«Әлем елдеріндегі озық іс-тәжірибелердің негізінде медициналық университеттердегі оқу мерзімін білім сапасын сақтай отырып, қысқарту мүмкіндігін қарастыру керек». Мұндай ұсыныс Батыс Қазақстан облыстық қоғамдық кеңесінің кеңейтілген отырысында айтылды. Онлайн режимде өткізілген іс-шарада өңірдегі медициналық қызметтің сапасы, саладағы түйткілді мәселелер талқыланды. Оған олыс әкімінің орынбасары, медициналық мекемелердің басшылары, азаматтық қоғам өкілдері қатысты.
