Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті 27 ақпан – Дүниежүзілік үкіметтік емес ұйымдар күніне орай əріптестеріміз, «Батыс Қазақстан облыстық мүгедектері ерікті қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жұмажан Қожжанов пен «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің төрағасы Данильбек Саратовқа 2020 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруда қоғамдық бақылау жүргізу барысында белсенділік танытқаны үшін алғыс хат табыстады.
Марапатқа ие болған облыстық қоғамдық кеңес мүшелерін құттықтай отырып, алдағы уақытта да мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына қоғамдық бақылау жұмысына біркісідей атсалысатынымызды жеткізгіміз келеді.
