Ашу
Басты бет Барлық жаңалықтар ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕРДІҢ ҚҰЗЫРЕТІ КҮШЕЙМЕСЕ, КЕМІМЕЙДІ

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕРДІҢ ҚҰЗЫРЕТІ КҮШЕЙМЕСЕ, КЕМІМЕЙДІ

19.08.2021
200

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық кеңестердің қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілгені белгілі. Атап айтқанда Қоғамдық кеңестердің құрамын жасақтау жəне өкілеттігін арттыру, уәкілетті органды анықтау, қоғамдық бақылауды жүргізу процедурасын реттеу, қоғамдық кеңестердің қызметін ұйымдастыруды қамтамасыз ету, квазимемлекеттік секторда қоғамдық кеңестер құру бағытында айтарлықтай оң өзгеріс бар. Дегенмен, əлі де болса пысықтайтын, тарқата түсетін тұстар жоқ емес. Бүгін облыстық қоғамдық кеңестің ІІ шақырылымдағы құрамымен кездескен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Мəлік Құлшар мен Светлана Имашева төменгі палата қарауында болып, кейін мақұлданған маңызды құжаттың шығу тарихына тоқталды. 2015 жылы қабылданған Заңға жыл басында енгізілген өзгерістер мен толықтырулар жұмысты жандандырып, консультативтік-кеңесші органның дербестігін қамтамасыз етуді көздейтіні жан-жақты түсіндірілді. «Қоғамдық кеңестердің қызметі маған етене таныс. Аталған бағыттағы Заңға уақыт талабына сай өзгерістер енгізу туралы жобаға өңірден өзіміз де ұсыныс-пікірімізді жолдаған едік. Бірі қабылданып, енді бірі уақыттың еншісіне қалды. Дегенмен, заң шығарушы органның өкілі ретінде қоғамдық кеңестердің қызметін оңтайландыру ісін заңнамалық қамтамасыз етуге əлі де атсалысамыз. Азаматтық қоғамның үні қай кезде де маңызды. Қоғамдық кеңестердің құзыреті күшеймесе, кемімейді», – деді Мəлік Иманқұлұлы. Оның əріптесі Снежанна Валерьевна бұл бағыттағы сауалдарды өзі хатшысы болып табылатын Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетіне жолдауға болатынын жеткізді.
Облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Ербол Салықов II шақырылым құрамының 87 пайызы үкіметтік емес ұйым өкілдерінен тұратынын, жаңа заңнамада азаматтық қоғамның əлеуетін арттыруға ерекше екпін түсірілгенін тілге тиек етті. «Көкейде жүрген көп мəселе қамтылған. Алайда кей түйткілдер толығымен тарқатылды деуге əлі ерте. Мəселен, қоғамдық кеңестер қызметінің кейбір аспектілерін қаржыландыру, хатшы лауазымы үшін төленетін еңбекақыны қайта қарау қажет деп санаймын. Тағы бір мəселе, біз қызмет барысында облыс деңгейін айтпағанда, түрлі министрліктерге де хат жолдап отырамыз. Өкінішке қарай, кейбір орталық органдардан кері байланыс байқалмайды.», – деген Ербол Ғұмарұлы салалық министрліктерге жолданған хаттардың «тағдырына» жеке-жеке тоқталды.
Айта кетейік, каникул уақытында жолға шыққан халық қалаулылары «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында әзірленген жол картасының өңірде орындалу барысына зер салады. Орал қаласынан бөлек, кестеге сай барлық ауданда болып, жұртшылықпен жүздеседі.

рисунок

рисунок

09.05.23

Қадірлі батысқазақстандықтар!

Баршаңызды өзімнің және облыстық қоғамдық кеңес мүшелерінің атынан Жеңістің 78 жылдығымен құттықтаймын! Отан үшін от кешкен қаһарман ұрпақтың қайсарлығы мен…
07.05.23

Құрметті батысқазақстандықтар!

Сіздерді Отан қорғаушы күні мерекесімен құттықтаймыз! Қарулы Күштердің қуаты, әскеріміздің әлеуеті арта берсін! Ақылды да білімді, білекті де жүректі Отан…
01.05.23

Қадірлі батысқазақстандықтар!

Баршаңызды Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен құттықтаймыз! Бұл мейрам – достықты дәріптеп, ауызбіршілікті арттыратын, бірлігімізді бекемдеп, ерік-жігерімізді еселейтін ерекше күн….
21.04.23

Қадірлі жерлестер!

Күллі мұсылман қауымы үшін ұлық мерекенің бірі – Ораза айт құтты болсын! Қасиетті Рамазан айындағы барлық дұға-тілек қабыл болғай! Еліміз…
10.04.23

БҚО қоғамдық кеңесінің төралқа отырысында 3 мәселе қаралды.

