үнемдеуге бағытталып отыр», – деді Жеңіс Махамбетұлы.
Қаулы жобасымен алдын ала танысқан төралқа мүшелері отырыс барысында бірқатар сауал жолдап, ой-пікірін білдірді. Облыстық мәслихат хатшысы Бибігүл Қонысбаеваның ойынша қаулы жобасындағы өзгерістердің негіздемесі түсініксіз. «Төрт жыл бойы төленіп келген стипендияның мөлшерін қысқарту немесе мүлдем тоқтатып тастау есебінен бюджетті үнемдеуге ұмтылу орынды деп ойламаймын. Бұл жағдайда спортшылар мен жаттықтырушылардың да көңіл-күйін түсінуге болады. Өзге облыстардағы жағдайды күні бұрын сараптап, екшеп алу керек еді. Мүмкін, төлем мөлшерінен бұрын төлем шарттарына өзгеріс енгізу керек шығар», – деді Бибігүл Тишанқызы.
Төралқа мүшелері спортшыларды ынталандыру жұмыстары жүйелі жалғасу қажеттігін қаперге салды. Олар қаулы жобасына қарсылық танытып, бұрынғы күйінде қалдыруды қолдады.
«Біз бұдан төрт жыл бұрын спортшыларға стипендия тағайындау бастамасын қолдауымыздың басты себебі елдің жастары ынталанса, байрақты бәсекелерде өңірдің, елдің намысын қорғап, жеңіске деген құлшынысын арттырса екен дедік. Сол ойымыз өзгеріссіз қалады. Кейбір спортшылар ішкі чемпионаттардағы жетістікпен шектеліп, алға қарай ұмтылмайды деген пікірмен келісе алмаймын. Стипендия мөлшері жарыстардың деңгейіне байланысты реттеледі ғой, қай спортшы болмасын айлық төлемін арттырғанын, жалпы ел абыройын асырғанды қалайтыны анық. Қорыта айтқанда, қоғамдық кеңес өз құзыреті аясында шешім қабылдап отыр. Төралқа мүшелерінің басым дауысымен біз қаулы жобасын қабылдауға қарсымыз», – деді отырысты қорытындылаған БҚО қоғамдық кеңесінің төрағасы Ербол Ғұмарұлы.
Айта кетейік, қаулы жобасы Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған. Көпшілік талқылау мерзімі 15 қарашаға дейін жалғасады.

рисунок

рисунок

09.05.23

Қадірлі батысқазақстандықтар!

Баршаңызды өзімнің және облыстық қоғамдық кеңес мүшелерінің атынан Жеңістің 78 жылдығымен құттықтаймын! Отан үшін от кешкен қаһарман ұрпақтың қайсарлығы мен…
07.05.23

Құрметті батысқазақстандықтар!

Сіздерді Отан қорғаушы күні мерекесімен құттықтаймыз! Қарулы Күштердің қуаты, әскеріміздің әлеуеті арта берсін! Ақылды да білімді, білекті де жүректі Отан…
01.05.23

Қадірлі батысқазақстандықтар!

Баршаңызды Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен құттықтаймыз! Бұл мейрам – достықты дәріптеп, ауызбіршілікті арттыратын, бірлігімізді бекемдеп, ерік-жігерімізді еселейтін ерекше күн….
21.04.23

Қадірлі жерлестер!

Күллі мұсылман қауымы үшін ұлық мерекенің бірі – Ораза айт құтты болсын! Қасиетті Рамазан айындағы барлық дұға-тілек қабыл болғай! Еліміз…
10.04.23

БҚО қоғамдық кеңесінің төралқа отырысында 3 мәселе қаралды.

Жиынға облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Ербол Салықов төрағалық етті. Алдымен облыстық мәслихат аппаратының басшысы Әділ Жоламанов мекеменің «Б» корпусы мемлекеттік…
10.04.23

БҚО қоғамдық кеңесінің мүшесі Біржан Кухаевтың облыстық «Орал өңірі» қоғамдық-саяси газетінде жарияланған пікірі.

БҚО қоғамдық кеңесінің мүшесі Біржан Кухаевтың облыстық «Орал өңірі» қоғамдық-саяси газетінде жарияланған пікірі. #БҚОқоғамдықкеңесі #президентсөзі
05.04.23

БҚО қоғамдық кеңесінің отырысында биылғы бюджетті нақтылау мәселесі қаралды.

