Ашу
Басты бет Барлық жаңалықтар "Мемлекеттік əлеуметтік тапсырысты мониторингілеу жəне бағалау"

«Мемлекеттік əлеуметтік тапсырысты мониторингілеу жəне бағалау»

04.11.2022
56

Осындай атаумен облыстық Қоғамдық кеңес жанындағы диалог алаңының отырысы өткізілді. Оған облыстық Қоғамдық кеңестің төрағасы Ербол Салықов төрағалық етті. «Жайық таңы» қоғамдық бірлестігінің өтініші негізінде ұйымдастырылған іс-шараға облыстық мəслихат хатшысы Бибігүл Қонысбаева, облыстық басқарма басшылары, облыстық Қоғамдық кеңес мүшелері, үкіметтік емес ұймдар мен БАҚ өкілдері қатысты. Алдымен облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Ерлан Ғалиев баяндама жасап, қоғамдық ұйымдармен байланыс орнатуда мемлекеттік органдардың мүдделілігін арттырудың маңыздылығына тоқталды.

– Облыс əкімі мемлекеттік əлеуметтік тапсырыстың тиянақты əрі сапалы ұйымдастырылуы туралы нақты тапсырмалар жүктеп отыр. Кейінгі уақытта жүргізілген оңтайландыру жұмыстарының нəтижесінде бірқатар басқармалар МƏТ (мемлекеттік əлеуметтік тапсырыс) аясында ұйымдастырылып келген бір реттік іс-шаралардан бас тартты. Нəтижелілігі төмен, ал шығыны көп ондай іс-шаралардың орнына бір жылдық, тіпті екі, үш жылдық жобаларға зор көңіл бөлгеніміз дұрыс, – деді Ерлан Ерсайынұлы. Ол қазіргі таңда өзектілігі жоғары тақырыптар, атап айтқанда еңбек адамдарын ұлықтау, қоршаған ортаны қорғау, жастарды жат қылықтардан, есірткілік заттардан аулақ болуға шақыратын пайдалы жобаларды жүзеге асыру жоспарланғанын, қоғам тарапынан түсетін басқа да ұсыныс-пікірлерді талқылауға дайын екенін жеткізді.

Жиында «Жайық таңы» қоғамдық бірлестігі дайындаған «БҚО-да мемлекеттік əлеуметтік тапсырысты іске асыру бойынша аналитикалық есеп таныстырылды. «Мемлекеттік əлеуметтік тапсырысты қалыптастырудан бастап нəтижелерді мониторингілеуге дейін» жобасының үйлестірушісі Салтанат Тұманбаеваның сөзінше ҮЕҰ мен мемлекеттік органдардың бір бөлігі əлі күнге дейін мемлекеттік əлеуметтік тапсырыстың түпкі мəнін терең түсінбейді. Оның айтуынша бұл – үкіметтік емес ұйымдарды қолдау емес, ең алдымен əлеуметтік мəселелерді шешу құралы. Сараптамалық есепке зерттеудің мəн-мақсаты, жүргізілген талдау жұмыстары, анықталған кемшіліктер бойынша нақты ұсынымдар енгізілген.

«Жайық таңы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Гүлбаршын Мұштанова БҚО-да мемлекеттік əлеуметтік тапсырыстың тиімділігін арттыру аясында коммерциялық емес ұйымдар секторымен өзара іс-қимыл бойынша 2022-23 жылдарға арналған Жол картасын көпшілік назарына ұсынды. Құжат еліміздегі тəжірибелі сарапшы-заңгерлермен бірлесе дайындалған. Жол картасында əр түрлі деңгейдегі МƏТ мəселелерін зерделеу, талдау, оны іске асыруға жауапты мемлекеттік қызметшілердің біліктілігі мен лоттарды қалыптастыру рəсімінің тиімділігін арттыру, тапсырыс беруші мен орындаушы арасындағы тиімді қарым-қатынастарды қалыптастыру жəне тағы басқа міндеттер айқындалып, оларды жүзеге асыруға арналған іс-шаралар мен мерзімі белгіленген.

Жиналғандар мемлекеттік əлеуметтік тапсырыстың тиімділігін арттыруға қатысты ой-пікірін ортаға салды. Олар өңірдің өз ерекшеліктерін ескере отырып, аса қажетті жобаларды жүзеге асырудың маңыздылығын сөз етті.

– Бүгін пайдалы басқосу болды деп ойлаймын. Бастысы мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың байланысы берік болуы қажет. Облыстық Қоғамдық кеңестің бұл бағытта жоспары бар, біз алдағы отырыстардың бірінде бұл тақырыпқа ораламыз. Соңында ізі жоқ, пайдасы жоқ бір реттік іс-шаралардан арылып, кешенді жобаларға көңіл бөлгендеріңіз өте құптарлық. Бүгінгі айтылған ой-пікірлерді ескере отырып, мемлекеттік органдарға тиісті ұсынымдарды жолдаймыз, – деді диалог алаңының отырысын қорытындылаған Ербол Ғұмарұлы.

09.05.23

Қадірлі батысқазақстандықтар!

Баршаңызды өзімнің және облыстық қоғамдық кеңес мүшелерінің атынан Жеңістің 78 жылдығымен құттықтаймын! Отан үшін от кешкен қаһарман ұрпақтың қайсарлығы мен…
07.05.23

Құрметті батысқазақстандықтар!

Сіздерді Отан қорғаушы күні мерекесімен құттықтаймыз! Қарулы Күштердің қуаты, әскеріміздің әлеуеті арта берсін! Ақылды да білімді, білекті де жүректі Отан…
01.05.23

Қадірлі батысқазақстандықтар!

