БҚО қоғамдық кеңесі денсаулық сақтау саласын қоғамдық бақылауды қолға алғанын айтқан едік. Жұмыс жоспарын пысықтау мақсатында өткен жиында бақылаудың басым бағыттары белгіленіп, тиісті жұмыс топтары бекітілді. Атап айтқанда, Айгүл Оразқызы Есекенова жетекшілік ететін жұмыс тобы саладағы нормативтік құжаттарға өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныстар əзірлейді. Ақсерік Сарыұлы Əйтімов бастаған жұмыс тобы ұйымдастыру іс-шараларына жауапты болады. Ал, Əлия Өтемісқызы Салиева жетекшілік ететін үшінші топ қаржылық бақылауды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, облыстық қоғамдық кеңестің мүшелері Жаңабек Жаңабайұлы, Алтынай Ғалымқызы жəне Людмила Юрьевна денсаулық сақтау нысандарын мониторингілеу, көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын бақылау жұмыстарымен айналысады. Олардың жұмыс тобына сала ардагерлері, қоғамдық ұйымдардың көшбасшылары да енгізіледі.


