Ашу
Басты бет Барлық жаңалықтар ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

01.07.2024
307

Жуырда Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңесінің отырысы оздырылды. Кеңес отырысын төраға Е.Салықов жүргізді.

Жиынға облыстық Қоғамдық кеңестің 22 мүшесі, облыстық басқарма басшылары, БАҚ және азаматтық қоғам өкілдері қатысты.

Күн тәртібінде бес мәселе қаралды.

Бірінші «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар туралы (аяқталмаған құрылыс нысандары,білім саласындағы пилоттық жоба мен қаржыландыру мәселесі, жер берудегі процестерді интеграциялау және автоматтандыру, мемлекетік сатып алу мәселелері)» ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Мұратбек Қасымов хабарлама жасады. Департамент бөлінген бюджет қаражатының мақсатты жұмсалуын және құрылыстың уақтылы аяқталмау себептерін талдай отырып, проблемалық объектілердің мониторингі тұрақты негізде жүзеге асыратынын жеткізді.

Мәселен, 2023 жылы өңір бойынша жалпы сомасы 14 млрд.теңгеге барлығы 7 тәуекелді әлеуметтік маңызы бар объект анықталды (оның ішінде 2023 жылы 3 нысанның құрылысы аяқталды), олардың 4-і бойынша мердігерлер құрылыс-монтаждау жұмыстарын уақтылы жүргізбеу салдарынан белгіленген мерзімде пайдалануға берілмегенін айтты.

Облыстық маңызы бар. «Федоровка-Ақсай» 43-58 шақырым автокөлік жолын орташа жөндеуге байланысты, Департамент бастама бойынша БҚО тексеру комиссиясымен тексеріс жүргізілгені туралы ақпарат берді.

Осы бағытта, ағымдағы жылдың 5 айлық қорытындысы бойынша, мемлекеттік сатып алу жоспарына Департаментпен жүргізілген мониторинг нәтижесінде 473 506 089 теңге қаражат үнемделгенін кеңес мүшелерінің қатеріне берді.

Облыс аумағында адамдардың жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін алуға тұрған кезекке сәйкес Департамент сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу нәтижелері бойынша облыстың көптеген аудандарында және Орал қаласында жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер беру кезегі сақталмайтыны, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталғанын айтты.

Мәселен, Жәнібек ауылдық округінің әкімімен кезекте тұрмаған 18 адамға жеке тұрғын үй салу үшін 22 жер учаскесі берілгені немесе Орал қаласы бойынша 2022 жылдан бастап барлығы 628 адамға жер берілгені, бірақ учаскенің кезегіндегі тізімнен шығарылмағаны, мысалы бір адам – Орал қаласында жер учаскесін алу үшін 7 рет кезекте тұрғаны анықталғанын жеткізді.

Сонымен бірге жекеменшік балабақшаларды бюджеттен қаржыландыру кезінде, санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды негізінде берілген жобалық қуаттылығы бойынша емес, олардың өздері толтырып, білім беру бөлімдеріне беретін табелдерде көрсетілген тәрбиеленушілер саны бойынша төленгені, айталық «Тасқала ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі жекеменшік балабақшада 40 тәрбиеленуші болды деп (25 балаға артық), оларға 2022 жылы 13 604 361 теңге, 2023 жылы 16 292 320 теңге артық аударғаны анықталып, тиісті шешім қабылданғанын жеткізді. Осы тектес бұзушылықтар, басқа да аудандық білім беру бөлімдерінде орын алғанын, соның бірі комиссия құрамында негізінен білім беру бөлімі мамандарының үлесі басым болғанын айтты. Тексеру нәтижесінде Орал қаласы бойынша 15 комиссия мүшесінің 9-ы білім бөлімінің мамандары, Тасқала ауданы бойынша комиссияның 7 мүшесінің 4-і білім бөлімінен болып шыққан. Баяндамашы жиын барысында балабақша кезегі, орын беру, балалардың нақты есебі, санитарлық нормалардың сақталуы туралы бақылауды цифрландыру мақсатында Орал қаласы білім беру бөлімінің «Жұлдыз-ай» және «Заңғар» бөбекжайларында пилоттық жоба ретінде сәтті іске асырылып жатқанын айтты.

Мәселе бойынша жан-жақты талқыланып, Қоғамдық кеңес мүшелерімен бірлесіп монинторг жасау ұсыныстарымен, тиісті қарар қабылданды.

«Батыс Қазақстан облысының қалалар мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бекіту туралы» облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Мирас Мүлкәй хабарламасын Кеңес мүшелері тыңдап және талқылап, контейнерлік алаңдарды, қалдықтардың барлық түрлеріне арналған қоқыс жәшіктерін күтіп-ұстау және тұрғындардың жауапкершілігін арттыру үшін бейне камералар арқылы бақылауды ұйымдастыру шараларын қағидаға енгізуді ұсынды. Кеңес мүшелері қағидаларды бекіту туралы облыстық мәслихатының шешім жобасын мақұлдады.

Келесі «Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы бойынша ауыл шаруашылығы басқармасының есебі» туралы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының м.а. Рустем Зулкашев хабарламасында «Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, ауыл шаруашылығы малын сатып алудың лизингі, басым дақылдардың өндірісіне, тыңайтқыштар құнын, тұқым шаруашылығын дамытуды, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды және басқа да барлығы 5 329 мемлекеттік қызметтер көрсетілгенін айтты. Кеңес мүшелері Р.Зулкашевтің есебін мақұлдады.

«Батыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы бойынша облыстық ветеринария басқармасының есебі туралы» облыстық ветеринария басқармасының басшысы Серік Нұрмағанбетов баяндады. Ол өз сөзінде 2024 жылдың 1-ші тоқсанында ветеринария саласы бойынша 40 796 мемлекеттік қызмет көрсетілгенін айтып берді. Соның ішінде: «Ветеринариялық анықтамалар беру» — 9273, «Ветеринариялық паспорт беру» — 31464, «Ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді түзету» — 59 болғанын және бұралқы иттер, киік мәселесі т.б. жалпы өңірдің ветеринарлық жағдайы жөнінде кеңес мүшелерінің сұрақтарына жауап берді. Сонымен бірге бұл мәселені шешу, жұмыстарды сапалы жүргізу үшін ауылдық округтерде интернет желісінің жылдамдығын арттыру жұмыстарын жүргізу қажет екенін жеткізді.

«Батыс Қазақстан облыстық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» облыстық мәслихаты аппаратының басшысы Алмас Хайруллиннің ұсынысын Қоғамдық кеңес мүшелері қолдады.

Күн тәртібіндегі барлық мәселелер қаралып, тиісті қарар қабылданды.

27.09.24

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңестің отырысы оздырылды. Кеңес отырысын төраға Е.Салықов жүргізіп, жиынға  облыстық Қоғамдық кеңестің 21 мүшесі, БАҚ өкілдері,…
09.09.24

Қоғамдық кеңестің төралқа отырысы өтті

Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңес төралқа отырысын, кеңес төрағасы Ербол Салықов ашып, жүргізді. Жиынға төралқа мүшелері және атқарушы органдар басшылары…
03.09.24

Жолдауды қолдау – ел өркендеуінің негізі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын жасады. Мемлекет басшысы…
29.08.24

Құрметті отандастар, барша халайық!

Сіздерді мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Ата Заң — халқымыздың ғасырлар бойы тәуелсіз ел болуын…
09.08.24

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңесінің отырысы оздырылды. Кеңес отырысын төраға Ербол Салықов жүргізді. Кеңеске облыс әкімінің орынбасары Тілепберген Каюпов, облыстық…
19.07.24

Елімізде АЭС салу мәселесі бойынша жария талқылау өтті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылғы бірінші қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Болашақта әлі талай қоғамдық…
05.07.24

Қадірлі жерлестер!

Сіздерді Ұлттық домбыра күні мерекесімен құттықтаймыз! Домбыра – қазақ халқының өте ертеден және кең тараған, нағыз табиғи ұлттық музыкалық, қасиетті…
05.07.24

Құрметті жерлестер!

Сіздерді Астана күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Астана – тәуелсіз еліміздің жемісі, Қазақстанның зор қуаты мен бұла күші. Бұл – отандастарымыздың…
28.06.24

Құрметті Бұқаралық ақпарат құралдары саласының қызметкерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Бүгінгі күні еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары азаматтық қоғамның құрамдас бөлшегі ретінде билік пен бұқараның…
20.06.24

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ОЗДЫРЫЛДЫ

Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңесінің отырысы оздырылды. Кеңес отырысын төраға Е.Салықов жүргізді. Жиынға облыстық Қоғамдық кеңестің 24 мүшесі, облыстық басқарма…
30.05.24

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңестің отырысы оздырылды. Кеңес отырысын төраға Е.Салықов жүргізіп, жиынға облыстық Қоғамдық кеңестің 22 мүшесі, БАҚ өкілдері,…
09.05.24

Құрметті батыс қазақстандықтар!

Сіздерді адамзат тарихында ұмытылмас із қалдырған Ұлы Отан соғысының аяқталған күні – Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл күн…
07.05.24

Құрметті батысқазақстандықтар!

Отан қорғаушы күні құтты болсын! Қазақ елінің шекарасы берік, іргесі нық, келешегі кемел болғай! Халқымыздың бақ-дәулеті арта бергей! Еліміз амандық,…
01.05.24

Ардақты ағайын, қадірлі жерлестер!

Баршаңызды Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймыз! Бұл — ұйымшылдыққа ұйысқан ұлттың, бір шаңырақ астында татулықты ту еткен этнос өкілдерінің береке-бірлігін…
29.04.24

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Жуырда Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті. Төраға Е.Салықов жүргізген жиынға 24 облыстық Қоғамдық кеңестің мүшесі мен облыс әкімінің…
07.04.24

ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!

Еліміздің бірқатар өңірінде күрделі жағдай қалыптасып отырған қазіргі кезеңде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың су тасқыны салдарынан қалыптасқан ауыр жағдайға байланысты…
20.03.24

ҚҰРМЕТТІ ХАЛАЙЫҚ, ҚАДІРЛІ ДОСТАР!

Баршаңызды халқымыздың ең ұлы мерекесі, адам баласы мен табиғат ана қайта жаңғырып, түлейтін — әз Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!…
Директорға сұрақ қойыңыз
* - Талап етілетін өрістер
[contact-form-7 id="2093" title="Contact form 1 - Kz"]