Ашу
Басты бет Барлық жаңалықтар «ҚАЗАНШЫНЫҢ ӨЗ ЕРКІ, ҚАЙДАН ҚҰЛАҚ ШЫҒАРСА» НЕМЕСЕ «ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫНДА КІЛТИПАН КӨП»

«ҚАЗАНШЫНЫҢ ӨЗ ЕРКІ, ҚАЙДАН ҚҰЛАҚ ШЫҒАРСА» НЕМЕСЕ «ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫНДА КІЛТИПАН КӨП»

14.06.2022
163

БҚО Қоғамдық кеңесінің төралқа отырысында облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысы Мәди Отарбаев мемлекеттік мекеменің қайта нақтыланған ережесін бекіту туралы хабарлама жасады. Кейін төралқа мүшелері құрылыс саласында қордаланған мәселелерді жіпке тізді. Мысалы, Бақытжан Нұрбаевтың айтуынша, ол қалалық жер комиссиясының құрамында қарама-қайшылыққа толы жайттарға жиі ұшырасады. «Бір кәсіпкер 2 сотық жерге 4 қабатты көппәтерлі үй саламын дейді. Біз, жер комиссиясының мүшелері, мұндай жағдайда жер учаскесі кемінде 10 сотық болуы керек деген ортақ келісімге келдік. Сөйтіп, кәсіпкердің өтініші қанағаттандырылмады. Алайда ол сотқа жүгініп, біздің шешім заңсыз деп танылды. Жалпы, кейінгі кездері жөн-жосықсыз салынған құрылыс нысандары қаптап кетті. Кейбір көппәтерлі үйлер, таунхаустардың айналасында не автотұрақ, не балалар алаңы жоқ. Бұл масқара емес пе?! Біздің ұсыным бойынша құрылыс аумағының 60 пайызы балалар алаңы, автотұрақпен қамтылып, абаттандырылуы тиіс. Жергілікті атқарушы құрылым сәулет-жоспарлау тапсырмасын берумен ғана шектеледі, ал ондағы талаптарға бизнес иелерінің басым бөлігі бас қатырмайды», – деп ашынды Бақытжан Амангелдіұлы. Ол сондай-ақ өңірдегі ғимараттар мен құрылыстардың сейсмикалық қауіпсіздігін күшейтуге ерекше назар аударылса деген ұсынысын жеткізді.

БҚО Қоғамдық кеңесінің төрағасы Ербол Салықов та аталған мәселенің өзекті екеніне тоқталды. «Расында да облыс орталығында құрылысы алдын ала жан-жақты ойластырылмаған нысандар аз емес. Мысалы, бір кәсіпкер көпқабатты үй салады да, оны сатып жібереді. Ал ол жердегі су қысымы, кәріз, жылу жүйелерінің жүктемесіне зер салып жатқан ешкім жоқ. Салдарынан бірер жылдан соң жаңа қоныс иелері бітпейтін мәселелермен бетпе-бет келеді», – деді Ербол Ғұмарұлы. Облыстық қоғамдық кеңес төрағасының сөзінше кейбір көпқабатты ғимараттардың айналасынан орын ауыспағасын, тұрғындардың автокөлігі негізгі жолдың бойында тізіліп тұрады. Қыстың боранды күндерінде жол тазалаушы техникаға кедергі келтіріп, бір мәселеден бір мәселе туындайды. «Талапты күшейтпесе, бәрі бекер. Менің ойымша, ең алдымен, қаланың бас сәулетшісі салғырттық танытпауы тиіс», – деді Ербол Ғұмарұлы.

Облыстық мәслихат хатшысы, төралқа мүшесі Бибігүл Қонысбаева бұл мәселеде атқарушы биліктің өкілеті шектелген деп санайды. «2014 жылы елімізде бизнес үшін әкімшілік кедергілерді азайту мақсатында «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» заң қабылданған еді. Ол бойынша жергілікті атқарушы құрылым жекеменшік аумақтағы құрылыс барысына араласуға құқығы жоқ. Бірақ, жағдайдың қай бағытқа өзгеріп бара жатқанын көріп отырмыз. Сондықтан, біздің ойымызша, түпкі тұтынушы – қарапайым халық болатын болса, құрылыс жекеменшік аумақта жүргізілетініне қарамастан кәсіпкер жергілікті атқарушы орган арқылы рұқсат алуға міндетті. Түптеп келгенде қызмет алушы қарапайым азаматтардың құқығын қорғау үшін мұндай жағдайда мораторий қарастырылмағаны дұрыс», – деді Бибігүл Тишанқызы.

Жуырда ғана БҚО мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысы болып тағайындалған Мәди Отарбаев көтерілген мәселелердің барлығы орынды екенін айтып, олқылықтарды жою жолында жұмыстанатын жеткізді. Дегенмен, бұл мәселені біржақты ету үшін заңнамалық актілерге де өзгерістер енгізбей болмайды. БҚО Қоғамдық кеңесі орталық атқарушы құрылымдарға нақты ұсынымдарын жолдамақ. Ал әзірге сәулет талаптарына сай келмейтін құрылыстардан құтылуымыз неғайбыл. Өйткені, жүгенсіз кеткен кәсіпкерлер үшін қағида біреу, ол – «қазаншының өз еркі, қайдан құлақ шығарса»…

09.05.23

Қадірлі батысқазақстандықтар!

Баршаңызды өзімнің және облыстық қоғамдық кеңес мүшелерінің атынан Жеңістің 78 жылдығымен құттықтаймын! Отан үшін от кешкен қаһарман ұрпақтың қайсарлығы мен…
07.05.23

Құрметті батысқазақстандықтар!

