Ашу
Басты бет Барлық жаңалықтар ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС МҮШЕЛЕРІ ҚЫРАҒЫЛЫҚТЫ ТАЛАП ЕТТІ

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС МҮШЕЛЕРІ ҚЫРАҒЫЛЫҚТЫ ТАЛАП ЕТТІ

30.09.2022
108

Ресей Федерациясында жарияланған ішінара мобилизациядан кейін көрші елдің 5 облысымен шектесіп жатқан аймағымызға келушілер саны күрт артты. Бұл үрдіс ел-жұрттың алаңдаушылығын туғызды. Осыған орай облыстық Қоғамдық кеңестің бүгінгі отырысы қалыптасқан жағдай жөнінде нақты деректерді білу және бұл бағытта атқарылып жатқан іс-шаралармен танысу мақсатында өткізілді. Облыстық Қоғамдық кеңестің төрағасы Ербол Салықов төрағалық еткен жиынға облыстық мәслихат хатшысы Бибігүл Қонысбаева, облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов, құзырлы құрылымдардың басшылары, сондай-ақ қоғам белсенділері қатысты.

Отырыс барысында БҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы Дулат Малаев, ҚР ҰҚК ШҚ БҚО бойынша департаментінің аға консультанты Саламат Кенжеғұлов, БҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Ернар Сұлтанғалиев хабарлама жасады.

Облыстық Қоғамдық кеңес мүшелері халықтың көкейінде жүрген сауалдарды жолдап, күн тәртібіндегі мәселені жан-жақты талқыға салды. Қоғам өкілдері ең алдымен құзырлы құрылымдардың қырағылығын күшейтуді қаперледі. Көрші елде ішінара жұмылдыру жарияланған сәттен, яғни 21 қыркүйектен бері елге келушілер туралы толыққанды мәлімет жасақтаудың маңыздылығы айтылды. Бұл ретте, облыстық Қоғамдық кеңес мүшелерінің пікірінше, аймаққа келген шетел азаматтарын арнайы есепке алу жұмысын жүйелі ұйымдастыру қажет.

– Дерекқорда жеке тұлғалардың денсаулық жағдайы, соттылығы туралы да нақты ақпарат болғаны дұрыс. Бұдан бөлек шекара шебінде жұмысты ширатып, шетел азаматтарының жеке ұстанымын, геосаяси жағдайға байланысты қалыптасқан түсінігін, интернет кеңістігіндегі көзқарасын да шолып шыққан артық болмайды. Ниет-пиғылы жат, мемлекеттік мүддемізге қайшы, ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіретіні анықталса, мұндай шетелдіктердің шекарадан аттап басуына мүмкіндік бермеу керек, – дейді облыстық Қоғамдық кеңестің мүшелері.

Облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов аймақтағы ахуалды жергілікті атқарушы құрылым жан-жақты қадағалап отырғанын жеткізді.

– Осыған дейін облыс әкімінің төрағалығымен шекара мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің 3 отырысы өткізіліп, күштік құрылымдар мен мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар берілді. Әрине, аймақта тіркелген РФ азаматтарының саны шекара асқандардан әлдеқайда аз. Себебі, басым бөлігі өңір аумағын транзиттік бағытта пайдаланып отыр. Аймақ басшысы тапсырған маңызды мәселенің бірі – Ресеймен шекарадағы Қазақстан азаматтарын қайтару. Күні кеше өткен үйлестіру кеңесінің отырысында осы мәселені шешу бойынша облыс әкімі атынан Үкіметке ұсыныстар жолданды. Қалыптасқан жағдайға байланысты қоғамдық кеңес мүшелерінің талап-тілектері де орынды, баршамызға қырағылық пен ауызбіршілік қажет. Біз үшін жерлестеріміздің қауіпсіздігі мен көңіл-күйі бірінші орында. Көп ұзамай жағдай оңалар деп сенейік, – деді Бақытжан Хаберұлы.

Отырысты қорытындылаған облыстық Қоғамдық кеңестің төрағасы Ербол Салықов құзырлы құрылымдарға тиісті ұсынымдар жолданатынын жеткізіп, азаматтық ұстанымын танытқан қоғам белсенділеріне ризашылығын білдірді.

