Ашу
Басты бет Барлық жаңалықтар ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

27.09.2024
342

Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңестің отырысы оздырылды.

Кеңес отырысын төраға Е.Салықов жүргізіп, жиынға  облыстық Қоғамдық кеңестің 21 мүшесі, БАҚ өкілдері, облыстық басқарма басшылары қатысты. Отырыста жеті  мәселе қаралды.

Күн тәртібінде Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2013 жылғы 11 наурыздағы және Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 28 наурыздағы «Жер учаскелерi жеке меншiкке берiлген кезде олар үшiн төлемақының базалық ставкалары туралы» бірлескен қаулысына және шешіміне өзгеріс енгізу туралы бірінші мәселе бойынша облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Нұржан Мақсотов хабарлама жасап, облыс көлемінде елді мекендердің ауыстырылуына байланысты облыс әкімдігінің, облыстық мәслихатының бірлескен қаулысына және шешіміне тиісті өзгеріс енгізуді ұсынды. Төлемақының базалық ставкалары өзгеріссіз қалатынын жеткізді. Қоғамдық кеңес мүшелері жобаны қолдады.

Келесі «Батыс Қазақстан облысы бойынша жерлеудің және зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастырудың қағидаларын бекіту туралы» облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Мирас Мүлкәй хабарлама жасап, бұл мәселені үстіміздегі жылдың сәуір айында қаралған соң, облыстық Әділет департаментінің берген ұсынысымен қайта бекітуді кеңес мүшелеріне ұсынды. Ұсыныс қабылданды.

«Батыс Қазақстан облысы бойынша үй жануарларын ұстаудың және серуендетудің қағидаларын бекіту туралы» Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2022 жылғы 12 қазандағы №14-5 шешіміне өзгеріс енгізу туралы хабарламаны облыстық ветеринария басқармасы басшысының м.а. Нұрқайыр Кусаенов  жасады. Бұл мәселені талқылауда Мақсот Берген, Али Бектұрғанов, Бауыржан Ғұбайдуллин, Жансұлу Сабирова, Данильбек Саратов, Нұрлан Сәдір және басқа да кеңес мүшелері өз ойларын ортаға салды. Итті үйден қысқа қарғы бау, ілмек немесе тұмылдырық кигізбей шығаратын, иттерін кез келген жерге қоя беріп серуендетін, тиісті талаптарды орындамайтын үй жануарлары иелеріне шара алуда полициямен бірге реидттерге шығып, жұмыстануға ұсыныс жасалды. Биылғы саяжайларды су басуға байланысты Орал қаласының көшесінде иесіз иттердің топ-тобымен жүруі, этаж үйде тұратын тұрғындардың иттерге тамақ беруі,  ветеринарлық тексеруден өтпеуі, көшедегі адамдарға шабуылы, балалар қауіпсіздігін қорғау бағытында жүйелі жұмыстануды, тиісті шара алуды хабарламашы облыстық ветеринария басқарма басшысының м.а. Н.Кусаеновтің қатеріне беріп, осы жұмыстың атқарылуы туралы басқарма есебін осы жылдың желтоқсан айында қарау жөнінде келісілді.

«Батыс Қазақстан облысының ауылдық жерге, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларға жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлерін әлеуметтік қолдау шараларының жүйесін, сондай-ақ оларға бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Асылбек   Каналиев хабарлама жасады. Хабарламашы өз сөзінде осы жобаның облыс, аудан, ауылдарға медицина мамандарын жіберу, тұрақтандыру, денсаулық сапасын арттыру мен жақсартуда  оң өзгеріс болғанын, қазірдің өзінде өңірге келген медицина қызметкерлерінің саны 123 маманға жеткенін атап айтты. Бұл жұмыстың одан әрі жалғасатынын  медицина және фармацевтика қызметкерлерін әлеуметтік қолдау шараларының жүйесін, сондай-ақ оларға бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін айқындаудың маңызын түсіндірді. Қоғамдық кеңес мүшелері толық қолдады.

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 19 қарашадағы «Батыс Қазақстан облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларын бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы, «Батыс Қазақстан облыстық маслихатының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Батыс Қазақстан облысының аумағында ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы және «2024 жылға арналған Батыс Қазақстан облысы бойынша тыңайтқыштардың (органиқалық тыңайтқыштарды коспағанда) субсидияланатын тыңайтқыштар түрлерінің тізбесі және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограмына) арналған субсидиялардың нормаларын, сондай-ақ субсидиялар көлемін бекіту туралы» Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2024 жылғы 20 наурыздағы қаулысына толықтырулар енгізу туралы үш мәселе туралы хабарламаларды облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Жасұлан Халиуллин жасады.

