Мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру барысында атқарушы құрылымдар мен мердігерлер бірқатар кедергіге кезігетінін де айтып жүр.
БҚО қоғамдық кеңесі бұл бағытта барлық тараптың ұсыныс-пікірін тыңдап, сарапшыларды жұмылдыра отырып, қоғамдық бақылау шараларын күшейтеді. Бүгін облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Ербол Салықов аталған мəселені көтеріп, зерделеп жүрген əріптестерімен бірге ұйымдастыру іс-шараларын нақтылады. Оның аясында кейбір салалардағы құрылыс жұмыстары, жобалардың мерзімі мен сапасы туралы алдын ала сыртқы талдаулар жасалды. Облыстық қоғамдық кеңестің мүшелері Мəрлен Иманғалиев пен Бауыржан Ахметжан мəселенің өңір үшін өзекті екенін ескеріп, тиянақты талдау, салмақты сараптама жасауға ерекше екпін түсірді.
Қоғамдық бақылау шараларының барысы туралы хабарлап отырамыз.