Ашу
Басты бет Барлық жаңалықтар ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУДЫ КҮШЕЙТУ ЖОЛДАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУДЫ КҮШЕЙТУ ЖОЛДАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

29.11.2022
71

Аймақ басшысы Ғали Есқалиевтың қатысуымен облыстық қоғамдық кеңес жанындағы диалог алаңының отырысы өткізілді. Күн тәртібінде «Қоғамдық бақылауды ұйымдастыру, оның заңды негіздерін және қаржыландыру тетіктерін анықтау туралы» мәселе қаралды. БҚО қоғамдық кеңесінің төрағасы Ербол Салықов ашып, жүргізген іс-шараға облыстық мәслихат хатшысы Бибігүл Қонысбаева, облыстық қоғамдық кеңес мүшелері, үкіметтік емес ұйымдардың көшбасшылары, заңгерлер, мемлекеттік мекеме өкілдері қатысты.

Облыс әкімі Ғали Есқалиев азаматтық қоғамның белсенділігін арттырудың маңыздылығына тоқталды.

– Өздеріңізге мәлім, мемлекет басшысының тапсырмасымен кейінгі 3 жылда бірқатар саяси-экономикалық реформалар жүзеге асырылып жатыр. Өзгерістер қоғамдық бақылау саласын да қамтып отыр. Келесі жылы арнайы заң қабылданады. Жасыратыны жоқ, өңірдегі жол жөндеу, құрылыс жобаларының сапасын қадағалауға мемлекеттік қызметшілердің мүмкіндігі жете бермейді. Осы ретте азаматтық қоғамның белсенділігі керек, – деді өңір басшысы. Ол аймақта қоғамдық қадағалау жұмыстарын қоғамдық бақылауды күшейту және цифрландыру үдерісін дамыту арқылы жандандыруды ұсынды. Осы арқылы жергілікті атқарушы биліктің ашықтығын, есептілігі мен жауапкершілігін арттыруға қоғамның өзі атсалыса алатынын айтты.

Диалог алаңына қатысушылар тақырыпқа қатысты сөз сөйлеп, пікір алысты. Адвокат Мереке Ғабдуалиев ҚР «Қоғамдық кеңестер туралы» заңына былтыр енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың консультативтік-кеңесші, байқаушы құрылымның құзіретін кеңейте түскенін тілге тиек етті.

– Қоғамдық кеңес мүшелері өз қызметін қоғамдық негізде жүргізетіні белгілі. Сондықтан қызығушылық төмен болуы да мүмкін. Осы орайда Қоғамдық кеңестерді қалыптастыратын жұмыс тобы үміткерлер арасында белгілі бір салада мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орындап жүрген үкіметтік емес ұйымдардың өкілдеріне немесе сарапшыларға басымдық берген дұрыс деп ойлаймын, – деді Мереке Тілекұлы. Ол жергілікті қоғамдық кеңес жұмысына мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында білікті сарапшыларды тартуға болатынын, өзі де іс-тәжірибесімен бөлісуге дайын екенін жеткізді. Бұл ойды «Жайық таңы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Гүлбаршын Мұштанова да қолдап, облыстық қоғамдық кеңес жанынан қолданыстағы заң аясында уақытша жұмыс топтары мен комитеттер құрудың, оның сапалық құрамына мән берудің маңыздылығына тоқталды.

«Төмен тұрған әкімшілік-аумақтық бірліктерде қоғамдық бақылауды жүзеге асыру ісінде жергілікті қоғамдастық жиналыстары» тақырыбы бойынша Деркөл кентінің әкімі Жұбан Жұмағалиев пен Теректі ауданына қарасты Ақсуат ауылдық округінің әкімі Жаннұр Ахметов сөз сөйледі. Олар елдімекендегі маңызды іс-шаралар жергілікті қоғамдастық мүшелерінің араласуымен атқарылатынын айтып, жыл өткен сайын азаматтық қоғам өкілдерінің белсенділігі артып келе жатқаны жөнінде нақты мысалдар келтірді. Ауыл-елдің тағдырына немқұрайлы қарамайтын, қоғамдық бақылау жұмыстарын жүзеге асырып жүрген азаматтарды ынталандыру, қошеметтеу туралы ұсыныстар да айтылды. БҚО әділет департаменті басшысының орынбасары Естай Рашқалиев келер жылы қаралатын Заң жобалары бойынша ақпарат берді.

