Ашу
Басты бет Барлық жаңалықтар Қадірлі батысқазақстандықтар!

Қадірлі батысқазақстандықтар!

09.05.2023
22

Баршаңызды өзімнің және облыстық қоғамдық кеңес мүшелерінің атынан Жеңістің 78 жылдығымен құттықтаймын! Отан үшін от кешкен қаһарман ұрпақтың қайсарлығы мен тыл еңбеккерлерінің ерік-жігерінің арқасында қатпарлы тарихты толықтырған бұл мейрам – бәріміз үшін қастерлі. Өйткені, ата-бабаларымыз байтақ еліміз, туған жеріміз жау қолына өтпесін деп кеудесін оққа тосты. Одақтас елдерден жиылған жауынгерлер ортақ мүддені көздеді. Олардың ерлігіне құрметпен қарау – осы шақта да, болашақта да бұлжымас міндет болса керек.

Жайық жеріне жау табаны тимесе де, оңтүстік аудандарды соғыс оты шарпығаны белгілі. Сұм соғыстың зардабын тартпаған, жаны жараланбаған жанұя жоқтың қасы. Жыл өткен сайын қатары сиреген соғыс ардагерлері – біз үшін де, жас ұрпақ үшін де ерен ерліктің, отансүйгіштіктің озық үлгісін көрсеткен нағыз қаһармандар. Тылда жүріп таудай іс тындырған ардагерлер де ерен еңбекті, ерік-жігерді, табандылықты танытты.

Бүгінде егемендік алып, еңсе тіктеген елміз. Отты жылдардың ұлттық мүдде тұрғысынан зерделейтін тұстары да жоқ емес. Дей тұра, бұл күнді тарихқа құрметпен қарай отырып, ерлікке тағзыммен, асқақ рухпен атап өту – батыр буынды, әрі-беріден соң өзімізді өзіміз сыйлағанымыз. Лайым, ендігәрі аты өшкір соғыс болмаса екен. Төрткүл дүниеде тыныштық пен татулық салтанат құрсын! Әр шаңыраққа шаттық, амандық, бақ-береке тілеймін.

Құрметпен, БҚО қоғамдық кеңесінің төрағасы Ербол Ғұмарұлы Салықов.

07.05.23

Құрметті батысқазақстандықтар!

Сіздерді Отан қорғаушы күні мерекесімен құттықтаймыз! Қарулы Күштердің қуаты, әскеріміздің әлеуеті арта берсін! Ақылды да білімді, білекті де жүректі Отан…
01.05.23

Қадірлі батысқазақстандықтар!

Баршаңызды Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен құттықтаймыз! Бұл мейрам – достықты дәріптеп, ауызбіршілікті арттыратын, бірлігімізді бекемдеп, ерік-жігерімізді еселейтін ерекше күн….
21.04.23

Қадірлі жерлестер!

Күллі мұсылман қауымы үшін ұлық мерекенің бірі – Ораза айт құтты болсын! Қасиетті Рамазан айындағы барлық дұға-тілек қабыл болғай! Еліміз…
10.04.23

БҚО қоғамдық кеңесінің төралқа отырысында 3 мәселе қаралды.

Жиынға облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Ербол Салықов төрағалық етті. Алдымен облыстық мәслихат аппаратының басшысы Әділ Жоламанов мекеменің «Б» корпусы мемлекеттік…
10.04.23

БҚО қоғамдық кеңесінің мүшесі Біржан Кухаевтың облыстық «Орал өңірі» қоғамдық-саяси газетінде жарияланған пікірі.

БҚО қоғамдық кеңесінің мүшесі Біржан Кухаевтың облыстық «Орал өңірі» қоғамдық-саяси газетінде жарияланған пікірі. #БҚОқоғамдықкеңесі #президентсөзі
05.04.23

БҚО қоғамдық кеңесінің отырысында биылғы бюджетті нақтылау мәселесі қаралды.

БҚО қоғамдық кеңесінің отырысында биылғы бюджетті нақтылау мәселесі қаралды.
24.03.23

БҚО қоғамдық кеңесінің жанындағы аумақтық даму жəне бюджет мəселелері бойынша комиссияның отырысында 2025 жылға дейінгі облыстық бюджет туралы шешімге өзгерістер енгізу мəселесі қаралды.

