Бүгін облыс әкімінің бірінші орынбасары Арман Өтеғұловтың төрағалығымен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасына байланысты жиын өтті. Оған БҚО Қоғамдық кеңесінің мүшелері Данильбек Саратов пен Біржан Кухаев қатысып, күн тəртібінде күйіп тұрған мəселе төңірегінде ой-пікір білдірді. Əріптестер өз сөзінде баға тұрақтылығын қамтамасыз етуге жауапты салалардың жұмысын сынға алды. «Мораторий созылған күннің өзінде де мамандар кез келген уақытта əлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын бақылай алатын жағдайда болуы керек. Үкіметке осындай ұсыныс беру қажет», – деді қоғамдық кеңестің мүшелері.