30.11.23

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Кеше Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңестің отырысы оздырылды. Кеңес отырысын төраға Е.Салықов жүргізіп, жиынға 23 облыстық Қоғамдық кеңестің мүшелерімен, облыс…
30.11.23

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕ ҮШ МӘСЕЛЕ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Облыстық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өткізілді. Күн тәртібінде өзекті мәселелер, атап айтқанда 2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджет пен ҚР Әлеуметтік…
21.11.23

Болашаққа басталған қадамдар жүзеге асуда

2019 жылдың 19 наурызында Н.Назарбаев Қазақстан Республикасы Президенті өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдады. Мемлекет басшысының міндетін атқару ҚР Парламенті сенатының…
17.11.23

Құрметті Ауыл шаруашылығының азаматтары, барша әріптестер!

Сіздерді Қазақстан Республикасында қарашаның үшінші жексенбісінде атап өтілетін еліміздің Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күнімен өзімнің және облыстық Қоғамдық кеңес мүшелерінің атынан…
19.10.23

«МӘЖІЛІСТІҢ ЕСІГІ ӘРДАЙЫМ АШЫҚ»

«Біз өз тарапымыздан азаматтық қоғам өкілдерімен, үкіметтік емес ұйымдармен тығыз жұмыс істеп келеміз. Мәжілістің есігі сіздерге әрдайым ашық. Қоғамның барлық…
18.10.23

«Бүгінгі алқалы жиынның аясы кең.

Біз халықаралық деңгейде диалог алаңын ұйымдастыру арқылы жан-жақты пікір алысамыз». Дәстүрлі форумда сөз алған Қазақстанның Азаматтық Альянсының президенті Бану Нұрғазиева…
18.10.23

ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің орынбасары Данияр Қадыров форумның ашылуымен құттықтап, сәттілік тіледі.

– Елімізде азаматтық қоғамның әлеуетін арттыру мақсатында кешенді іс-шаралар қолға алынды. Бұл форумның алдында барлық аймақта жиындар өткізіліп, нақты ұсыныстар…
18.10.23

«Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін – азаматтық қоғам дамуының басты бағыты

Астана қаласында «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін – азаматтық қоғам дамуының басты бағыты» атты Қазақстанның Азаматтық форумы басталды. Биыл…
13.07.23

«БАЙҚАУЛАРҒА ӨЗГЕ ӨҢІРЛЕР ҚАТЫСПАСЫН!»

Қазақстанның Азаматтық Альянсы қауымдастығының президенті Бану Нұрғазиевамен кездесуде Орал қалалық қоғамдық кеңесінің мүшесі Светлана Тенишева әлеуметтік тапсырыстарға қатысты ұсыныс білдірді….
13.07.23

«ҰРЫС ҚИМЫЛДАРЫНА ҚАТЫСҚАНДАРҒА ҚОЛДАУ КЕРЕК»

Қазақстанның Азаматтық Альянсы қауымдастығының президенті Бану Нұрғазиевамен кездесуде облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі Мәрлен Иманғалиев Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілген ұрыс…
13.07.23

«ҰСЫНЫСТАР ҰМЫТЫЛМАСА ДЕЙМІЗ»

Қазақстанның Азаматтық Альянсы қауымдастығының президенті Бану Нұрғазиевамен кездесуде облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі Азамат Мусилов жергілікті атқарушы құрылымдардың жұмысын сынға алды….
13.07.23

ӘЛЕУМЕТТІК ТАПСЫРЫСТЫҢ ӘЛЕГІ КӨП

Қазақстанның Азаматтық Альянсы қауымдастығының президенті Бану Нұрғазиевамен кездесуде облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі, «Тұғырым» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Айнұр Арыстанова қоғамдық ұйымдарға…
13.07.23

Жаңалық

«Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар байқауына үкіметтік емес ұйымдармен қатар өзге де ірілі-ұсақты бірлестіктер, тіпті пәтер иелері кооперативтері де қатыса алады. Біздің…
08.06.23

Баптистер заңға неге бағынбайды?..

Жуырда облыстық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Бұл жиында қоғам белсенділері өңірдегі діни ахуалды және облыс әкімдігі-нің мемлекеттік қызмет, білім,…
01.06.23

Ескі жылдың есебі түйінделді

Қоғамдық кеңестің кезекті отырысында 2022 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы туралы есеп тыңдалды. Облыс әкімінің орынбасары Тілепберген Қаюповтың баяндауынша, бюджеттік түсімдер…
Директорға сұрақ қойыңыз
* - Талап етілетін өрістер
[contact-form-7 id="2093" title="Contact form 1 - Kz"]