Ашу
Басты бет Барлық жаңалықтар МОНИТОРИНГ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ТЫҢДАЛДЫ

МОНИТОРИНГ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ТЫҢДАЛДЫ

12.10.2022
59

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, БҚО Қоғамдық кеңесі мен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаменті арасында «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері картасын» жүзеге асыру аясында бірлескен іс-шаралар жоспары бекітілген еді. Оған сәйкес облыстық Қоғамдық кеңес мүшелері аталған департаментпен бірлесіп, өңірдегі жер, экология, ауыл шаруашылығы, жолдар және инфрақұрылымды дамыту салаларына мониторинг жүргізеді.

БҚО Қоғамдық кеңесі жанындағы құқық қорғау органдарымен ынтымақтастық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның төрайымы Жансұлу Төремұратова ашып, жүргізген іс-шарада «Қатты тұрмыстық қалдықтар» полигондарының қызметінде санитарлық талаптардың сақталуына жүргізілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптық мониторинг нәтижесі бойынша анықтама тыңдалды.

– БҚО Қоғамдық кеңесі өңірдегі өзекті мәселелерге ден қояды. Барлық 5 комиссия өз бағыты бойынша жұмыстанады. Мысалы, өзім жетекшілік ететін комиссия Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің БҚО бойынша департментімен тікелей байланыста жұмыс істейді. Бүгінгі басқосу экология тақырыбына арналып отыр. «Қатты тұрмыстық қалдықтар» полигондарының қызметіне жүргізілген мониторинг қорытындысымен таныс болсын, ұсыныс-тілегін ортаға салсын деген ниетпен облыстық Қоғамдық кеңес мүшелерінен бөлек, қалалық мәслихат депутаттары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, белсенді азаматтар мен блогерлерді арнайы шақырдық, – деді Жансұлу Менешқызы.

Жиналғандар алдында аталған департаменттің превенция басқармасының басшысы Біржан Хайруллин хабарлама жасады. Оның айтуынша, БҚО аумағындағы 147 «Қатты тұрмыстық қалдықтар» полигонының тек екеуінде рұқсат құжаттары бар. Қалған 145-і ауылдық аймақтық полигондар. Олардың жергілікті атқарушы органдардан ҚТҚ-ды сақтау мақсатында алған жер бөлу туралы шешімдері бар. Өңірде экологиялық талаптар мен санитарлық қағидаларға сәйкес келетін қатты тұрмыстық қалдықтарды орналастыру объектілерінің үлесі 1,36%-ды құрайды. Хабарламашы саладағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жіпке тізді.

– Біріншіден, ауылдық жерлерде арнайы полигондардың болмауы, қоқыс үйінділерінің рұқсат етілмеген жерлерде пайда болуы болашақта орасан экологиялық проблемалардың туындау тәуекелін туғызады. Екіншіден, ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 505 бабында «Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру» бойынша ескерту немесе айыппұл салу шаралары қарастырылған. Ал Батыс Қазақстан облысының Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының мәліметіне сәйкес, салынған айыппұлдарға қарағанда берілген ескертулер саны едәуір жоғары. Бұл өз кезегінде, жергілікті тұрғындар мен уәкілетті орган қызметкерлері арасында белгілі бір сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін туғызады, – деді Біржан Марданұлы. Ол Орал қаласы бойынша «Сенімгерлік басқарушы» «Құрылтайшыға» 2018, 2019, 2020 жылдары (2017 және 2021 жылдары атқарылған жұмыстардың есебі бар) атқарылған жұмыстардың есебі туралы ақпарат ұсынылмағанын, бұл да мемлекеттік қызметшілер тарапынан сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауына әкеліп соғатынын қаперге салды. Анықтамада бұдан басқа да нақты кемшіліктер мен оларды жоюға бағытталған ұсыныстар айтылды.

Жергілікті атқарушы құрылым мен мердігер кәсіпорынның да өз айтары бар. Мысалы, қала әкімінің орынбасары Мирас Мүлкай тариф өзгермесе, уақыт өткен сайын инвестор шығынның астында қалатынын және бұл жағдайда олардан сапалы жұмысты талап етудің өзі қисынсыз дегенге келтірді. Дей тұра атқарылып жатқан жұмыстарды да бағалау керегін айтып, еліміз бойынша ең бірінші іске қосылған қалдықтарды сұрыптау желісінің қызметін тілге тиек етті.