Жиынға облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Ербол Салықов төрағалық етті. Алдымен облыстық мәслихат аппаратының басшысы Әділ Жоламанов мекеменің «Б» корпусы мемлекеттік…
10.04.23

БҚО қоғамдық кеңесінің мүшесі Біржан Кухаевтың облыстық «Орал өңірі» қоғамдық-саяси газетінде жарияланған пікірі.

БҚО қоғамдық кеңесінің мүшесі Біржан Кухаевтың облыстық «Орал өңірі» қоғамдық-саяси газетінде жарияланған пікірі. #БҚОқоғамдықкеңесі #президентсөзі
05.04.23

БҚО қоғамдық кеңесінің отырысында биылғы бюджетті нақтылау мәселесі қаралды.

БҚО қоғамдық кеңесінің отырысында биылғы бюджетті нақтылау мәселесі қаралды.
24.03.23

БҚО қоғамдық кеңесінің жанындағы аумақтық даму жəне бюджет мəселелері бойынша комиссияның отырысында 2025 жылға дейінгі облыстық бюджет туралы шешімге өзгерістер енгізу мəселесі қаралды.

БҚО қоғамдық кеңесінің жанындағы аумақтық даму жəне бюджет мəселелері бойынша комиссияның отырысында 2025 жылға дейінгі облыстық бюджет туралы шешімге өзгерістер…
21.03.23

ҚАДІРЛІ БАТЫСҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР!

Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – əз Наурызбен құттықтаймыз! Наурыз – жаңа күн, жыл басы. Бұл – ескі жылды ой елегінен…
22.02.23

БҚО қоғамдық кеңесінің төралқа мүшесі Айгүл Есекенованың төрағалығымен консультативтік-кеңесші, байқаушы құрылымның төралқа отырысы өткізілді.

Онда 3 мəселе қаралды. Алдымен «Діни әдебиетті жəне діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы…
17.02.23

БҚО қоғамдық кеңесінің төрағасы Ербол Салықов түрлі салада еңбек етіп жатқан белсенді жастармен жүздесті.

Іс-шараны облыстық қоғамдық кеңестегі жастар мəселелері жəне қоғамдық мониторинг жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Біржан Кухаев ашып, жүргізді. Алдымен жиналғандарға облыстық…
01.02.23

Облыстық қоғамдық кеңес отырысының күн тəртібінде 6 мəселе қаралды.

Соның ішінде облыстық қоғамдық кеңестің мемлекеттік сатып алу аясындағы құрылыс-жөндеу жұмыстарының сапасына жүргізген мониторингінің қорытындысы туралы баяндамалар тыңдалып, мəселе жан-жақты…
01.02.23

Аймақтағы барлық деңгейдегі қоғамдық кеңестер өз қызметін дербес жүзеге асырғанымен, өңірдегі өзекті мəселелерді шешу жолында өзара тəжірибе алмасып, байланыс орнатып отырамыз.

Аймақтағы барлық деңгейдегі қоғамдық кеңестер өз қызметін дербес жүзеге асырғанымен, өңірдегі өзекті мəселелерді шешу жолында өзара тəжірибе алмасып, байланыс орнатып…
01.02.23

Облыстық қоғамдық кеңестің былтырғы жұмысы қорытындыланған отырысына аймақ басшысы Нариман Төреғалиев қатысты.

Облыстық қоғамдық кеңестің былтырғы жұмысы қорытындыланған отырысына аймақ басшысы Нариман Төреғалиев қатысты. Жиында өңірдегі өзекті мəселелер көтеріліп, облыс əкіміне бірқатар…
21.01.23

Батыс Қазақстан облысының қоғамдық кеңесінің мүшесі, саясаттанушы Хайдар Қисметұлы Қапанов облыстық «AQJAIYQ» телеарнасының «Дорога жизни» хабарында қонақта болды.

Батыс Қазақстан облысының қоғамдық кеңесінің мүшесі, саясаттанушы Хайдар Қисметұлы Қапанов облыстық «AQJAIYQ» телеарнасының «Дорога жизни» хабарында қонақта болды.
13.01.23

Өкінішке қарай, өңірде құрылысы тұралаған нысандар мен күрделі жөндеу жұмыстары жоспардан ауытқыған жобалар жоқ емес.

Мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру барысында атқарушы құрылымдар мен мердігерлер бірқатар кедергіге кезігетінін де айтып жүр. БҚО қоғамдық кеңесі бұл бағытта…
10.01.23

ЖОСПАР ЖОБАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Батыс Қазақстан облыстық қоғамдық кеңесінің төралқа отырысында консультативтік-кеңесші құрылымның биылғы бірінші жартыжылдыққа арналған жұмыс жоспарының жобасы жан-жақты талқыланды. Сондай-ақ, осы…
Директорға сұрақ қойыңыз
* - Талап етілетін өрістер
[contact-form-7 id="2093" title="Contact form 1 - Kz"]