Ашу
Басты бет Барлық жаңалықтар МАҚСАТ АЙҚЫН, МІНДЕТ ЗОР

МАҚСАТ АЙҚЫН, МІНДЕТ ЗОР

21.01.2021
224

Қоғамдық кеңестің кеңейтілген отырысында Батыс Қазақстан облысының аумағын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған бағдарламасының жобасы талқыға түсті. Күн тəртібіндегі мəселе бойынша баяндама жасаған облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары Əсемгүл Əбенова межеленген мерзімге дейін жоспарланған жұмыстардың ауқымды тұстарына тоқталды. Өңірдің экономикалық өсімін қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығын əртараптандыру, инвестициялық əлеуетті арттыру, инфрақұрылымды дамыту, жалпы барлық салаға қатысты негізгі көрсеткіштер айқындалған.

Баяндамадан соң Казталов аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы Мағауия Сансызбайұлы ең алдымен аймақты көгілдір отынмен, ауыз сумен толық қамтамасыз етудің барлық мүмкіндігін қарастыру қажеттігіне назар аудартты. Əріптесіміз республикалық жəне облыстық маңызы бар жолдардың құрылыс қарқынын арттыру, сондай-ақ қыстыгүні автожолдардағы апаттың алдын алу мақсатында күтіп-ұстау жұмыстарына жіті көңіл бөлуді сұрады.

Тұрғын үйге жоғары кезектілік – өңір үшін көкейтесті мəселенің бірі. Əріптесіміз Жұмажан Қожжанов тұрғын үй мəселесін шешудің тиімді тетіктерін ойластырып, бұл бағытта жұмысты бір сəтте де бəсеңдетпеуді қаперледі. Ал, Жаңақала аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы Əлихан Досмұхамбетовты экологиялық ахуал алаңдатты. Бесжылдық бағдарламада қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу саласына жіті көңіл бөлінген. Қалдықтарды кəдеге жаратудың қажеттігімен келіскен Əлихан Декартұлы экологиялық мəселені шешудің өзге де жолдарына назар аудартты. Əріптесіміз кейінгі жылдары Жайық өзені деңгейінің күрт төмендеуі, өзен-көлдердің тартылуы, құрғақшылық салдарынан топырақ-өсімдік жамылғысының өзгеріске ұшырауы сияқты күрделі мəселелерді шешу жолдары тиісті деңгейде қамтылмағанына қынжылды. Қоғамдық кеңес мүшелері бұл мəселенің өңір үшін өзектілігін ескеріп, суландыру жүйесіне қатысты нақты ұсыныстарын жеткізді. Сондай-ақ, бағдарлама аясында қойылған сауалдарына жауап алды.

Облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Ербол Салықов аумақты дамыту бағдарламасында ауқымды жоспар түзілгенін, оның бəрі өңірді одан əрі өркендету жолындағы жарқын істер болатынына сенім білдірді. Сондай-ақ, кейбір мəселелерге қатысты əлі де терең талдаудың қажеттігіне тоқталды. Əсіресе, аймақтағы электр желілерін кезең-кезеңмен жаңғырту, салалар жаппай цифрланып жатқан «онлайн өмірде» уақыт талабына сай ауыл-елдімекендерді жылдамдығы жоғары интернетпен қамтамасыз ету мəселелеріне екпін түсірді. Былтыр Ақжайық, Тасқала аудандарының халқы ұжымдық бау-бақша егу бағытында үлгілі үрдіс жасағанын айтқан Ербол Ғұмарұлы ел-жұртты еңбекке баулудың, ынталандырудың маңыздылығына тоқталды. Кейінгі жылдары жеке секторда мал ұстау, құс өсірудің көңіл көншітпейтінін, ауыл адамдарының біразы дүкеннің сүт-қаймағын тұтынып отырғанын сөз етті. Осы бағытта жан-жақты жұмыс жүргізілсе деген өтінішін жеткізді.

Айта кетейік, қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан айтылған ұсыныстар хатталып, бесжылдық бағдарламаға енгізілмек.

Image
Image
Image
13.07.23

«БАЙҚАУЛАРҒА ӨЗГЕ ӨҢІРЛЕР ҚАТЫСПАСЫН!»