Баршаңызды Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен құттықтаймыз! Бұл мейрам – достықты дәріптеп, ауызбіршілікті арттыратын, бірлігімізді бекемдеп, ерік-жігерімізді еселейтін ерекше күн….
21.04.23

Қадірлі жерлестер!

Күллі мұсылман қауымы үшін ұлық мерекенің бірі – Ораза айт құтты болсын! Қасиетті Рамазан айындағы барлық дұға-тілек қабыл болғай! Еліміз…
10.04.23

БҚО қоғамдық кеңесінің төралқа отырысында 3 мәселе қаралды.

Жиынға облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Ербол Салықов төрағалық етті. Алдымен облыстық мәслихат аппаратының басшысы Әділ Жоламанов мекеменің «Б» корпусы мемлекеттік…
10.04.23

БҚО қоғамдық кеңесінің мүшесі Біржан Кухаевтың облыстық «Орал өңірі» қоғамдық-саяси газетінде жарияланған пікірі.

БҚО қоғамдық кеңесінің мүшесі Біржан Кухаевтың облыстық «Орал өңірі» қоғамдық-саяси газетінде жарияланған пікірі. #БҚОқоғамдықкеңесі #президентсөзі
05.04.23

БҚО қоғамдық кеңесінің отырысында биылғы бюджетті нақтылау мәселесі қаралды.

БҚО қоғамдық кеңесінің отырысында биылғы бюджетті нақтылау мәселесі қаралды.
24.03.23

БҚО қоғамдық кеңесінің жанындағы аумақтық даму жəне бюджет мəселелері бойынша комиссияның отырысында 2025 жылға дейінгі облыстық бюджет туралы шешімге өзгерістер енгізу мəселесі қаралды.

БҚО қоғамдық кеңесінің жанындағы аумақтық даму жəне бюджет мəселелері бойынша комиссияның отырысында 2025 жылға дейінгі облыстық бюджет туралы шешімге өзгерістер…
21.03.23

ҚАДІРЛІ БАТЫСҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР!

Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – əз Наурызбен құттықтаймыз! Наурыз – жаңа күн, жыл басы. Бұл – ескі жылды ой елегінен…
22.02.23

БҚО қоғамдық кеңесінің төралқа мүшесі Айгүл Есекенованың төрағалығымен консультативтік-кеңесші, байқаушы құрылымның төралқа отырысы өткізілді.

Онда 3 мəселе қаралды. Алдымен «Діни әдебиетті жəне діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы…
17.02.23

БҚО қоғамдық кеңесінің төрағасы Ербол Салықов түрлі салада еңбек етіп жатқан белсенді жастармен жүздесті.

Іс-шараны облыстық қоғамдық кеңестегі жастар мəселелері жəне қоғамдық мониторинг жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Біржан Кухаев ашып, жүргізді. Алдымен жиналғандарға облыстық…
01.02.23

Облыстық қоғамдық кеңес отырысының күн тəртібінде 6 мəселе қаралды.

Соның ішінде облыстық қоғамдық кеңестің мемлекеттік сатып алу аясындағы құрылыс-жөндеу жұмыстарының сапасына жүргізген мониторингінің қорытындысы туралы баяндамалар тыңдалып, мəселе жан-жақты…
01.02.23

Аймақтағы барлық деңгейдегі қоғамдық кеңестер өз қызметін дербес жүзеге асырғанымен, өңірдегі өзекті мəселелерді шешу жолында өзара тəжірибе алмасып, байланыс орнатып отырамыз.

Аймақтағы барлық деңгейдегі қоғамдық кеңестер өз қызметін дербес жүзеге асырғанымен, өңірдегі өзекті мəселелерді шешу жолында өзара тəжірибе алмасып, байланыс орнатып…
01.02.23

Облыстық қоғамдық кеңестің былтырғы жұмысы қорытындыланған отырысына аймақ басшысы Нариман Төреғалиев қатысты.

Облыстық қоғамдық кеңестің былтырғы жұмысы қорытындыланған отырысына аймақ басшысы Нариман Төреғалиев қатысты. Жиында өңірдегі өзекті мəселелер көтеріліп, облыс əкіміне бірқатар…
21.01.23

Батыс Қазақстан облысының қоғамдық кеңесінің мүшесі, саясаттанушы Хайдар Қисметұлы Қапанов облыстық «AQJAIYQ» телеарнасының «Дорога жизни» хабарында қонақта болды.

Батыс Қазақстан облысының қоғамдық кеңесінің мүшесі, саясаттанушы Хайдар Қисметұлы Қапанов облыстық «AQJAIYQ» телеарнасының «Дорога жизни» хабарында қонақта болды.
13.01.23

Өкінішке қарай, өңірде құрылысы тұралаған нысандар мен күрделі жөндеу жұмыстары жоспардан ауытқыған жобалар жоқ емес.

Мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру барысында атқарушы құрылымдар мен мердігерлер бірқатар кедергіге кезігетінін де айтып жүр. БҚО қоғамдық кеңесі бұл бағытта…
10.01.23

ЖОСПАР ЖОБАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Батыс Қазақстан облыстық қоғамдық кеңесінің төралқа отырысында консультативтік-кеңесші құрылымның биылғы бірінші жартыжылдыққа арналған жұмыс жоспарының жобасы жан-жақты талқыланды. Сондай-ақ, осы…
Директорға сұрақ қойыңыз
* - Талап етілетін өрістер
[contact-form-7 id="2093" title="Contact form 1 - Kz"]