Ашу
Басты бет Барлық жаңалықтар ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ОЗДЫРЫЛДЫ

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ОЗДЫРЫЛДЫ

20.06.2024
308

Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңесінің отырысы оздырылды. Кеңес отырысын төраға Е.Салықов жүргізді. Жиынға облыстық Қоғамдық кеңестің 24 мүшесі, облыстық басқарма басшылары, БАҚ және азаматтық қоғам өкілдері қатысты.

Күн тәртібінде алты мәселе қаралды, алдымен «Батыс Қазақстан облысының 2023 жылға арналған облыстық бюджетінің атқарылуы жөніндегі жылдық есебі туралы» айтылды. Облыстық қаржы басқармасының басшысы Нұрлан Есенғалиевтің баяндауынша облыстық бюджеттің түсімдер жоспары 2023 жылға 368 268,7 млн.теңге сомасында бекітіліп, нақтылау мен түзетулер нәтижесінде 48 539,4 млн.теңгеге ұлғайтылып, нақты түскені 433 811,4 млн.теңге немесе нақтыланған болжамға 104,1% орындалғанын мәлім етті.

Жыл қорытындысы бойынша облыстық бюджетке түсетін салықтық түсімдер құрылымының негізгі салық түрлерін жеке табыс, корпоративтік және әлеуметтік салығы құрады, тиісінше жалпы салықтық түсімдердің 96,3% (108 830,7 млн.теңге) жиналғанын айтты.

Салықтық түсімдердің жоспары 99 723,1 млн.теңге болғанда, түсімдер 112 973,7 млн.теңгені құрағанын жеткізді.

Облыстық бюджеттің шығыс бөлігінің жоспары 99,1%-ға орындалғанын жеткізді. Игерілмеген қаражаттардың басым бөлігі құрылыс басқармасы, автожолдар басқармасы, денсаулық сақтау басқармасы, табиғи ресурстар басқармасына тиесілі екенін және орындалмаған себептеріне нақты тоқталды. Өткен жылдармен салыстырғанда, бюджет қаражатын игеруде оң тенденция байқалатынын жеткізді.

Хабарламашы 2023 жылғы бюджеттің басым бағыттары әлеуметтік сала шығыстарына 239,1 млрд.теңгені немесе жалпы облыстық бюджет шығыстарының 57,9 пайызын құрағанын, атап айтқанда білім беруге – 193,5 млрд, денсаулық сақтауға – 16,1 млрд, әлеуметтік қамсыздандыруға – 18,6 млрд, мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістікке – 10,9 млрд жұмсалғанын Қоғамдық кеңес мүшелерінің қатеріне берді.

Сонымен бірге агроөнеркәсіптік кешен саласына ауыл шаруашылығы малын алуға, техниканы және технологиялық жабдықты сатып алуға, шығындарын субсидиялауға, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыруға, ауыл халқының кірістерін арттыру жобасына, өнімдерінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялауға бағытталды.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және құрылыс саласына Орал қаласы мен аудандар аумағында тұрғын үй құрылысына, оларға инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым тартуға, тұрғын үйлер сатып алуға, ауылдық елді мекендерде сумен жабдықтау жүйесін дамытуға жұмсалынғанын баяндады.

Бұнымен қоса, қоршаған ортаны қорғау объектілерін қайта жаңғырту және құрылысына да тиісті қаражаттар бөлінгенін, көлік саласына, кәсіпкерлік дамыту, Қоғамдық тәртіп және қорғаныс саласын қамтамасыз етуге бағытталғанын жеткізді.

Кеңес мүшелерінің сұрақтарына басқарма басшысы жауап берді.

2023 жылға арналған облыстық бюджетінің атқарылуы жөніндегі есебі бірауыздан қабылданды.

Күн тәртібіндегі келесі «Батыс Қазақстан облысы бойынша жерлеу және қабірлерді қарап-күту жөніндегі істі ұйымдастыру қағидалары туралы» шешімге өзгерістер енгізу мәселесінде Қоғамдық кеңес мүшелері облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы М.Мүлкайдың хабарламасын тыңдап, Орал қаласындағы зираттарды ретке келтіру, көктем, күзде адамдардың баруына қиындық келтіретін зиратқа барар жолды кеңіту, қиыршық тастар төсеу, қыста жолды қардан тазалау жұмыстарын қатерлеуді ұсынды. Кеңес мүшелері аталмыш шешімге өзгерістер енгізуді қолдады.

Келесі «Батыс Қазақстан облысының білім басқармасында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы бойынша білім басқармасының есебі» туралы мәселеде облыстық білім басқармасы басшысының м.а. А.Жүнісова хабарлама жасады. Білім саласы бойынша отыз төрт мемлекеттік қызметтің үшеуі қағаз түрінде, алтауы электронды, жиырма бесі электронды және қағаз түрінде көрсетілетінін жеткізді. Қоғамдық кеңес мүшелері М.Берген «Батыс Қазақстан жоғары медициналық колледжі» ЖШС құрылымы туралы, Ж.Төремұратова Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының «Батыс Қазақстан индустриалды колледжін» сенімгерлікке беру мәселесінде бақылау қажеттілігін, алушы жақтың өз міндеттерін толық орындамайтынын, білім сапасын жақсарту туралы айтты.

«Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы бойынша басқарма есебі» туралы хабарлама жасаған басқарма басшысы Ж.Нигметуллинге Қоғамдық кеңес мүшелері «Ақжайық футбол клубының жәй-күйі туралы, өңірде бұқаралық спорт, балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінде жұмыстарды жақсарту, биылғы Париж қаласында өтетін Олимпиада ойынына облыс атынан тек бір адамның қатысуы аз екенін айтып, ұсыныстарын жеткізді. Кеңес мүшесі Б.Заки басқарма басшысына құқықбұзушылыққа жол бермеуге тілек білдірді.

Күн тәртібіндегі барлық мәселелер қаралып, тиісті қарар қабылданды.

27.09.24

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңестің отырысы оздырылды. Кеңес отырысын төраға Е.Салықов жүргізіп, жиынға  облыстық Қоғамдық кеңестің 21 мүшесі, БАҚ өкілдері,…
09.09.24

Қоғамдық кеңестің төралқа отырысы өтті

Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңес төралқа отырысын, кеңес төрағасы Ербол Салықов ашып, жүргізді. Жиынға төралқа мүшелері және атқарушы органдар басшылары…
03.09.24

Жолдауды қолдау – ел өркендеуінің негізі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын жасады. Мемлекет басшысы…
29.08.24

Құрметті отандастар, барша халайық!

Сіздерді мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Ата Заң — халқымыздың ғасырлар бойы тәуелсіз ел болуын…
09.08.24

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңесінің отырысы оздырылды. Кеңес отырысын төраға Ербол Салықов жүргізді. Кеңеске облыс әкімінің орынбасары Тілепберген Каюпов, облыстық…
19.07.24

Елімізде АЭС салу мәселесі бойынша жария талқылау өтті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылғы бірінші қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Болашақта әлі талай қоғамдық…
05.07.24

Қадірлі жерлестер!

Сіздерді Ұлттық домбыра күні мерекесімен құттықтаймыз! Домбыра – қазақ халқының өте ертеден және кең тараған, нағыз табиғи ұлттық музыкалық, қасиетті…
05.07.24

Құрметті жерлестер!

Сіздерді Астана күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Астана – тәуелсіз еліміздің жемісі, Қазақстанның зор қуаты мен бұла күші. Бұл – отандастарымыздың…
01.07.24

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Жуырда Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңесінің отырысы оздырылды. Кеңес отырысын төраға Е.Салықов жүргізді. Жиынға облыстық Қоғамдық кеңестің 22 мүшесі, облыстық…
28.06.24

Құрметті Бұқаралық ақпарат құралдары саласының қызметкерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Бүгінгі күні еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары азаматтық қоғамның құрамдас бөлшегі ретінде билік пен бұқараның…
30.05.24

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңестің отырысы оздырылды. Кеңес отырысын төраға Е.Салықов жүргізіп, жиынға облыстық Қоғамдық кеңестің 22 мүшесі, БАҚ өкілдері,…
09.05.24

Құрметті батыс қазақстандықтар!

Сіздерді адамзат тарихында ұмытылмас із қалдырған Ұлы Отан соғысының аяқталған күні – Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл күн…
07.05.24

Құрметті батысқазақстандықтар!

Отан қорғаушы күні құтты болсын! Қазақ елінің шекарасы берік, іргесі нық, келешегі кемел болғай! Халқымыздың бақ-дәулеті арта бергей! Еліміз амандық,…
01.05.24

Ардақты ағайын, қадірлі жерлестер!

Баршаңызды Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймыз! Бұл — ұйымшылдыққа ұйысқан ұлттың, бір шаңырақ астында татулықты ту еткен этнос өкілдерінің береке-бірлігін…
29.04.24

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Жуырда Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті. Төраға Е.Салықов жүргізген жиынға 24 облыстық Қоғамдық кеңестің мүшесі мен облыс әкімінің…
07.04.24

ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!

Еліміздің бірқатар өңірінде күрделі жағдай қалыптасып отырған қазіргі кезеңде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың су тасқыны салдарынан қалыптасқан ауыр жағдайға байланысты…
20.03.24

ҚҰРМЕТТІ ХАЛАЙЫҚ, ҚАДІРЛІ ДОСТАР!

Баршаңызды халқымыздың ең ұлы мерекесі, адам баласы мен табиғат ана қайта жаңғырып, түлейтін — әз Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!…
Директорға сұрақ қойыңыз
* - Талап етілетін өрістер
[contact-form-7 id="2093" title="Contact form 1 - Kz"]