Ашу
Басты бет Барлық жаңалықтар ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

09.08.2024
312

Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңесінің отырысы оздырылды. Кеңес отырысын төраға Ербол Салықов жүргізді. Кеңеске облыс әкімінің орынбасары Тілепберген Каюпов, облыстық Қоғамдық кеңестің 21 мүшесі, облыстық басқарма басшылары, БАҚ және азаматтық қоғам өкілдері қатысты.

Күн тәртібінде төрт мәселе қаралды, алдымен «Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2023 жылғы 14 желтоқсандағы «2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселе бойынша облыстық қаржы басқармасының басшысы Нұрлан Есенғалиев хабарлама жасады. Басқарма басшысы хабарламасында облыстық бюджет көлемі осы кезеңге 504,3 млрд. теңге құраса, 11,1 млрд. көлемінде кірістердің ұлғаюуына байланысты 515,4 млрд. теңгеге нақтыланғанын жеткізді.

Осы өзгерістерге сай әлеуметтік сала шығыстарына 3,3 млрд. теңге, соның ішінде 1,2млрд. білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт ұйымдарының ағымдағы шығыстары және материалдық-техникалық жабдықтауға, 1млрд.теңге 20 денсаулық сақтау нысандары мен құрылысын жалғастыруға, 543,3 млн.теңге Теректі ауданының аудандық емхана құрылысын аяқтауға және «Казталов аудандық ауруханасы» МКК тоңазытқыш жабдығы бар мәйітханаға арналған модульдік конструкция ғимаратын сатып алуға, облыстық мерзімді баспа басылымдарында (газеттерде) және республикалық интернет-ресурстарда ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыруға, бағытталғанын жеткізді.

Тұрғын үй-коммунальдық шаруашылық саласы шығыстарына 2,6 млрд.теңге бөлуге, Көлік және коммуникация саласы шығыстарына 2,5 млрд. теңге Жаңақала, Жәнібек, Теректі, Бөкей ордасы, Казталов, Ақжайық және Бәйтерек аудандарының аутожолдарын күрделі, орташа жөндеуді жалғастыру және аяқтауға жоспарланғанын жеткізді.

Қоғамдық кеңес мүшелері Азамат Мусилов, Мақсот Берген, Айгул Есекенова, Искендир Илимисов, Мағауия Есмагулов, Нұрлан Сәдір «2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселені талқылауға белсене қатысып, өз ұсыныстарын ортаға салды.

Мәселе бойынша Кеңес мүшелері нақты сұрақтар қойып, хабарламашы Н.Есенғалиев және кейбір сұрақтарды облыс әкімінің орынбасары Т.Каюпов түсіндіріп берді. Облыстық бюджетке ұсынылған өзгерістер Кеңес мүшелерінің ұсыныстарымен толық қабылданды.

Екінші мәселе Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 18 ақпандағы «Батыс Қазақстан облысының ауыз-сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды оқшау жүйелерінің тізбесін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Мирас Мүлкәйдің қаулыға өзгеріс енгізу туралы ұсынысын кеңес мүшелері қолдады.

Келесі, Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы бойынша басқарма есебі туралы облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Қуанышбек Мұханғалиев хабарлама жасады. Кеңес мүшелері өңірде мемлекеттік тілді дамытуда әсіресе Орал қаласындағы жарнамалар, мекеме атаулары т.б.жұмыстарына, ескерткіш қою немесе алып тастау жөнінде кейбір мәселелерге тоқталып, ұсыныстарымен басқарма есебі мақұлданды.

Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы бойынша басқарма есебі туралы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Бақберген Абуов хабарлама жасады. Басқарманың мемлекеттік қызметтің екі түрін көрсететінін, «Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту» және «Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту» бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілгенін жеткізді. Басқарманың жұмысына жан-жақты тоқталды.

Күн тәртібіндегі барлық мәселелер қаралып, тиісті қарар қабылданды.

