Ашу
Басты бет Барлық жаңалықтар МЕДИЦИНА САЛАСЫНДАҒЫ МƏСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

МЕДИЦИНА САЛАСЫНДАҒЫ МƏСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

16.03.2021
209

БҚО қоғамдық кеңесі денсаулық сақтау нысандарына мониторинг жүргізіп, медициналық қызметтің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға атсалысатыны туралы бұған дейін айтылған еді. Əрине, бұл маңызды əрі күрделі салада барлық бақылау тек мониторингпен шектелмейтіні əрі толық шешілмейтіні де түсінікті. Сондықтан, қоғамдық кеңес көрсетілетін қызметтің сапасын жақсартудың жан-жақты жолдарын қарастырып отыр. Күні кеше уақыт талабына сай əлеуметтік желілер арқылы ел-жұрттың пікірін ескеру, ұсыныс-тілегін тыңдау мақсатында ашық алаң ұйымдастырылды.

Бүгін медицина ардагерлері, денсаулық сақшылары, осы салада айтары бар азаматтардың басын қосқан іс-шараны ашып, жүргізген Батыс Қазақстан облыстық қоғамдық кеңесінің төрағасы Ербол Ғұмарұлы өз сөзінде əлеуметтік желілер жəне оффлайн сауалнамалар қорытындысын да тілге тиек етті. «Біздің басты мақсат – өз құзыретіміз шегінде өңірдегі медициналық қызметтің сапасын арттыруға атсалысу. Аймақта абыройлы ақ желеңді жандар аз емес. Жетістіктер де баршылық. Дегенмен, ел пікірін ескерсек, ақсап тұрған тұстар да жоқ емес. Кейбір қордаланған мəселе қатып қалған жүйеге қатысты болуы мүмкін. Біз тиісті министрлікке ұсынымдарымызды жіберуге дайынбыз», – деді қоғамдық кеңестің төрағасы. Бұл ұсынысты денсаулық сақтау саласының ардагерлері Бақтығали Ахметұлы мен Андрей Васильевич те қолдады. Олар медициналық қызметтің сапасына жол қатынасының нашарлығы мен кадр тапшылығы да айтарлықтай əсер етіп отырғанын жеткізді. Осы орайда облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы, ҚР Денсаулық сақтау саласының үздігі Мақсот Қабышұлы медициналық колледждердегі онлайн оқытудың миға қонымсыз екенін айтып, қашықтан оқығандардан дені дұрыс дəрігер шықпайтынын күйіне жеткізді. Медициналық оқу орындарының студенттерін оффлайн оқытудың қажеттігіне назар аудартты. Отырыста осы жəне өзге де мəселелерге қатысты нақты əрі дәлелді ой-тұжырымдар айтылды. Қоғамдық кеңес сала ардагерлерімен, білікті мамандармен бірлесіп, тиісті ұсынымдар əзірлейді.

Image
Image
Image
09.05.23

Қадірлі батысқазақстандықтар!

Баршаңызды өзімнің және облыстық қоғамдық кеңес мүшелерінің атынан Жеңістің 78 жылдығымен құттықтаймын! Отан үшін от кешкен қаһарман ұрпақтың қайсарлығы мен…
07.05.23

Құрметті батысқазақстандықтар!

Сіздерді Отан қорғаушы күні мерекесімен құттықтаймыз! Қарулы Күштердің қуаты, әскеріміздің әлеуеті арта берсін! Ақылды да білімді, білекті де жүректі Отан…
01.05.23

Қадірлі батысқазақстандықтар!

Баршаңызды Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен құттықтаймыз! Бұл мейрам – достықты дәріптеп, ауызбіршілікті арттыратын, бірлігімізді бекемдеп, ерік-жігерімізді еселейтін ерекше күн….
21.04.23

Қадірлі жерлестер!

Күллі мұсылман қауымы үшін ұлық мерекенің бірі – Ораза айт құтты болсын! Қасиетті Рамазан айындағы барлық дұға-тілек қабыл болғай! Еліміз…
10.04.23

БҚО қоғамдық кеңесінің төралқа отырысында 3 мәселе қаралды.

Жиынға облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Ербол Салықов төрағалық етті. Алдымен облыстық мәслихат аппаратының басшысы Әділ Жоламанов мекеменің «Б» корпусы мемлекеттік…
10.04.23

БҚО қоғамдық кеңесінің мүшесі Біржан Кухаевтың облыстық «Орал өңірі» қоғамдық-саяси газетінде жарияланған пікірі.

