Ашу
Басты бет Барлық жаңалықтар МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ САПАСЫ – БҚО ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІНІҢ НАЗАРЫНДА

МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ САПАСЫ – БҚО ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІНІҢ НАЗАРЫНДА

08.10.2021
203

Аймақта жұмыс сапарымен болған ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаевамен кездесу іс-шарасының модераторы, облыстық қоғамдық кеңес төралқасының мүшесі Ақсерік Әйтімов өңірлік консультативтік-кеңесші органның қызметіне шолу жасады. Биыл БҚО қоғамдық кеңеінің 6 отырысы ұйымдастырылып 14 мәселе қаралды, 15 төралқа отырысы өткізілді. Онда облыстық қоғамдық кеңес мүшелерінің, үкіметтік емес ұйымдардың, мемлекеттік органдардың және жекелеген азаматтардың тарапынан түскен ұсыныстар қаралды. Ақсерік Сарыұлы БҚО қоғамдық кеңесінің ақпан-мамыр айлары аралығында медициналық қызметтің сапасын байқау мақсатында жүргізген қоғамдық мониторинг жұмыстарына да тоқталды. «Қоғамдық кеңес жанынан төрт бағытта уақытша жұмыс органдары құрылды. Қоғамдық сараптамаға бай тәжірибелі сала ардагерлері арнайы шақырылды. Жұмыс тобының мүшелері өңірдегі медициналық нысандарды аралап, қалыптасқан жағдайға тереңірек үңілді. Құзырлы мекеме, ұйымдардан мониторинг нысанасына жататын қажетті ақпараттар сұратылып, жауап хаттары алынды. Облыстық ішкі саясат басқармасымен бірлесе отырып, өңір тұрғындары арасында ашық және анонимді сауалнамалар өткізілді. Әлеуметтік желі қолданушылары арасында ашық алаң ұйымдастырылды. Қоғамдық мониторингтің нәтижелері бойынша қорытынды шығарылып, тиісті ұсынбалар әзірленді», – деді БҚО қоғамдық кеңесінің төралқа мүшесі. Ақсерік Сарыұлы облыстық қоғамдық кеңес отырысы қарарының орындалуы жөнінде қараша айында сала басшылығымен қорытынды жиын өткізу жоспарланғанын жеткізді.

рисунок

30.11.23

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Кеше Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңестің отырысы оздырылды. Кеңес отырысын төраға Е.Салықов жүргізіп, жиынға 23 облыстық Қоғамдық кеңестің мүшелерімен, облыс…
30.11.23

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕ ҮШ МӘСЕЛЕ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Облыстық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өткізілді. Күн тәртібінде өзекті мәселелер, атап айтқанда 2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджет пен ҚР Әлеуметтік…
21.11.23

Болашаққа басталған қадамдар жүзеге асуда

2019 жылдың 19 наурызында Н.Назарбаев Қазақстан Республикасы Президенті өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдады. Мемлекет басшысының міндетін атқару ҚР Парламенті сенатының…
17.11.23

Құрметті Ауыл шаруашылығының азаматтары, барша әріптестер!

Сіздерді Қазақстан Республикасында қарашаның үшінші жексенбісінде атап өтілетін еліміздің Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күнімен өзімнің және облыстық Қоғамдық кеңес мүшелерінің атынан…
19.10.23

«МӘЖІЛІСТІҢ ЕСІГІ ӘРДАЙЫМ АШЫҚ»

«Біз өз тарапымыздан азаматтық қоғам өкілдерімен, үкіметтік емес ұйымдармен тығыз жұмыс істеп келеміз. Мәжілістің есігі сіздерге әрдайым ашық. Қоғамның барлық…
18.10.23

«Бүгінгі алқалы жиынның аясы кең.

Біз халықаралық деңгейде диалог алаңын ұйымдастыру арқылы жан-жақты пікір алысамыз». Дәстүрлі форумда сөз алған Қазақстанның Азаматтық Альянсының президенті Бану Нұрғазиева…
18.10.23

ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің орынбасары Данияр Қадыров форумның ашылуымен құттықтап, сәттілік тіледі.

– Елімізде азаматтық қоғамның әлеуетін арттыру мақсатында кешенді іс-шаралар қолға алынды. Бұл форумның алдында барлық аймақта жиындар өткізіліп, нақты ұсыныстар…
18.10.23

«Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін – азаматтық қоғам дамуының басты бағыты

Астана қаласында «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін – азаматтық қоғам дамуының басты бағыты» атты Қазақстанның Азаматтық форумы басталды. Биыл…
13.07.23

«БАЙҚАУЛАРҒА ӨЗГЕ ӨҢІРЛЕР ҚАТЫСПАСЫН!»

Қазақстанның Азаматтық Альянсы қауымдастығының президенті Бану Нұрғазиевамен кездесуде Орал қалалық қоғамдық кеңесінің мүшесі Светлана Тенишева әлеуметтік тапсырыстарға қатысты ұсыныс білдірді….
13.07.23

«ҰРЫС ҚИМЫЛДАРЫНА ҚАТЫСҚАНДАРҒА ҚОЛДАУ КЕРЕК»

Қазақстанның Азаматтық Альянсы қауымдастығының президенті Бану Нұрғазиевамен кездесуде облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі Мәрлен Иманғалиев Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілген ұрыс…
13.07.23

«ҰСЫНЫСТАР ҰМЫТЫЛМАСА ДЕЙМІЗ»

Қазақстанның Азаматтық Альянсы қауымдастығының президенті Бану Нұрғазиевамен кездесуде облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі Азамат Мусилов жергілікті атқарушы құрылымдардың жұмысын сынға алды….
13.07.23

ӘЛЕУМЕТТІК ТАПСЫРЫСТЫҢ ӘЛЕГІ КӨП

Қазақстанның Азаматтық Альянсы қауымдастығының президенті Бану Нұрғазиевамен кездесуде облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі, «Тұғырым» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Айнұр Арыстанова қоғамдық ұйымдарға…
13.07.23

Жаңалық

«Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар байқауына үкіметтік емес ұйымдармен қатар өзге де ірілі-ұсақты бірлестіктер, тіпті пәтер иелері кооперативтері де қатыса алады. Біздің…
08.06.23

Баптистер заңға неге бағынбайды?..

Жуырда облыстық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Бұл жиында қоғам белсенділері өңірдегі діни ахуалды және облыс әкімдігі-нің мемлекеттік қызмет, білім,…
01.06.23

Ескі жылдың есебі түйінделді

Қоғамдық кеңестің кезекті отырысында 2022 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы туралы есеп тыңдалды. Облыс әкімінің орынбасары Тілепберген Қаюповтың баяндауынша, бюджеттік түсімдер…
Директорға сұрақ қойыңыз
* - Талап етілетін өрістер
[contact-form-7 id="2093" title="Contact form 1 - Kz"]