Ашу
Басты бет Барлық жаңалықтар ҚОҒАМДЫҚ МОНИТОРИНГ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: ОБЛЫС ОНЫНШЫ ОРЫНДА

ҚОҒАМДЫҚ МОНИТОРИНГ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: ОБЛЫС ОНЫНШЫ ОРЫНДА

28.05.2022
153

БҚО Қоғамдық кеңесінің кеңейтілген отырысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО департаменті басшысының міндетін атқарушы Аманқос Жұбаныш былтыр мемлекеттік қызмет көрсету сапасына жүргізілген қоғамдық мониторингтің қорытындысы туралы баяндады. Еліміздің барлық 17 өңірін қамтыған сауалнама нәтижесінде Батыс Қазақстан облысы оныншы орынға тұрақтаған. Аманқос Сағынұлының сөзінше уәкілетті мемлекеттік органдарға бірнеше ұсынымдар берілген. Атап айтқанда, электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтер «бір терезе» қағидатына толық сәйкес келуі және әкімшілік кедергілер мен бюрократияға жол берілмеуі тиіс. Өйткені, өтінімді берудің өзі электрондық болғанымен, кейбір жағдайларда қызмет алушы мемлекеттік органға аяқтай баруға тура келеді. Тағы бір маңызды ұсыным – халыққа қызмет көрсету орталықтарын заңды тұлғалардың мемлекеттік баж төлеуі үшін көшіру аппараттарымен, сканерлермен, терминалдармен және түскі үзіліссіз жұмыс істейтін кассалармен жабдықтау. Айта кетейік, облыстық Қоғамдық кеңес мүшелері де бұл мəселеге ерекше назар аударуды сұрады. «Азаматтарға арналған Үкімет» МК КЕАҚ БҚО бойынша филиалы директорының орынбасары Асқар Кожумов шілде айына дейін бұл жұмыстар реттеледі деп сендірді.

Баяндамашы Аманқос Жұбаныш бұдан əрі жергілікті атқарушы органдар тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің проблемалық түрлерін жіпке тізді. Оның айтуынша, тұрғындар тарапынан жиі сынға ұшырайтындардың қатарында мұрағаттық анықтамалар, құжаттар немесе үзінділерді беру, инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау және жер қатынастары саласына қатысты қызмет түрлері «көш бастап» тұр. «Қоғамдық мониторинг қорытындысы бойынша 2020 жылы да облыс оныншы орында болған. Дегенмен, ол кезде респонденттердің мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына қанағаттану деңгейі 77,7 пайыз болса, былтыр бұл көрсеткіш 81,6 пайызды құрап отыр», – деді Аманқос Сағынұлы.

ИНТЕРНЕТ САПАСЫ СЫН КӨТЕРМЕЙДІ

Отырыс кезінде БҚО ақпараттандыру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және архивтер басқармасының басшысы Нұрсұлтан Нұрлан қосымша сөз сөйлеп, байланыс операторларының қызметі туралы қысқаша ақпарат берді. Оған БҚО Қоғамдық кеңесінің мүшесі Азамат Мусилов сұрақ жолдады. «Жасыратыны жоқ, елімізде, өзіміздің өңірде интернет сапасы сын көтермейді. Көп мысалдың бірін келтірейін, Жаңақала мен Қарасу елдімекендерінің арасы қашық дей алмаймыз. Қос ауылда да мұнаралар қойылғанымен, екі ортада интернет мүлдем жоқ. Ал, шалғайдағы шекара шебіндегі ауылдарға бара қалсаңыз, ең алдымен көрші елдің «қош келдіңіз» деген SMS хабарламасын оқисыз. Бұл – ауыл-елдімекендердегі жағдай, қаланың өзінде де интернеттің игілігін сезіне алмай отырған салалар бар. Мәселен, денсаулық сақтау саласында интернет сапасына байланысты іркілістер болатынын көз көріп, құлақ естіп жүр. Құзырлы министрлік мәселеге мықтап бас ауыртуы тиіс, өздеріңіз де ширақ қимылдасаңыздар екен», – деді Азамат Қанатұлы.