27.09.24

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңестің отырысы оздырылды. Кеңес отырысын төраға Е.Салықов жүргізіп, жиынға  облыстық Қоғамдық кеңестің 21 мүшесі, БАҚ өкілдері,…
09.09.24

Қоғамдық кеңестің төралқа отырысы өтті

Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңес төралқа отырысын, кеңес төрағасы Ербол Салықов ашып, жүргізді. Жиынға төралқа мүшелері және атқарушы органдар басшылары…
03.09.24

Жолдауды қолдау – ел өркендеуінің негізі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын жасады. Мемлекет басшысы…
29.08.24

Құрметті отандастар, барша халайық!

Сіздерді мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Ата Заң — халқымыздың ғасырлар бойы тәуелсіз ел болуын…
19.07.24

Елімізде АЭС салу мәселесі бойынша жария талқылау өтті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылғы бірінші қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Болашақта әлі талай қоғамдық…
05.07.24

Қадірлі жерлестер!

Сіздерді Ұлттық домбыра күні мерекесімен құттықтаймыз! Домбыра – қазақ халқының өте ертеден және кең тараған, нағыз табиғи ұлттық музыкалық, қасиетті…
05.07.24

Құрметті жерлестер!

Сіздерді Астана күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Астана – тәуелсіз еліміздің жемісі, Қазақстанның зор қуаты мен бұла күші. Бұл – отандастарымыздың…
01.07.24

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Жуырда Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңесінің отырысы оздырылды. Кеңес отырысын төраға Е.Салықов жүргізді. Жиынға облыстық Қоғамдық кеңестің 22 мүшесі, облыстық…
28.06.24

Құрметті Бұқаралық ақпарат құралдары саласының қызметкерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Бүгінгі күні еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары азаматтық қоғамның құрамдас бөлшегі ретінде билік пен бұқараның…
20.06.24

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ОЗДЫРЫЛДЫ

Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңесінің отырысы оздырылды. Кеңес отырысын төраға Е.Салықов жүргізді. Жиынға облыстық Қоғамдық кеңестің 24 мүшесі, облыстық басқарма…
30.05.24

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңестің отырысы оздырылды. Кеңес отырысын төраға Е.Салықов жүргізіп, жиынға облыстық Қоғамдық кеңестің 22 мүшесі, БАҚ өкілдері,…
09.05.24

Құрметті батыс қазақстандықтар!

Сіздерді адамзат тарихында ұмытылмас із қалдырған Ұлы Отан соғысының аяқталған күні – Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл күн…
07.05.24

Құрметті батысқазақстандықтар!

Отан қорғаушы күні құтты болсын! Қазақ елінің шекарасы берік, іргесі нық, келешегі кемел болғай! Халқымыздың бақ-дәулеті арта бергей! Еліміз амандық,…
01.05.24

Ардақты ағайын, қадірлі жерлестер!

Баршаңызды Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймыз! Бұл — ұйымшылдыққа ұйысқан ұлттың, бір шаңырақ астында татулықты ту еткен этнос өкілдерінің береке-бірлігін…
29.04.24

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Жуырда Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті. Төраға Е.Салықов жүргізген жиынға 24 облыстық Қоғамдық кеңестің мүшесі мен облыс әкімінің…
07.04.24

ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!

Еліміздің бірқатар өңірінде күрделі жағдай қалыптасып отырған қазіргі кезеңде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың су тасқыны салдарынан қалыптасқан ауыр жағдайға байланысты…
20.03.24

ҚҰРМЕТТІ ХАЛАЙЫҚ, ҚАДІРЛІ ДОСТАР!

Баршаңызды халқымыздың ең ұлы мерекесі, адам баласы мен табиғат ана қайта жаңғырып, түлейтін — әз Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!…
Директорға сұрақ қойыңыз
* - Талап етілетін өрістер
[contact-form-7 id="2093" title="Contact form 1 - Kz"]