Бұл туралы БҚО Қоғамдық кеңесінің төрағасы Ербол Салықов Астана қаласында өтіп жатқан Қоғамдық кеңестердің ІІІ республикалық Мəжілісінің пленарлық отырысында айтты. Ол жуырда «Жария» тәуелсіз байқаушылар ұйымының өтініші негізінде ұйымдастырылған диалог алаңының алғашқы нəтижелеріне тоқталды.
— Ашық алаңда айтылған ой-пікір, ұсыныс-тілек ескерілді. Облыстық аумақтық сайлау комиссиясына өңірдегі барлық сайлау комиссиясы мүшелерін оқытуды сапалы ұйымдастыру, оқыту және тестілеуден өткізу кезінде байқаушылардың қатысуын қамтамасыз ету, сайлау учаскелерін бейнебақылау камерасымен жабдықтау жəне тағы басқа нақты ұсынымдар жолданды. Бұл — мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан» орнату жолындағы саясатына сенімді тірек болуға ұмтылған билік пен қоғамның ортақ ісі. Сондықтан Қоғамдық кеңестер саяси додалардағы әділеттілік үшін аянбай атсалысқаны абзал, — деді Ербол Ғұмарұлы.