БҚО Қоғамдық кеңесінің мүшесі Айнұр Арыстанова да әріптесінің сөзін қостап, бұл бағыттағы жұмысты жүйелеу қажеттігін тілге тиек етті. «Білім саласын алсақ, осыған дейін балаларды балабақшаға тіркеу INDIGO жүйесі арқылы іске асқанымен, ақыр аяғында сайт бұғатталып, қоғам арасында түсініспеушілік туындады. Ата-аналар абдырап қалды. Емханаларда да сол жағдай. Былтыр басқа бағдарлама, биыл басқа. Салдарынан өткен жылғы тексеріс қорытындыларын таппай қалып жатырмыз», – деді Айнұр Серікқызы. Айта кетейік, білім саласы бойынша аталған жұмыстар бәсекелік ортаға беріліп, ашық конкурс жарияланған. Оның нәтижесінде жеңімпаз INDIGO бағдарламасындағы мәліметтерді қайтарып, құжат айналымы 23 мамырда қалпына келтірілген. Дегенмен, саладағы осындай түйткілді мәселелер қайталанған сайын қоғамның наразылығы күшейетіні сөзсіз.

БҚО Қоғамдық кеңесінің төрағасы Ербол Салықов мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің өз деңгейінде болмауы көп жағдайда осы интернет сапасымен тікелей байланысты екенін жеткізді. «Білім, денсаулық сақтау салаларындағы жағдайды айтып отырмыз. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге жауап беретін басқарма үйлестіруші орган ретінде салалық сайт, жүйе, бағдарламаның бәрін бір сүзгіден өткізіп, алдын ала реттесе болмай ма? Ең болмаса, ұсынымдарыңызды айтып, жүйелеуге септесуге болатын шығар. Сапа қадағаланбаған жерде он жерден жаңашылдық болса да пайдасы шамалы. Пандемия кезеңінде «онлайн өмірге» көшкенімізде әсіресе ауыл балалары қалай қиналғанын көрдік. Бәрін тез ұмытып кетпейік. Сабақ алып, сапаға жұмыс істеу керек. Басты ұстанымдарыңыз осы болу керек деп ойлаймын», – деді Ербол Ғұмарұлы.

Кеңейтілген отырыста халыққа қызмет көрсету орталығындағы мамандардың, бірыңғай орталық операторларының біліктілігі, мүмкіндігі шектеулі жандарға қолжетімділік қақында да бірқатар мәселе көтерілді.

Жиынды қорытындылаған Ербол Ғұмарұлы БҚО Қоғамдық кеңесі ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО департаментімен бірлесіп мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасын анықтау мақсатында қоғамдық бақылау іс-шараларын жандандырудың маңыздылығына тоқталды.

09.05.23

Қадірлі батысқазақстандықтар!

Баршаңызды өзімнің және облыстық қоғамдық кеңес мүшелерінің атынан Жеңістің 78 жылдығымен құттықтаймын! Отан үшін от кешкен қаһарман ұрпақтың қайсарлығы мен…
07.05.23

Құрметті батысқазақстандықтар!

Сіздерді Отан қорғаушы күні мерекесімен құттықтаймыз! Қарулы Күштердің қуаты, әскеріміздің әлеуеті арта берсін! Ақылды да білімді, білекті де жүректі Отан…
01.05.23

Қадірлі батысқазақстандықтар!

Баршаңызды Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен құттықтаймыз! Бұл мейрам – достықты дәріптеп, ауызбіршілікті арттыратын, бірлігімізді бекемдеп, ерік-жігерімізді еселейтін ерекше күн….
21.04.23

Қадірлі жерлестер!

Күллі мұсылман қауымы үшін ұлық мерекенің бірі – Ораза айт құтты болсын! Қасиетті Рамазан айындағы барлық дұға-тілек қабыл болғай! Еліміз…
10.04.23

БҚО қоғамдық кеңесінің төралқа отырысында 3 мәселе қаралды.

Жиынға облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Ербол Салықов төрағалық етті. Алдымен облыстық мәслихат аппаратының басшысы Әділ Жоламанов мекеменің «Б» корпусы мемлекеттік…
10.04.23

БҚО қоғамдық кеңесінің мүшесі Біржан Кухаевтың облыстық «Орал өңірі» қоғамдық-саяси газетінде жарияланған пікірі.

БҚО қоғамдық кеңесінің мүшесі Біржан Кухаевтың облыстық «Орал өңірі» қоғамдық-саяси газетінде жарияланған пікірі. #БҚОқоғамдықкеңесі #президентсөзі
05.04.23

БҚО қоғамдық кеңесінің отырысында биылғы бюджетті нақтылау мәселесі қаралды.