Қоғамдық бақылауды күшейтудің бір тетігі – цифрлық жүйенің әлеуетін тиімді пайдалану. Өңірде QR жүйесі негізінде жұртшылықтың қанағаттану деңгейін өлшеу жобасы жүзеге асырылуда. Бұл туралы облыстық цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Нұрсұлтан Нұрлан баяндады. Оның айтуынша аймақта 14 топқа бөлу арқылы барлғы 3312 мекеме таңдалған. Кері байланыс алгоритмі қарапайым. Алдымен, тұрғын QR сканерлейді, сауалнамадан өтеді және өз тілегін немесе шағымын қалдырады. Ақпарат орталықтандырылған платформаға жіберіледі. Жауапты қызметкерлер ақпаратты өңдейді және қажет болған жағдайда жауап береді. Жауапты мемлекеттік органдардың реакциясы мобильді қосымша немесе көрсетілген байланыс түрі арқылы респонденттерге жіберіледі. Статистика сараптамалық BI платформасына беріледі. Салалар бойынша басшылар үшін талдамалық ақпарат және әкім үшін жеке жиынтық қалыптастырылады. Жоба облыс және аудан әкімдіктерінің облыс тұрғындарының сұраныстары мен тілектеріне жауап беру үдерісін арттыруға және халықтың қызмет көрсету сапасына қанағаттану деңгейін тиімді өлшеуге мүмкіндік береді. Заманауи технология көмегімен атқарылатын бұл жоба диалог алаңы отырысына қатысушылардың қолдауына ие болды.

Жиынға онлайн режимде қатысқан облыс әкімінің кеңесшісі Арбат Рахимбаев мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, ұсыну, мониторингілеу және олардың тиімділігін бағалау тәртібі мәселелері бойынша тақырыптық слайдты таныстырды.

Облыстық қоғамдық кеңес мүшесі, саясаттану ғылымдарының кандидаты Хайдар Қапанов әріптестері тарапынан қолдау тапқан өзінің авторлық жұмысы – «БҚО-да 2025 жылға дейінгі жергілікті өзін-өзі басқару тұжырымдамасын іске асырудың» өңірлік әлеуметтік жобасы туралы айтып, оның бүгінгі тақырыппен де үндесетінін жеткізді. Сондай-ақ, өңірді дамытуға арналған екінші жобасы да өзекті екенін қаперге салды.

Облыстық қоғамдық кеңестің мүшелері Нұрлан Сәдір, Азамат Мусилов және Біржан Кухаев консультативтік-кеңесші, байқаушы құрылымның құқықтық мәртебесін заңнамалық тұрғыда жетілдіруге екпін түсірді. Осы және өзге де азаматтардың ой-пікірін тыңдаған облыс әкімі жергілікті атқарушы билік үшін қоғамдық кеңестердің орны ерекше деді. Аймақ басшысы қоғамдық бақылауға алынатын салалар мен бағыттарды таяу арада қайта нақтылауды ұсынды. Сондай-ақ, сарапшыларды қаржыландыру мәселесін шешуге күш салатынын жеткізді.

Облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Ербол Салықов бүгінге дейін атқарылған іс-шараларға қысқаша шолу жасады. – БҚО Қоғамдық кеңесі қоғамдық бақылау саласындағы өкілеттіктерін ҚР «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының 4 тарауына сәйкес ұйымдастырады. Бұл жұмыстар қоғамдық мониторинг, қоғамдық тыңдау, қоғамдық сараптама және мемлекеттік орган, квазимемлекеттік сектор субъектісі жұмысының нәтижелері туралы есепті тыңдау нысандарында жүзеге асырылады. Сарапшылардың жұмысы үшін ақы төлеуді қарастырған дұрыс, әрине. Бұл туралы заңда да бар. Қазірдің өзінде біздің қоғамдық бақылау іс-шараларына білікті сарапшылар, тиісті сала ардагерлері мен кәсіби мамандар ерікті түрде араласып отырады. Соларды ынталандыра отырып, жұмыс сапасын арттырар едік. Жалпы, бүгін мазмұнды кездесу болды. Қоғамдық кеңестердің шешімдері тек ұсынба ретінде қабылданатыны, типтік ережелерді талқылау және тағы басқа бағытта мәселе аз емес. Олардың бәрін қажетті жеріне айтып, жазудан кенде емеспіз. Бұл мәселелерді жуырда Астанада өткен Қоғамдық кеңестердің ІІІ республикалық Мәжілісінде министрлердің алдында да көтердік, – деді Ербол Ғұмарұлы. Ол уақыт бөліп, азаматтық қоғам өкілдерінің ой-пікіріне назар аударған аймақ басшысына жиналғандар атынан ризашылық білдірді.

09.05.23

Қадірлі батысқазақстандықтар!

Баршаңызды өзімнің және облыстық қоғамдық кеңес мүшелерінің атынан Жеңістің 78 жылдығымен құттықтаймын! Отан үшін от кешкен қаһарман ұрпақтың қайсарлығы мен…
07.05.23

Құрметті батысқазақстандықтар!

Сіздерді Отан қорғаушы күні мерекесімен құттықтаймыз! Қарулы Күштердің қуаты, әскеріміздің әлеуеті арта берсін! Ақылды да білімді, білекті де жүректі Отан…
01.05.23

Қадірлі батысқазақстандықтар!

Баршаңызды Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен құттықтаймыз! Бұл мейрам – достықты дәріптеп, ауызбіршілікті арттыратын, бірлігімізді бекемдеп, ерік-жігерімізді еселейтін ерекше күн….
21.04.23

Қадірлі жерлестер!

