Ашу
Басты бет Барлық жаңалықтар «ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕРДІҢ ҚАУЫМДАСТЫҒЫ» ҚҰРЫЛАДЫ

«ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕРДІҢ ҚАУЫМДАСТЫҒЫ» ҚҰРЫЛАДЫ

05.11.2021
237

Бұл туралы ҚР БҒМ Ғылым комитетінің философия, саясаттану және дінтану институтының бас директоры, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі Серік Сейдумановтың төрағалығымен өткен жиында айтылды. «Қазақстан Республикасындағы Қоғамдық кеңестер: жетістіктер мен даму перспективалары» тақырыбында ұйымдастырылған іс-шараға БҚО қоғамдық кеңесінің төрағасы Ербол Салықов онлайн режимде қатысты.
Жиын барысында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Азаматтық қоғам істері жөніндегі комитет төрағасының орынбасары Гүлбар Сұлтанова баяндама жасап, қоғамдық кеңестердің кеңейтілген құзыреті мен сапалық құрамы туралы тарқатып түсіндірді. Айтуынша, ел бойынша қоғамдық кеңестердің саны 250-ге жуықтаған. «Келер жылы қалыптасатын үшінші шақырылымның құрамы заңнамалық өзгерістерге сай әрекет ететінін ескерсек, оларға артылар жауапкершілік жүгі еселенетіні түсінікті. Бір жағынан заңдағы жаңашылдықтардың нәтижесін де сол уақытта көретін боламыз. Кезең-кезеңімен қоғамдық кеңестердің құзыреті кеңейіп келеді. Бұл – уақыт талабы. Қоғамдық кеңестердің kazkenes.kz бірыңғай ақпараттық порталының мүмкіндіктерін де молынан пайдалануымыз керек», – деді Гүлбар Бекетқызы.
Алматы қалалық қоғамдық кеңесінің төрағасы Рахман Алшанов мегаполистегі маңызды мəселелерді шешуде аталған құрылымның рөліне тоқталды. Ал Парламент Мәжілісінің депутаты Дархан Мыңбай кейбір ұйымдар мен саяси партиялар жанында жасақталған диалог алаңдарының «қоғамдық кеңестер» деп аталуы халық арасында түсініспеушілік тудыру мүмкін екенін сөз етті. «Əрине, кеңестердің көптігі демократия жолында дұрыс қадам екені сөзсіз. Дегенмен, «Қоғамдық кеңестер туралы» заңының аясында қалыптасқан консультативті-кеңесші органнан басқасын өзгеше атауға болар еді», – деді Дархан Қамзабекұлы.
Жиында Қоғамдық кеңестердің қауымдастығын құру туралы бастама көтерілді. Кезінде Парламент қабырғасында елде қоғамдық кеңестер қалыптастырып, оның жұмысын заңнамалық тұрғыда қамтамасыз етуге бастамашы болған 3 депутаттың бірі Серік Сейдумановтың бұл ұсынысы да қолдау тапты. Серік Тұрарұлының айтуынша шетелдік тəжірибеге сүйенсек, мұндай қауымдастықтар тиімділігін дəлелдеп отыр. Аталған ассоциацияға барлық аймақтық қоғамдық кеңестердің төрағалары енгізіледі. Келешекте қауымдастықтың нақты мақсат-міндеті, жоспары пысықталады. Əзірге атқару комитеті жасақталып, ұйымдастыру жұмыстарына кірісті.

рисунок

30.11.23

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Кеше Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңестің отырысы оздырылды. Кеңес отырысын төраға Е.Салықов жүргізіп, жиынға 23 облыстық Қоғамдық кеңестің мүшелерімен, облыс…
30.11.23

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕ ҮШ МӘСЕЛЕ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Облыстық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өткізілді. Күн тәртібінде өзекті мәселелер, атап айтқанда 2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджет пен ҚР Әлеуметтік…
21.11.23

Болашаққа басталған қадамдар жүзеге асуда

2019 жылдың 19 наурызында Н.Назарбаев Қазақстан Республикасы Президенті өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдады. Мемлекет басшысының міндетін атқару ҚР Парламенті сенатының…
17.11.23

Құрметті Ауыл шаруашылығының азаматтары, барша әріптестер!

