Шектеу шараларына байланысты облыстық қоғамдық кеңестің отырыстары zoom платформасы арқылы онлайн режімде ұйымдастырылады. Ербол Ғұмарұлы төрағалық еткен кеңейтілген отырыста облыстық бюджет жобасы талқыланып, қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан тиісті сала басшыларына ауыл шаруашылығы, құрылыс, əлеуметтік салаға байланысты нақты сауалдар жолданды. Жергілікті атқарушы органдардың басшылары қоғам өкілдері көтерген мəселе мен сын-ескертпелерді назарға алатынын мəлімдеді.