Күллі мұсылман қауымы үшін ұлық мерекенің бірі – Ораза айт құтты болсын! Қасиетті Рамазан айындағы барлық дұға-тілек қабыл болғай! Еліміз…
10.04.23

БҚО қоғамдық кеңесінің төралқа отырысында 3 мәселе қаралды.

Жиынға облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Ербол Салықов төрағалық етті. Алдымен облыстық мәслихат аппаратының басшысы Әділ Жоламанов мекеменің «Б» корпусы мемлекеттік…
10.04.23

БҚО қоғамдық кеңесінің мүшесі Біржан Кухаевтың облыстық «Орал өңірі» қоғамдық-саяси газетінде жарияланған пікірі.

БҚО қоғамдық кеңесінің мүшесі Біржан Кухаевтың облыстық «Орал өңірі» қоғамдық-саяси газетінде жарияланған пікірі. #БҚОқоғамдықкеңесі #президентсөзі
05.04.23

БҚО қоғамдық кеңесінің отырысында биылғы бюджетті нақтылау мәселесі қаралды.

БҚО қоғамдық кеңесінің отырысында биылғы бюджетті нақтылау мәселесі қаралды.
24.03.23

БҚО қоғамдық кеңесінің жанындағы аумақтық даму жəне бюджет мəселелері бойынша комиссияның отырысында 2025 жылға дейінгі облыстық бюджет туралы шешімге өзгерістер енгізу мəселесі қаралды.

БҚО қоғамдық кеңесінің жанындағы аумақтық даму жəне бюджет мəселелері бойынша комиссияның отырысында 2025 жылға дейінгі облыстық бюджет туралы шешімге өзгерістер…
21.03.23

ҚАДІРЛІ БАТЫСҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР!

Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – əз Наурызбен құттықтаймыз! Наурыз – жаңа күн, жыл басы. Бұл – ескі жылды ой елегінен…
22.02.23

БҚО қоғамдық кеңесінің төралқа мүшесі Айгүл Есекенованың төрағалығымен консультативтік-кеңесші, байқаушы құрылымның төралқа отырысы өткізілді.

Онда 3 мəселе қаралды. Алдымен «Діни әдебиетті жəне діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы…
17.02.23

БҚО қоғамдық кеңесінің төрағасы Ербол Салықов түрлі салада еңбек етіп жатқан белсенді жастармен жүздесті.

Іс-шараны облыстық қоғамдық кеңестегі жастар мəселелері жəне қоғамдық мониторинг жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Біржан Кухаев ашып, жүргізді. Алдымен жиналғандарға облыстық…
01.02.23

Облыстық қоғамдық кеңес отырысының күн тəртібінде 6 мəселе қаралды.

Соның ішінде облыстық қоғамдық кеңестің мемлекеттік сатып алу аясындағы құрылыс-жөндеу жұмыстарының сапасына жүргізген мониторингінің қорытындысы туралы баяндамалар тыңдалып, мəселе жан-жақты…
01.02.23

Аймақтағы барлық деңгейдегі қоғамдық кеңестер өз қызметін дербес жүзеге асырғанымен, өңірдегі өзекті мəселелерді шешу жолында өзара тəжірибе алмасып, байланыс орнатып отырамыз.

Аймақтағы барлық деңгейдегі қоғамдық кеңестер өз қызметін дербес жүзеге асырғанымен, өңірдегі өзекті мəселелерді шешу жолында өзара тəжірибе алмасып, байланыс орнатып…
01.02.23

Облыстық қоғамдық кеңестің былтырғы жұмысы қорытындыланған отырысына аймақ басшысы Нариман Төреғалиев қатысты.

Облыстық қоғамдық кеңестің былтырғы жұмысы қорытындыланған отырысына аймақ басшысы Нариман Төреғалиев қатысты. Жиында өңірдегі өзекті мəселелер көтеріліп, облыс əкіміне бірқатар…
21.01.23

Батыс Қазақстан облысының қоғамдық кеңесінің мүшесі, саясаттанушы Хайдар Қисметұлы Қапанов облыстық «AQJAIYQ» телеарнасының «Дорога жизни» хабарында қонақта болды.

Батыс Қазақстан облысының қоғамдық кеңесінің мүшесі, саясаттанушы Хайдар Қисметұлы Қапанов облыстық «AQJAIYQ» телеарнасының «Дорога жизни» хабарында қонақта болды.
13.01.23

Өкінішке қарай, өңірде құрылысы тұралаған нысандар мен күрделі жөндеу жұмыстары жоспардан ауытқыған жобалар жоқ емес.

Мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру барысында атқарушы құрылымдар мен мердігерлер бірқатар кедергіге кезігетінін де айтып жүр. БҚО қоғамдық кеңесі бұл бағытта…
10.01.23

ЖОСПАР ЖОБАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Батыс Қазақстан облыстық қоғамдық кеңесінің төралқа отырысында консультативтік-кеңесші құрылымның биылғы бірінші жартыжылдыққа арналған жұмыс жоспарының жобасы жан-жақты талқыланды. Сондай-ақ, осы…
Директорға сұрақ қойыңыз
* - Талап етілетін өрістер
[contact-form-7 id="2093" title="Contact form 1 - Kz"]