Сіздерді Қазақстан Республикасында қарашаның үшінші жексенбісінде атап өтілетін еліміздің Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күнімен өзімнің және облыстық Қоғамдық кеңес мүшелерінің атынан…
19.10.23

«МӘЖІЛІСТІҢ ЕСІГІ ӘРДАЙЫМ АШЫҚ»

«Біз өз тарапымыздан азаматтық қоғам өкілдерімен, үкіметтік емес ұйымдармен тығыз жұмыс істеп келеміз. Мәжілістің есігі сіздерге әрдайым ашық. Қоғамның барлық…
18.10.23

«Бүгінгі алқалы жиынның аясы кең.

Біз халықаралық деңгейде диалог алаңын ұйымдастыру арқылы жан-жақты пікір алысамыз». Дәстүрлі форумда сөз алған Қазақстанның Азаматтық Альянсының президенті Бану Нұрғазиева…
18.10.23

ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің орынбасары Данияр Қадыров форумның ашылуымен құттықтап, сәттілік тіледі.

– Елімізде азаматтық қоғамның әлеуетін арттыру мақсатында кешенді іс-шаралар қолға алынды. Бұл форумның алдында барлық аймақта жиындар өткізіліп, нақты ұсыныстар…
18.10.23

«Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін – азаматтық қоғам дамуының басты бағыты

Астана қаласында «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін – азаматтық қоғам дамуының басты бағыты» атты Қазақстанның Азаматтық форумы басталды. Биыл…
13.07.23

«БАЙҚАУЛАРҒА ӨЗГЕ ӨҢІРЛЕР ҚАТЫСПАСЫН!»

Қазақстанның Азаматтық Альянсы қауымдастығының президенті Бану Нұрғазиевамен кездесуде Орал қалалық қоғамдық кеңесінің мүшесі Светлана Тенишева әлеуметтік тапсырыстарға қатысты ұсыныс білдірді….
13.07.23

«ҰРЫС ҚИМЫЛДАРЫНА ҚАТЫСҚАНДАРҒА ҚОЛДАУ КЕРЕК»

Қазақстанның Азаматтық Альянсы қауымдастығының президенті Бану Нұрғазиевамен кездесуде облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі Мәрлен Иманғалиев Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілген ұрыс…
13.07.23

«ҰСЫНЫСТАР ҰМЫТЫЛМАСА ДЕЙМІЗ»

Қазақстанның Азаматтық Альянсы қауымдастығының президенті Бану Нұрғазиевамен кездесуде облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі Азамат Мусилов жергілікті атқарушы құрылымдардың жұмысын сынға алды….
13.07.23

ӘЛЕУМЕТТІК ТАПСЫРЫСТЫҢ ӘЛЕГІ КӨП

Қазақстанның Азаматтық Альянсы қауымдастығының президенті Бану Нұрғазиевамен кездесуде облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі, «Тұғырым» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Айнұр Арыстанова қоғамдық ұйымдарға…
13.07.23

Жаңалық

«Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар байқауына үкіметтік емес ұйымдармен қатар өзге де ірілі-ұсақты бірлестіктер, тіпті пәтер иелері кооперативтері де қатыса алады. Біздің…
08.06.23

Баптистер заңға неге бағынбайды?..

Жуырда облыстық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Бұл жиында қоғам белсенділері өңірдегі діни ахуалды және облыс әкімдігі-нің мемлекеттік қызмет, білім,…
01.06.23

Ескі жылдың есебі түйінделді

Қоғамдық кеңестің кезекті отырысында 2022 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы туралы есеп тыңдалды. Облыс әкімінің орынбасары Тілепберген Қаюповтың баяндауынша, бюджеттік түсімдер…
Директорға сұрақ қойыңыз
* - Талап етілетін өрістер
[contact-form-7 id="2093" title="Contact form 1 - Kz"]