Сенімгерлік басқарушы компанияның өкілі Алмас Пішенбаев өздері іске кіріскен уақыттан яғни 2017 жылдан бері бірқатар жұмыс атқарылғанын және осы күнге дейін мемлекет тарапынан бір тиын қаржы алмағанын жеткізді. Жиынға қатысқан құзырлы құрылымдар өкілдері сенімгерлік басқаруға берілгелі жаңа техникалар алынып, полигондағы өрттің де тыйылғанын айтып, біраз шаруаның атқарылғанын растады.

Қалалық мәслихат депутаты Айгүл Туркина шаһар аумағындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын сенімгерлік басқаруға алған компания өкіліне билікпен бірлесе жұмыстанып, ішкі әлеуетті тиімді пайдалану туралы кеңес берді.

– «Жасыл ел» бағдарламасы бар, сенбіліктер, тазалық айлықтары жүргізіледі. Кейде жасыратыны жоқ, есеп үшін тал-терек отырғызылады, оны күтіп-баптау жұмыстары далада қалады. Мүмкін, күш біріктіріп, полигон аумағына апаратын жолды жағалай көшет отырғызу керек шығар, бұл да міндеттемелеріңізде бар ғой. Шығынға ұшырадық дей бергенше, осындай нұсқаларды да жан-жақты қарастырған жөн шығар, – деді Айгүл Серікқызы.

«БҚО Азаматтық Альянсы» қауымдастығының атқарушы директоры Жанат Танабаева «Халықтық бюджет» жобасы арқылы осындай полигондарды талапқай сәйкестендіру мүмкіндіктерін қарастыру ұсынысын айтты. Бұл сұраққа жауап берген қала әкімінің орынбасары «Халықтық бюджет» аясында әрбір жоба дауысқа салынғанда тұрғындар тарапынан қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны мәселесіне назар аударылмайтынына қынжылды.

«Телегей» қоғамдық бірлестігінің өкілі Дәуренбек Сахым экология мәселесі тақырыбында ауқымды кездесу өткізу туралы ұсынысын айтып, белсенді азаматтар бұл бағытта бірлесе жұмыстануға дайын екенін жеткізді.

Азаматтық қоғам өкілдері тарапынан тұрғындардың экологиялық мәдениетін көтеру, рейдтік іс-шараларды жандандыру және тағы басқа маңызды ұсыныстар айтылды. БҚО Қоғамдық кеңесі жанындағы тұрақты комиссияның төрайымы Жансұлу Төремұратова қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарының қызметін мониторингілеу жұмыстарына эколог мамандарды, білікті қызметкерлерді тартудың маңыздылығына тоқталды.

– Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жұмысы еліміз бойынша жаңа сипат алды. Біз мәселелердің салдарымен емес, себебімен күресуге күш саламыз. Бүгінгі іс-шара – соның бір көрінісі. Қайткен күнде де кемшіліктер жоқ емес, бар. Біз оны жіліктеп жеткіздік. Мақсат – құзырлы құрылымдар, қоғамдық кеңес, белсенді азаматтар бар, бәріміз бірігіп оң шешілуіне үлес қосу. Ал ескертулер еленбей, жағдай өзгеріссіз қала берсе, заң аясында құқықтық шаралар қабылданады, – деп қорытындылады Біржан Марданұлы.

09.05.23

Қадірлі батысқазақстандықтар!

Баршаңызды өзімнің және облыстық қоғамдық кеңес мүшелерінің атынан Жеңістің 78 жылдығымен құттықтаймын! Отан үшін от кешкен қаһарман ұрпақтың қайсарлығы мен…
07.05.23

Құрметті батысқазақстандықтар!

Сіздерді Отан қорғаушы күні мерекесімен құттықтаймыз! Қарулы Күштердің қуаты, әскеріміздің әлеуеті арта берсін! Ақылды да білімді, білекті де жүректі Отан…
01.05.23

Қадірлі батысқазақстандықтар!

Баршаңызды Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен құттықтаймыз! Бұл мейрам – достықты дәріптеп, ауызбіршілікті арттыратын, бірлігімізді бекемдеп, ерік-жігерімізді еселейтін ерекше күн….
21.04.23

Қадірлі жерлестер!

Күллі мұсылман қауымы үшін ұлық мерекенің бірі – Ораза айт құтты болсын! Қасиетті Рамазан айындағы барлық дұға-тілек қабыл болғай! Еліміз…
10.04.23

БҚО қоғамдық кеңесінің төралқа отырысында 3 мәселе қаралды.

Жиынға облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Ербол Салықов төрағалық етті. Алдымен облыстық мәслихат аппаратының басшысы Әділ Жоламанов мекеменің «Б» корпусы мемлекеттік…
10.04.23

БҚО қоғамдық кеңесінің мүшесі Біржан Кухаевтың облыстық «Орал өңірі» қоғамдық-саяси газетінде жарияланған пікірі.