Қоғамдық кеңес мүшелері барлық жасаған хабарламалар бойынша  сұрақтарын қойып, талқыланғаннан кейін тиісті шешім қабылданды. Төраға жиынды қорытындылады.

09.09.24

Қоғамдық кеңестің төралқа отырысы өтті

Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңес төралқа отырысын, кеңес төрағасы Ербол Салықов ашып, жүргізді. Жиынға төралқа мүшелері және атқарушы органдар басшылары…
03.09.24

Жолдауды қолдау – ел өркендеуінің негізі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын жасады. Мемлекет басшысы…
29.08.24

Құрметті отандастар, барша халайық!

Сіздерді мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Ата Заң — халқымыздың ғасырлар бойы тәуелсіз ел болуын…
09.08.24

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңесінің отырысы оздырылды. Кеңес отырысын төраға Ербол Салықов жүргізді. Кеңеске облыс әкімінің орынбасары Тілепберген Каюпов, облыстық…
19.07.24

Елімізде АЭС салу мәселесі бойынша жария талқылау өтті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылғы бірінші қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Болашақта әлі талай қоғамдық…
05.07.24

Қадірлі жерлестер!

Сіздерді Ұлттық домбыра күні мерекесімен құттықтаймыз! Домбыра – қазақ халқының өте ертеден және кең тараған, нағыз табиғи ұлттық музыкалық, қасиетті…
05.07.24

Құрметті жерлестер!

Сіздерді Астана күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Астана – тәуелсіз еліміздің жемісі, Қазақстанның зор қуаты мен бұла күші. Бұл – отандастарымыздың…
01.07.24

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Жуырда Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңесінің отырысы оздырылды. Кеңес отырысын төраға Е.Салықов жүргізді. Жиынға облыстық Қоғамдық кеңестің 22 мүшесі, облыстық…
28.06.24

Құрметті Бұқаралық ақпарат құралдары саласының қызметкерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Бүгінгі күні еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары азаматтық қоғамның құрамдас бөлшегі ретінде билік пен бұқараның…
20.06.24

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ОЗДЫРЫЛДЫ

Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңесінің отырысы оздырылды. Кеңес отырысын төраға Е.Салықов жүргізді. Жиынға облыстық Қоғамдық кеңестің 24 мүшесі, облыстық басқарма…
30.05.24

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңестің отырысы оздырылды. Кеңес отырысын төраға Е.Салықов жүргізіп, жиынға облыстық Қоғамдық кеңестің 22 мүшесі, БАҚ өкілдері,…
09.05.24

Құрметті батыс қазақстандықтар!

Сіздерді адамзат тарихында ұмытылмас із қалдырған Ұлы Отан соғысының аяқталған күні – Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл күн…
07.05.24

Құрметті батысқазақстандықтар!

Отан қорғаушы күні құтты болсын! Қазақ елінің шекарасы берік, іргесі нық, келешегі кемел болғай! Халқымыздың бақ-дәулеті арта бергей! Еліміз амандық,…
01.05.24

Ардақты ағайын, қадірлі жерлестер!

Баршаңызды Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймыз! Бұл — ұйымшылдыққа ұйысқан ұлттың, бір шаңырақ астында татулықты ту еткен этнос өкілдерінің береке-бірлігін…
29.04.24

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Жуырда Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті. Төраға Е.Салықов жүргізген жиынға 24 облыстық Қоғамдық кеңестің мүшесі мен облыс әкімінің…
07.04.24

ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!

Еліміздің бірқатар өңірінде күрделі жағдай қалыптасып отырған қазіргі кезеңде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың су тасқыны салдарынан қалыптасқан ауыр жағдайға байланысты…
20.03.24

ҚҰРМЕТТІ ХАЛАЙЫҚ, ҚАДІРЛІ ДОСТАР!

Баршаңызды халқымыздың ең ұлы мерекесі, адам баласы мен табиғат ана қайта жаңғырып, түлейтін — әз Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!…
Директорға сұрақ қойыңыз
* - Талап етілетін өрістер
[contact-form-7 id="2093" title="Contact form 1 - Kz"]