БҚО қоғамдық кеңесінің отырысында биылғы бюджетті нақтылау мәселесі қаралды.
24.03.23

БҚО қоғамдық кеңесінің жанындағы аумақтық даму жəне бюджет мəселелері бойынша комиссияның отырысында 2025 жылға дейінгі облыстық бюджет туралы шешімге өзгерістер енгізу мəселесі қаралды.

БҚО қоғамдық кеңесінің жанындағы аумақтық даму жəне бюджет мəселелері бойынша комиссияның отырысында 2025 жылға дейінгі облыстық бюджет туралы шешімге өзгерістер…
21.03.23

ҚАДІРЛІ БАТЫСҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР!

Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – əз Наурызбен құттықтаймыз! Наурыз – жаңа күн, жыл басы. Бұл – ескі жылды ой елегінен…
22.02.23

БҚО қоғамдық кеңесінің төралқа мүшесі Айгүл Есекенованың төрағалығымен консультативтік-кеңесші, байқаушы құрылымның төралқа отырысы өткізілді.

Онда 3 мəселе қаралды. Алдымен «Діни әдебиетті жəне діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы…
17.02.23

БҚО қоғамдық кеңесінің төрағасы Ербол Салықов түрлі салада еңбек етіп жатқан белсенді жастармен жүздесті.

Іс-шараны облыстық қоғамдық кеңестегі жастар мəселелері жəне қоғамдық мониторинг жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Біржан Кухаев ашып, жүргізді. Алдымен жиналғандарға облыстық…
01.02.23

Облыстық қоғамдық кеңес отырысының күн тəртібінде 6 мəселе қаралды.

Соның ішінде облыстық қоғамдық кеңестің мемлекеттік сатып алу аясындағы құрылыс-жөндеу жұмыстарының сапасына жүргізген мониторингінің қорытындысы туралы баяндамалар тыңдалып, мəселе жан-жақты…
01.02.23

Аймақтағы барлық деңгейдегі қоғамдық кеңестер өз қызметін дербес жүзеге асырғанымен, өңірдегі өзекті мəселелерді шешу жолында өзара тəжірибе алмасып, байланыс орнатып отырамыз.

Аймақтағы барлық деңгейдегі қоғамдық кеңестер өз қызметін дербес жүзеге асырғанымен, өңірдегі өзекті мəселелерді шешу жолында өзара тəжірибе алмасып, байланыс орнатып…
01.02.23

Облыстық қоғамдық кеңестің былтырғы жұмысы қорытындыланған отырысына аймақ басшысы Нариман Төреғалиев қатысты.

Облыстық қоғамдық кеңестің былтырғы жұмысы қорытындыланған отырысына аймақ басшысы Нариман Төреғалиев қатысты. Жиында өңірдегі өзекті мəселелер көтеріліп, облыс əкіміне бірқатар…
21.01.23

Батыс Қазақстан облысының қоғамдық кеңесінің мүшесі, саясаттанушы Хайдар Қисметұлы Қапанов облыстық «AQJAIYQ» телеарнасының «Дорога жизни» хабарында қонақта болды.

Батыс Қазақстан облысының қоғамдық кеңесінің мүшесі, саясаттанушы Хайдар Қисметұлы Қапанов облыстық «AQJAIYQ» телеарнасының «Дорога жизни» хабарында қонақта болды.
13.01.23

Өкінішке қарай, өңірде құрылысы тұралаған нысандар мен күрделі жөндеу жұмыстары жоспардан ауытқыған жобалар жоқ емес.

Мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру барысында атқарушы құрылымдар мен мердігерлер бірқатар кедергіге кезігетінін де айтып жүр. БҚО қоғамдық кеңесі бұл бағытта…
10.01.23

ЖОСПАР ЖОБАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Батыс Қазақстан облыстық қоғамдық кеңесінің төралқа отырысында консультативтік-кеңесші құрылымның биылғы бірінші жартыжылдыққа арналған жұмыс жоспарының жобасы жан-жақты талқыланды. Сондай-ақ, осы…
Директорға сұрақ қойыңыз
* - Талап етілетін өрістер
[contact-form-7 id="2093" title="Contact form 1 - Kz"]