БҚО қоғамдық кеңесінің мүшесі Біржан Кухаевтың облыстық «Орал өңірі» қоғамдық-саяси газетінде жарияланған пікірі. #БҚОқоғамдықкеңесі #президентсөзі
05.04.23

БҚО қоғамдық кеңесінің отырысында биылғы бюджетті нақтылау мәселесі қаралды.

БҚО қоғамдық кеңесінің отырысында биылғы бюджетті нақтылау мәселесі қаралды.
24.03.23

БҚО қоғамдық кеңесінің жанындағы аумақтық даму жəне бюджет мəселелері бойынша комиссияның отырысында 2025 жылға дейінгі облыстық бюджет туралы шешімге өзгерістер енгізу мəселесі қаралды.

БҚО қоғамдық кеңесінің жанындағы аумақтық даму жəне бюджет мəселелері бойынша комиссияның отырысында 2025 жылға дейінгі облыстық бюджет туралы шешімге өзгерістер…
21.03.23

ҚАДІРЛІ БАТЫСҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР!

Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – əз Наурызбен құттықтаймыз! Наурыз – жаңа күн, жыл басы. Бұл – ескі жылды ой елегінен…
22.02.23

БҚО қоғамдық кеңесінің төралқа мүшесі Айгүл Есекенованың төрағалығымен консультативтік-кеңесші, байқаушы құрылымның төралқа отырысы өткізілді.

Онда 3 мəселе қаралды. Алдымен «Діни әдебиетті жəне діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы…
17.02.23

БҚО қоғамдық кеңесінің төрағасы Ербол Салықов түрлі салада еңбек етіп жатқан белсенді жастармен жүздесті.

Іс-шараны облыстық қоғамдық кеңестегі жастар мəселелері жəне қоғамдық мониторинг жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Біржан Кухаев ашып, жүргізді. Алдымен жиналғандарға облыстық…
01.02.23

Облыстық қоғамдық кеңес отырысының күн тəртібінде 6 мəселе қаралды.

Соның ішінде облыстық қоғамдық кеңестің мемлекеттік сатып алу аясындағы құрылыс-жөндеу жұмыстарының сапасына жүргізген мониторингінің қорытындысы туралы баяндамалар тыңдалып, мəселе жан-жақты…
01.02.23

Аймақтағы барлық деңгейдегі қоғамдық кеңестер өз қызметін дербес жүзеге асырғанымен, өңірдегі өзекті мəселелерді шешу жолында өзара тəжірибе алмасып, байланыс орнатып отырамыз.

Аймақтағы барлық деңгейдегі қоғамдық кеңестер өз қызметін дербес жүзеге асырғанымен, өңірдегі өзекті мəселелерді шешу жолында өзара тəжірибе алмасып, байланыс орнатып…
01.02.23

Облыстық қоғамдық кеңестің былтырғы жұмысы қорытындыланған отырысына аймақ басшысы Нариман Төреғалиев қатысты.

Облыстық қоғамдық кеңестің былтырғы жұмысы қорытындыланған отырысына аймақ басшысы Нариман Төреғалиев қатысты. Жиында өңірдегі өзекті мəселелер көтеріліп, облыс əкіміне бірқатар…
21.01.23

Батыс Қазақстан облысының қоғамдық кеңесінің мүшесі, саясаттанушы Хайдар Қисметұлы Қапанов облыстық «AQJAIYQ» телеарнасының «Дорога жизни» хабарында қонақта болды.

Батыс Қазақстан облысының қоғамдық кеңесінің мүшесі, саясаттанушы Хайдар Қисметұлы Қапанов облыстық «AQJAIYQ» телеарнасының «Дорога жизни» хабарында қонақта болды.
13.01.23

Өкінішке қарай, өңірде құрылысы тұралаған нысандар мен күрделі жөндеу жұмыстары жоспардан ауытқыған жобалар жоқ емес.

Мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру барысында атқарушы құрылымдар мен мердігерлер бірқатар кедергіге кезігетінін де айтып жүр. БҚО қоғамдық кеңесі бұл бағытта…
10.01.23

ЖОСПАР ЖОБАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Батыс Қазақстан облыстық қоғамдық кеңесінің төралқа отырысында консультативтік-кеңесші құрылымның биылғы бірінші жартыжылдыққа арналған жұмыс жоспарының жобасы жан-жақты талқыланды. Сондай-ақ, осы…
Директорға сұрақ қойыңыз
* - Талап етілетін өрістер
[contact-form-7 id="2093" title="Contact form 1 - Kz"]