Баршаңызды Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен құттықтаймыз!
Бұл мейрам – достықты дәріптеп, ауызбіршілікті арттыратын, бірлігімізді бекемдеп, ерік-жігерімізді еселейтін ерекше күн.
Бабаларымыз бағзыдан бірлікке баса мән берген. «Саусақ бірікпей, ине ілікпейді», «Бірлігі күшті ел озады», «Көппен көрген – ұлы той» сияқты сөз орамдары – өмірдің өзінен, тағдырдың тезінен алынған атар таңдай ақиқат.
Ел бірлігі болмаса, барымызды бүтіндеп, жоғымызды түгендеу мүмкін емес. Жарқын жетістіктің бәріне де қазақстандықтардың ортақ күшімен, ақ адал ниетімен, достық пейілімен, еселі еңбегімен жетеміз.
Қадірлі жерлестер!
Достық туын биік ұстап, ортақ Отанымызды, өңірімізді өркендете берейік! Әр шаңырақта шаттық, амандық, татулық болғай!