Сіздерді қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтаймыз!
Рамазан – он екі айдың сұлтаны, берекелі де кешірімі мол ай. Бұл айда орындалатын ең басты діни амал ауыз бекіту – ораза боп саналады. Ораза – күндіз тек ішіп-жеуден өзін шектеу деген сөз емес, жан мен тәнді рухани тазартатын, адам үшін үлкен сабыр мектебі. Бұл айда адам бойында сабырлық, қайырымдылық, мейірімділік, сыйластық, адамгершілік, бауырмалдық секілді адамдық асыл қасиеттер артып, рухы күшейеді, бір-біріне жақсылық жасайды.
Қасиетті Рамазан айында баршаңыздың ойлаған арман тілектеріңіздің орындалуына тілектеспіз!