Қазақстанның Азаматтық Альянсы қауымдастығының президенті Бану Нұрғазиевамен кездесуде Орал қалалық қоғамдық кеңесінің мүшесі Светлана Тенишева әлеуметтік тапсырыстарға қатысты ұсыныс білдірді….
13.07.23

«ҰРЫС ҚИМЫЛДАРЫНА ҚАТЫСҚАНДАРҒА ҚОЛДАУ КЕРЕК»

Қазақстанның Азаматтық Альянсы қауымдастығының президенті Бану Нұрғазиевамен кездесуде облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі Мәрлен Иманғалиев Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілген ұрыс…
13.07.23

«ҰСЫНЫСТАР ҰМЫТЫЛМАСА ДЕЙМІЗ»

Қазақстанның Азаматтық Альянсы қауымдастығының президенті Бану Нұрғазиевамен кездесуде облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі Азамат Мусилов жергілікті атқарушы құрылымдардың жұмысын сынға алды….
13.07.23

ӘЛЕУМЕТТІК ТАПСЫРЫСТЫҢ ӘЛЕГІ КӨП

Қазақстанның Азаматтық Альянсы қауымдастығының президенті Бану Нұрғазиевамен кездесуде облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі, «Тұғырым» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Айнұр Арыстанова қоғамдық ұйымдарға…
13.07.23

Жаңалық

«Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар байқауына үкіметтік емес ұйымдармен қатар өзге де ірілі-ұсақты бірлестіктер, тіпті пәтер иелері кооперативтері де қатыса алады. Біздің…
08.06.23

Баптистер заңға неге бағынбайды?..

Жуырда облыстық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Бұл жиында қоғам белсенділері өңірдегі діни ахуалды және облыс әкімдігі-нің мемлекеттік қызмет, білім,…
01.06.23

Ескі жылдың есебі түйінделді

Қоғамдық кеңестің кезекті отырысында 2022 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы туралы есеп тыңдалды. Облыс әкімінің орынбасары Тілепберген Қаюповтың баяндауынша, бюджеттік түсімдер…
09.05.23

Қадірлі батысқазақстандықтар!

Баршаңызды өзімнің және облыстық қоғамдық кеңес мүшелерінің атынан Жеңістің 78 жылдығымен құттықтаймын! Отан үшін от кешкен қаһарман ұрпақтың қайсарлығы мен…
07.05.23

Құрметті батысқазақстандықтар!

Сіздерді Отан қорғаушы күні мерекесімен құттықтаймыз! Қарулы Күштердің қуаты, әскеріміздің әлеуеті арта берсін! Ақылды да білімді, білекті де жүректі Отан…
04.05.23

Автогрейдер, бульдозер жүргізушілері тапшы

Жуырда облыстық қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Онда былтырғы білім мен  жол салаларындағы атқарылған жұмыс, бюджет қаржысының игерілу барысы қаралды. Отырысты аталмыш кеңестің …
01.05.23

Қадірлі батысқазақстандықтар!

Баршаңызды Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен құттықтаймыз! Бұл мейрам – достықты дәріптеп, ауызбіршілікті арттыратын, бірлігімізді бекемдеп, ерік-жігерімізді еселейтін ерекше күн….
21.04.23

Қадірлі жерлестер!

Күллі мұсылман қауымы үшін ұлық мерекенің бірі – Ораза айт құтты болсын! Қасиетті Рамазан айындағы барлық дұға-тілек қабыл болғай! Еліміз…
11.04.23

«Бюджет қаржысын бөлгенде мұқият болу керек»

Таяуда  облыстық  қоғамдық кеңестің кезекті  отырысы  өтті. Онда   облыстық  мәслихаттың  2022  жылғы 14 желтоқсандағы №16-1 «2023-2025 жылдарға  арналған облыстық бюджет …
10.04.23

БҚО қоғамдық кеңесінің төралқа отырысында 3 мәселе қаралды.

Жиынға облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Ербол Салықов төрағалық етті. Алдымен облыстық мәслихат аппаратының басшысы Әділ Жоламанов мекеменің «Б» корпусы мемлекеттік…
10.04.23

БҚО қоғамдық кеңесінің мүшесі Біржан Кухаевтың облыстық «Орал өңірі» қоғамдық-саяси газетінде жарияланған пікірі.

БҚО қоғамдық кеңесінің мүшесі Біржан Кухаевтың облыстық «Орал өңірі» қоғамдық-саяси газетінде жарияланған пікірі. #БҚОқоғамдықкеңесі #президентсөзі
Директорға сұрақ қойыңыз
* - Талап етілетін өрістер
[contact-form-7 id="2093" title="Contact form 1 - Kz"]