Сіздерді Отан қорғаушы күні мерекесімен құттықтаймыз! Қарулы Күштердің қуаты, әскеріміздің әлеуеті арта берсін! Ақылды да білімді, білекті де жүректі Отан…
01.05.23

Қадірлі батысқазақстандықтар!

Баршаңызды Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен құттықтаймыз! Бұл мейрам – достықты дәріптеп, ауызбіршілікті арттыратын, бірлігімізді бекемдеп, ерік-жігерімізді еселейтін ерекше күн….
21.04.23

Қадірлі жерлестер!

Күллі мұсылман қауымы үшін ұлық мерекенің бірі – Ораза айт құтты болсын! Қасиетті Рамазан айындағы барлық дұға-тілек қабыл болғай! Еліміз…
10.04.23

БҚО қоғамдық кеңесінің төралқа отырысында 3 мәселе қаралды.

Жиынға облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Ербол Салықов төрағалық етті. Алдымен облыстық мәслихат аппаратының басшысы Әділ Жоламанов мекеменің «Б» корпусы мемлекеттік…
10.04.23

БҚО қоғамдық кеңесінің мүшесі Біржан Кухаевтың облыстық «Орал өңірі» қоғамдық-саяси газетінде жарияланған пікірі.

БҚО қоғамдық кеңесінің мүшесі Біржан Кухаевтың облыстық «Орал өңірі» қоғамдық-саяси газетінде жарияланған пікірі. #БҚОқоғамдықкеңесі #президентсөзі
05.04.23

БҚО қоғамдық кеңесінің отырысында биылғы бюджетті нақтылау мәселесі қаралды.

БҚО қоғамдық кеңесінің отырысында биылғы бюджетті нақтылау мәселесі қаралды.
24.03.23

БҚО қоғамдық кеңесінің жанындағы аумақтық даму жəне бюджет мəселелері бойынша комиссияның отырысында 2025 жылға дейінгі облыстық бюджет туралы шешімге өзгерістер енгізу мəселесі қаралды.

БҚО қоғамдық кеңесінің жанындағы аумақтық даму жəне бюджет мəселелері бойынша комиссияның отырысында 2025 жылға дейінгі облыстық бюджет туралы шешімге өзгерістер…
21.03.23

ҚАДІРЛІ БАТЫСҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР!

Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – əз Наурызбен құттықтаймыз! Наурыз – жаңа күн, жыл басы. Бұл – ескі жылды ой елегінен…
22.02.23

БҚО қоғамдық кеңесінің төралқа мүшесі Айгүл Есекенованың төрағалығымен консультативтік-кеңесші, байқаушы құрылымның төралқа отырысы өткізілді.

Онда 3 мəселе қаралды. Алдымен «Діни әдебиетті жəне діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы…
17.02.23

БҚО қоғамдық кеңесінің төрағасы Ербол Салықов түрлі салада еңбек етіп жатқан белсенді жастармен жүздесті.

Іс-шараны облыстық қоғамдық кеңестегі жастар мəселелері жəне қоғамдық мониторинг жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Біржан Кухаев ашып, жүргізді. Алдымен жиналғандарға облыстық…
01.02.23

Облыстық қоғамдық кеңес отырысының күн тəртібінде 6 мəселе қаралды.

Соның ішінде облыстық қоғамдық кеңестің мемлекеттік сатып алу аясындағы құрылыс-жөндеу жұмыстарының сапасына жүргізген мониторингінің қорытындысы туралы баяндамалар тыңдалып, мəселе жан-жақты…
01.02.23

Аймақтағы барлық деңгейдегі қоғамдық кеңестер өз қызметін дербес жүзеге асырғанымен, өңірдегі өзекті мəселелерді шешу жолында өзара тəжірибе алмасып, байланыс орнатып отырамыз.

Аймақтағы барлық деңгейдегі қоғамдық кеңестер өз қызметін дербес жүзеге асырғанымен, өңірдегі өзекті мəселелерді шешу жолында өзара тəжірибе алмасып, байланыс орнатып…
01.02.23

Облыстық қоғамдық кеңестің былтырғы жұмысы қорытындыланған отырысына аймақ басшысы Нариман Төреғалиев қатысты.

Облыстық қоғамдық кеңестің былтырғы жұмысы қорытындыланған отырысына аймақ басшысы Нариман Төреғалиев қатысты. Жиында өңірдегі өзекті мəселелер көтеріліп, облыс əкіміне бірқатар…
21.01.23

Батыс Қазақстан облысының қоғамдық кеңесінің мүшесі, саясаттанушы Хайдар Қисметұлы Қапанов облыстық «AQJAIYQ» телеарнасының «Дорога жизни» хабарында қонақта болды.

Батыс Қазақстан облысының қоғамдық кеңесінің мүшесі, саясаттанушы Хайдар Қисметұлы Қапанов облыстық «AQJAIYQ» телеарнасының «Дорога жизни» хабарында қонақта болды.
13.01.23

Өкінішке қарай, өңірде құрылысы тұралаған нысандар мен күрделі жөндеу жұмыстары жоспардан ауытқыған жобалар жоқ емес.

Мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру барысында атқарушы құрылымдар мен мердігерлер бірқатар кедергіге кезігетінін де айтып жүр. БҚО қоғамдық кеңесі бұл бағытта…
10.01.23

ЖОСПАР ЖОБАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Батыс Қазақстан облыстық қоғамдық кеңесінің төралқа отырысында консультативтік-кеңесші құрылымның биылғы бірінші жартыжылдыққа арналған жұмыс жоспарының жобасы жан-жақты талқыланды. Сондай-ақ, осы…
Директорға сұрақ қойыңыз
* - Талап етілетін өрістер
[contact-form-7 id="2093" title="Contact form 1 - Kz"]