БҚО қоғамдық кеңесінің мүшесі Біржан Кухаевтың облыстық «Орал өңірі» қоғамдық-саяси газетінде жарияланған пікірі. #БҚОқоғамдықкеңесі #президентсөзі
05.04.23

БҚО қоғамдық кеңесінің отырысында биылғы бюджетті нақтылау мәселесі қаралды.

БҚО қоғамдық кеңесінің отырысында биылғы бюджетті нақтылау мәселесі қаралды.
24.03.23

БҚО қоғамдық кеңесінің жанындағы аумақтық даму жəне бюджет мəселелері бойынша комиссияның отырысында 2025 жылға дейінгі облыстық бюджет туралы шешімге өзгерістер енгізу мəселесі қаралды.

БҚО қоғамдық кеңесінің жанындағы аумақтық даму жəне бюджет мəселелері бойынша комиссияның отырысында 2025 жылға дейінгі облыстық бюджет туралы шешімге өзгерістер…
21.03.23

ҚАДІРЛІ БАТЫСҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР!

Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – əз Наурызбен құттықтаймыз! Наурыз – жаңа күн, жыл басы. Бұл – ескі жылды ой елегінен…
22.02.23

БҚО қоғамдық кеңесінің төралқа мүшесі Айгүл Есекенованың төрағалығымен консультативтік-кеңесші, байқаушы құрылымның төралқа отырысы өткізілді.

Онда 3 мəселе қаралды. Алдымен «Діни әдебиетті жəне діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы…
17.02.23

БҚО қоғамдық кеңесінің төрағасы Ербол Салықов түрлі салада еңбек етіп жатқан белсенді жастармен жүздесті.

Іс-шараны облыстық қоғамдық кеңестегі жастар мəселелері жəне қоғамдық мониторинг жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Біржан Кухаев ашып, жүргізді. Алдымен жиналғандарға облыстық…
01.02.23

Облыстық қоғамдық кеңес отырысының күн тəртібінде 6 мəселе қаралды.

Соның ішінде облыстық қоғамдық кеңестің мемлекеттік сатып алу аясындағы құрылыс-жөндеу жұмыстарының сапасына жүргізген мониторингінің қорытындысы туралы баяндамалар тыңдалып, мəселе жан-жақты…
01.02.23

Аймақтағы барлық деңгейдегі қоғамдық кеңестер өз қызметін дербес жүзеге асырғанымен, өңірдегі өзекті мəселелерді шешу жолында өзара тəжірибе алмасып, байланыс орнатып отырамыз.

Аймақтағы барлық деңгейдегі қоғамдық кеңестер өз қызметін дербес жүзеге асырғанымен, өңірдегі өзекті мəселелерді шешу жолында өзара тəжірибе алмасып, байланыс орнатып…
01.02.23

Облыстық қоғамдық кеңестің былтырғы жұмысы қорытындыланған отырысына аймақ басшысы Нариман Төреғалиев қатысты.

Облыстық қоғамдық кеңестің былтырғы жұмысы қорытындыланған отырысына аймақ басшысы Нариман Төреғалиев қатысты. Жиында өңірдегі өзекті мəселелер көтеріліп, облыс əкіміне бірқатар…
21.01.23

Батыс Қазақстан облысының қоғамдық кеңесінің мүшесі, саясаттанушы Хайдар Қисметұлы Қапанов облыстық «AQJAIYQ» телеарнасының «Дорога жизни» хабарында қонақта болды.

Батыс Қазақстан облысының қоғамдық кеңесінің мүшесі, саясаттанушы Хайдар Қисметұлы Қапанов облыстық «AQJAIYQ» телеарнасының «Дорога жизни» хабарында қонақта болды.
13.01.23

Өкінішке қарай, өңірде құрылысы тұралаған нысандар мен күрделі жөндеу жұмыстары жоспардан ауытқыған жобалар жоқ емес.

Мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру барысында атқарушы құрылымдар мен мердігерлер бірқатар кедергіге кезігетінін де айтып жүр. БҚО қоғамдық кеңесі бұл бағытта…
10.01.23

ЖОСПАР ЖОБАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Батыс Қазақстан облыстық қоғамдық кеңесінің төралқа отырысында консультативтік-кеңесші құрылымның биылғы бірінші жартыжылдыққа арналған жұмыс жоспарының жобасы жан-жақты талқыланды. Сондай-ақ, осы…
Директорға сұрақ қойыңыз
* - Талап етілетін өрістер
[contact-form-7 id="2093" title="Contact form 1 - Kz"]