БҚО қоғамдық кеңесінің жанындағы аумақтық даму жəне бюджет мəселелері бойынша комиссияның отырысында 2025 жылға дейінгі облыстық бюджет туралы шешімге өзгерістер…
21.03.23

ҚАДІРЛІ БАТЫСҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР!

Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – əз Наурызбен құттықтаймыз! Наурыз – жаңа күн, жыл басы. Бұл – ескі жылды ой елегінен…
22.02.23

БҚО қоғамдық кеңесінің төралқа мүшесі Айгүл Есекенованың төрағалығымен консультативтік-кеңесші, байқаушы құрылымның төралқа отырысы өткізілді.

Онда 3 мəселе қаралды. Алдымен «Діни әдебиетті жəне діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы…
17.02.23

БҚО қоғамдық кеңесінің төрағасы Ербол Салықов түрлі салада еңбек етіп жатқан белсенді жастармен жүздесті.

Іс-шараны облыстық қоғамдық кеңестегі жастар мəселелері жəне қоғамдық мониторинг жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Біржан Кухаев ашып, жүргізді. Алдымен жиналғандарға облыстық…
01.02.23

Облыстық қоғамдық кеңес отырысының күн тəртібінде 6 мəселе қаралды.

Соның ішінде облыстық қоғамдық кеңестің мемлекеттік сатып алу аясындағы құрылыс-жөндеу жұмыстарының сапасына жүргізген мониторингінің қорытындысы туралы баяндамалар тыңдалып, мəселе жан-жақты…
01.02.23

Аймақтағы барлық деңгейдегі қоғамдық кеңестер өз қызметін дербес жүзеге асырғанымен, өңірдегі өзекті мəселелерді шешу жолында өзара тəжірибе алмасып, байланыс орнатып отырамыз.

Аймақтағы барлық деңгейдегі қоғамдық кеңестер өз қызметін дербес жүзеге асырғанымен, өңірдегі өзекті мəселелерді шешу жолында өзара тəжірибе алмасып, байланыс орнатып…
01.02.23

Облыстық қоғамдық кеңестің былтырғы жұмысы қорытындыланған отырысына аймақ басшысы Нариман Төреғалиев қатысты.

Облыстық қоғамдық кеңестің былтырғы жұмысы қорытындыланған отырысына аймақ басшысы Нариман Төреғалиев қатысты. Жиында өңірдегі өзекті мəселелер көтеріліп, облыс əкіміне бірқатар…
21.01.23

Батыс Қазақстан облысының қоғамдық кеңесінің мүшесі, саясаттанушы Хайдар Қисметұлы Қапанов облыстық «AQJAIYQ» телеарнасының «Дорога жизни» хабарында қонақта болды.

Батыс Қазақстан облысының қоғамдық кеңесінің мүшесі, саясаттанушы Хайдар Қисметұлы Қапанов облыстық «AQJAIYQ» телеарнасының «Дорога жизни» хабарында қонақта болды.
13.01.23

Өкінішке қарай, өңірде құрылысы тұралаған нысандар мен күрделі жөндеу жұмыстары жоспардан ауытқыған жобалар жоқ емес.

Мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру барысында атқарушы құрылымдар мен мердігерлер бірқатар кедергіге кезігетінін де айтып жүр. БҚО қоғамдық кеңесі бұл бағытта…
10.01.23

ЖОСПАР ЖОБАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Батыс Қазақстан облыстық қоғамдық кеңесінің төралқа отырысында консультативтік-кеңесші құрылымның биылғы бірінші жартыжылдыққа арналған жұмыс жоспарының жобасы жан-жақты талқыланды. Сондай-ақ, осы…
31.12.22

ҚҰРМЕТТІ БАТЫСҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР!

Санаулы сағаттан соң барыс жылы бізбен қош айтысып, қоян жылы төрімізге енеді. Баршаңызды өзімнің жəне облыстық қоғамдық кеңес мүшелерінің атынан…
Директорға сұрақ қойыңыз
* - Талап етілетін өрістер
[contact-form-7 id="2093" title="Contact form 1 - Kz"]