БҚО қоғамдық кеңесінің отырысында биылғы бюджетті нақтылау мәселесі қаралды.
24.03.23

БҚО қоғамдық кеңесінің жанындағы аумақтық даму жəне бюджет мəселелері бойынша комиссияның отырысында 2025 жылға дейінгі облыстық бюджет туралы шешімге өзгерістер енгізу мəселесі қаралды.

БҚО қоғамдық кеңесінің жанындағы аумақтық даму жəне бюджет мəселелері бойынша комиссияның отырысында 2025 жылға дейінгі облыстық бюджет туралы шешімге өзгерістер…
21.03.23

ҚАДІРЛІ БАТЫСҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР!

Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – əз Наурызбен құттықтаймыз! Наурыз – жаңа күн, жыл басы. Бұл – ескі жылды ой елегінен…
22.02.23

БҚО қоғамдық кеңесінің төралқа мүшесі Айгүл Есекенованың төрағалығымен консультативтік-кеңесші, байқаушы құрылымның төралқа отырысы өткізілді.

Онда 3 мəселе қаралды. Алдымен «Діни әдебиетті жəне діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы…
17.02.23

БҚО қоғамдық кеңесінің төрағасы Ербол Салықов түрлі салада еңбек етіп жатқан белсенді жастармен жүздесті.

Іс-шараны облыстық қоғамдық кеңестегі жастар мəселелері жəне қоғамдық мониторинг жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Біржан Кухаев ашып, жүргізді. Алдымен жиналғандарға облыстық…
01.02.23

Облыстық қоғамдық кеңес отырысының күн тəртібінде 6 мəселе қаралды.

Соның ішінде облыстық қоғамдық кеңестің мемлекеттік сатып алу аясындағы құрылыс-жөндеу жұмыстарының сапасына жүргізген мониторингінің қорытындысы туралы баяндамалар тыңдалып, мəселе жан-жақты…
01.02.23

Аймақтағы барлық деңгейдегі қоғамдық кеңестер өз қызметін дербес жүзеге асырғанымен, өңірдегі өзекті мəселелерді шешу жолында өзара тəжірибе алмасып, байланыс орнатып отырамыз.

Аймақтағы барлық деңгейдегі қоғамдық кеңестер өз қызметін дербес жүзеге асырғанымен, өңірдегі өзекті мəселелерді шешу жолында өзара тəжірибе алмасып, байланыс орнатып…
01.02.23

Облыстық қоғамдық кеңестің былтырғы жұмысы қорытындыланған отырысына аймақ басшысы Нариман Төреғалиев қатысты.

Облыстық қоғамдық кеңестің былтырғы жұмысы қорытындыланған отырысына аймақ басшысы Нариман Төреғалиев қатысты. Жиында өңірдегі өзекті мəселелер көтеріліп, облыс əкіміне бірқатар…
21.01.23

Батыс Қазақстан облысының қоғамдық кеңесінің мүшесі, саясаттанушы Хайдар Қисметұлы Қапанов облыстық «AQJAIYQ» телеарнасының «Дорога жизни» хабарында қонақта болды.

Батыс Қазақстан облысының қоғамдық кеңесінің мүшесі, саясаттанушы Хайдар Қисметұлы Қапанов облыстық «AQJAIYQ» телеарнасының «Дорога жизни» хабарында қонақта болды.
13.01.23

Өкінішке қарай, өңірде құрылысы тұралаған нысандар мен күрделі жөндеу жұмыстары жоспардан ауытқыған жобалар жоқ емес.

Мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру барысында атқарушы құрылымдар мен мердігерлер бірқатар кедергіге кезігетінін де айтып жүр. БҚО қоғамдық кеңесі бұл бағытта…
10.01.23

ЖОСПАР ЖОБАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Батыс Қазақстан облыстық қоғамдық кеңесінің төралқа отырысында консультативтік-кеңесші құрылымның биылғы бірінші жартыжылдыққа арналған жұмыс жоспарының жобасы жан-жақты талқыланды. Сондай-ақ, осы…
Директорға сұрақ қойыңыз
* - Талап етілетін өрістер
[contact-form-7 id="2093" title="Contact form 1 - Kz"]