Ашу
Басты бет Барлық жаңалықтар "МӘЖІЛІСТІҢ ЕСІГІ ӘРДАЙЫМ АШЫҚ"

«МӘЖІЛІСТІҢ ЕСІГІ ӘРДАЙЫМ АШЫҚ»

19.10.2023
7

«Біз өз тарапымыздан азаматтық қоғам өкілдерімен, үкіметтік емес ұйымдармен тығыз жұмыс істеп келеміз. Мәжілістің есігі сіздерге әрдайым ашық. Қоғамның барлық өкілін заң шығару қызметіне белсене қатысуға шақырамын». Биыл XI мәрте ұйымдастыпылған Қазақстанның Азаматтық форумында ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов осылай деді. Ол Мәжіліс жанынан Қоғамдық палата жасақталғанын, бұл алаң депутаттық корпус пен азаматтық қоғамның арасын одан әрі жақындата түскенін жеткізді.

– Осы жерде барлық өңірден делегаттар жиналып отырсыздар. Ауыл-елдің жағдайын өздеріңізден артық ешкім білмейді. Сіздер Қазақстанды жан-жақты ілгерілетуде қыруар шаруа атқарып жүрсіздер. Еңбектеріңіз ерен, – деді Ерлан Жақанұлы.

Мәжіліс спикері елдегі саяси өзгерістерге тоқталды. Конституциялық реформаның нақты нәтижелері қазірдің өзінде көрініс тапқанына екпін түсірді.

– Сайлау үдерісі демократияланды. Парламентте көппартиялы жүйе қалыптасты. Қазір Мәжілісте елдегі барлық әлеуметтік топтың мүддесін қорғайтын халық қалаулылары жеткілікті. Бірмандатты сайлау жүйесі де депутаттар мен сайлаушылар арасында жаңа саяси мәдениеттің қалыптасуына жол ашты. Ауыл әкімдерін халық тікелей сайлауға көшті. Биыл аудан әкімдерін де тікелей сайлау үдерісі басталады. Мұның бәрі – Әділетті Қазақстанның алғышарттары

Естеріңізде болса Президент сайлауы қарсаңында азаматтық қоғам өкілдері мен саяси партиялар бірігіп, кандидатты қолдау каолициясын құрдық. Қай ұйымда болсақ та, ортақ мақсат жолында бас біріктірдік. Міне, тәуелсіздік тұғырын бекітіп, жаһандану дәуірінде жаңа Қазақстанды жандандыру үшін осындай береке-бірлік қай-қайсымызға да керек. Форум жұмысына сәттілік тілеймін, – деді Ерлан Жақанұлы.

Айта кетейік, Азаматтық форум 2 жылда бір өткізіледі. Биылғы алқалы жиын «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін – азаматтық қоғам дамуының басым бағыты» деп аталды. Оған барлық аймақтан 600-ден астам делегат жиналды. БҚО делегаттары қатарында облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Ербол Салықов, облыстық қоғамдық кеңес мүшелері Алтынай Искалиева мен Біржан Кухаев қатысып жатыр.

30.11.23

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Кеше Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңестің отырысы оздырылды. Кеңес отырысын төраға Е.Салықов жүргізіп, жиынға 23 облыстық Қоғамдық кеңестің мүшелерімен, облыс…
30.11.23

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕ ҮШ МӘСЕЛЕ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Облыстық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өткізілді. Күн тәртібінде өзекті мәселелер, атап айтқанда 2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджет пен ҚР Әлеуметтік…
21.11.23

Болашаққа басталған қадамдар жүзеге асуда

2019 жылдың 19 наурызында Н.Назарбаев Қазақстан Республикасы Президенті өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдады. Мемлекет басшысының міндетін атқару ҚР Парламенті сенатының…
17.11.23

Құрметті Ауыл шаруашылығының азаматтары, барша әріптестер!

Сіздерді Қазақстан Республикасында қарашаның үшінші жексенбісінде атап өтілетін еліміздің Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күнімен өзімнің және облыстық Қоғамдық кеңес мүшелерінің атынан…
18.10.23

«Бүгінгі алқалы жиынның аясы кең.

Біз халықаралық деңгейде диалог алаңын ұйымдастыру арқылы жан-жақты пікір алысамыз». Дәстүрлі форумда сөз алған Қазақстанның Азаматтық Альянсының президенті Бану Нұрғазиева…
18.10.23

ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің орынбасары Данияр Қадыров форумның ашылуымен құттықтап, сәттілік тіледі.

– Елімізде азаматтық қоғамның әлеуетін арттыру мақсатында кешенді іс-шаралар қолға алынды. Бұл форумның алдында барлық аймақта жиындар өткізіліп, нақты ұсыныстар…
18.10.23

«Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін – азаматтық қоғам дамуының басты бағыты

Астана қаласында «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін – азаматтық қоғам дамуының басты бағыты» атты Қазақстанның Азаматтық форумы басталды. Биыл…
13.07.23

«БАЙҚАУЛАРҒА ӨЗГЕ ӨҢІРЛЕР ҚАТЫСПАСЫН!»

Қазақстанның Азаматтық Альянсы қауымдастығының президенті Бану Нұрғазиевамен кездесуде Орал қалалық қоғамдық кеңесінің мүшесі Светлана Тенишева әлеуметтік тапсырыстарға қатысты ұсыныс білдірді….
13.07.23

«ҰРЫС ҚИМЫЛДАРЫНА ҚАТЫСҚАНДАРҒА ҚОЛДАУ КЕРЕК»

Қазақстанның Азаматтық Альянсы қауымдастығының президенті Бану Нұрғазиевамен кездесуде облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі Мәрлен Иманғалиев Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілген ұрыс…
13.07.23

«ҰСЫНЫСТАР ҰМЫТЫЛМАСА ДЕЙМІЗ»

Қазақстанның Азаматтық Альянсы қауымдастығының президенті Бану Нұрғазиевамен кездесуде облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі Азамат Мусилов жергілікті атқарушы құрылымдардың жұмысын сынға алды….
13.07.23

ӘЛЕУМЕТТІК ТАПСЫРЫСТЫҢ ӘЛЕГІ КӨП

Қазақстанның Азаматтық Альянсы қауымдастығының президенті Бану Нұрғазиевамен кездесуде облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі, «Тұғырым» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Айнұр Арыстанова қоғамдық ұйымдарға…
13.07.23

Жаңалық

«Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар байқауына үкіметтік емес ұйымдармен қатар өзге де ірілі-ұсақты бірлестіктер, тіпті пәтер иелері кооперативтері де қатыса алады. Біздің…
08.06.23

Баптистер заңға неге бағынбайды?..

Жуырда облыстық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Бұл жиында қоғам белсенділері өңірдегі діни ахуалды және облыс әкімдігі-нің мемлекеттік қызмет, білім,…
01.06.23

Ескі жылдың есебі түйінделді

Қоғамдық кеңестің кезекті отырысында 2022 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы туралы есеп тыңдалды. Облыс әкімінің орынбасары Тілепберген Қаюповтың баяндауынша, бюджеттік түсімдер…
09.05.23

Қадірлі батысқазақстандықтар!

Баршаңызды өзімнің және облыстық қоғамдық кеңес мүшелерінің атынан Жеңістің 78 жылдығымен құттықтаймын! Отан үшін от кешкен қаһарман ұрпақтың қайсарлығы мен…
Директорға сұрақ қойыңыз
* - Талап етілетін өрістер
[contact-form-7 id="2093" title="Contact form 1 - Kz"]